Дескриптор:
мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды (0,5 балл);
проблемалық сұрақтар құрастырады (0,5 балл);
мәтіндегі есімше мен көсемшені теріп жазады (1 балл).
Жазылым тапсырмасы (3 балл)
Оқу мақсаты:
Ж4. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)
Тапсырма.
Тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасыңызды білдіріп, дискуссивті эссе жазыңыз (120-130 сөз).
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан...
Сауал:
Сіз бүгінгі таңдағы достық қарым-қатынасқа қандай баға бересіз?
Дескриптор:
− эссе құрылымын сақтайды (1 балл);
− тақырып эссенің өн бойынан көрініс табады (0,5 балл);
− өзіндік көзқарасын білдіреді (0,5 балл);
− мәселенің шешу жолын ұсынады (0,5 балл);
− орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады, сөз санын сақтайды (0,5 балл);
7-СЫНЫП
Дағды
|
Төмен көрсеткіш (1-2 балл)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |