Бесік және қамшы жасау техналогиясы.
Бексік.
Қай халықтың өнеріне, мәдениетіне байыпты көз салсақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда соның бірі бесік жасау өнері. Бұл өнер қазақ халқының өмір тіршілігінен айырықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып келе жатыр. Сонау ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында неғұрлым кең тараған өнеріміздің түрі-бесік. Бесік-баланы жатқызуға арналған төсек. Бесік көшпелі халықтардың: қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр халықтарында кең қолданылған.
Бесік-көшелі халыққа өте ыңғайлы және жеңіл болған. Бесіктің балаға пайдасы жылы, құрғақ әрі таза болады. Қазақта «Бесік баласы бес түлейді» деп бекер айтылмаған.
«Бесік жыры» халқымыздың өте ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі. Бесік жыры баланың бойына: біріншіден, баланы уатады, екіншіден, баланы келешекке батырлыққа, ақындыққа, ержүректікке, шеберлікке баулиды.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын орнымен пайдалану бүгінгі күн үшін маңызды.
Ал біз бесік жасау барысында оған қосалқы бөлшектер еңгізіп, ауқымды, әрі кең мағыналы етіп, үлкен шығармашылық мәні бар жоба ұсынбақшымыз. Қарапайым ағаш бөлшегінен жасалатын әдемі бұйымның жасалу жолдарына кірісейік. Бұл жұмыс бірнеше кезеңдерден тұрады.
1-кезең. Ағаш таңдау. Оны ағаш жонатын станокқа ыңғайлап кесу, сүргілеп, шабу.
2-кезең. Станоұқа дайындаманы орнатып, сызба бойынша бесік өлшемін сақтай отырып жону.
3-кезең. Дайындаманы ағаш верстагына қосып, екі жағын кесіп, көлденеңнен ортасынан бөлу.
4-кезең.. Бесіктің қосалқы бөліктерін желім арқылы құрастыру.
5-кезең. Бесікті оюмен әшекелеу.
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудаң болуы мүмкін.
Жұмысқа дейін:
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).
Жұмысқа қажетті құрал-саймандарды түгендеп, мұқият тексер (версактың қысқыш қораптарын, тіреуіш және сыналарын т.б)
Жұмыс орныңды, саймандарынды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орнында артық ешнәрсе тұрмасын.
Жұмыс кезінде
Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт
Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандардың қайралған әрі жарылмаған болсын.
Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (кесу, жону, тесу, біріктіру т.б.) өзіне тиісті құралдарды пайдалана атқар.
Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдама
Құра-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.
Жұмыстан кейін
Жасап жатқан бұйымыңды, материалды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
Өзіңді ретке келтір. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.
Бесікке қажет бөлшектер
Бұйым Аты Саны Материал Өлшемі
1 Табан 2 Ағаш 460х35х25
2 Тіреу 4 Аңаш 530х40х25
3 Жатын сөресі 1 Ағаш 720х290х12
4 Басқа аяқты төменгі жақтауы 2 Ағаш 310х40х25
5 Жоғарғы жақтауы 1 Ағаш 310х26х25
6 Жақтау тіреулері 2 Ағаш 155х15х10
7 Төменгі қаптаулы тіреу 2 Ағаш 720х25х15
8 Жоғарғы қаптаулы тіреу 2 Ағаш 720х36х15
9 Тұтқа 1 Ағаш 720х26х22
10 Тұтқа тіреуі 2 Ағаш 310х55х25
11 Жапқаш тіреуі 2 Ағаш 10х45
Қамшы
Ел-жұртымыздың мәдени-тұрмысы мен рухани зердесінде кәдімгі қамшымыз ерекше орын алып келген. Бұл күндері оған тереңірек ой жіберсек, осы бір шағын ғана дүниенің атқарар қызметі сан алуан.
Ауылда өскен әрбір қара домалақ қазақ атқа мінбес бұрын қамшыны қолға алады. Мейлі, қолға алмағанның өзінде үй төрінде ілулі тұратын осы бір бұйымның атауының нені білдіретінін білеміз бе?
Қамшы сөзінің шығу тегі туралы бірнеше нұсқалар айтылады. «Қамшы» сөзіндегі «қам» түбірі қазақ тілінде бірнеше ұғымға ие. Қам – шикі, шылғи, шала, қам-қарекет, қимыл, айла, тәсіл, амал, қам-уайым, қайғы, қамығу, қам-қамдану, әзірлену, даярлану. Қамшы өрімі иленбеген шикі, шылғи теріден де өріле беретіндіктен әрі кейде бір ұғым беретін осы сөздер қосарлана айтыла беретіндіктен: қам – шикі, қамшы, қам – шылғи-қамшы түрінде қамшы сөзі қалыптасты деген тұжырымдар бар. Нағыз қамшы әбден иленген сиыр терісінен 3 таспадан 40 таспаға дейін өріледі. Таспа неғұрлым көбейген сайын жіңішкере береді, әрі ажарлана, күрделене түседі. Бір қызығы, дәл осы өрімге байланысты қамшының бірнеше түрі, яғни, бірнеше атауы бар.
1. Сүндет қамшы. Атадан – балаға, баладан – немереге, немереден –
шөбереге, шөбереден – неменеге жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша баланы сүндетке отырғызғанда оған тума – туыстары сыйлайтын тобылғы сапты 4 тұтам қамшы.
2. Бәйге қамшы. Ұзындығы 4 тұтам, сабының жуандығы шынашақтай
қамшы.
3. Көкпар қамшы. Қамшының тобылғы сабының ұзындығы 3 тұтам, және жуан болған.
4. Дойыр қамшы. Дойыр қамшының тобылғы сабының ұзындығы 5 тұтам. Сабы мен өрімі жуан болады.
5. Неке қамшы. Неке қамшының сабы қызбалаға еліктің сирағынан жасалынған. Атақты шеберлер әшекейлеп, қымбат тастармен көмкерген.
6. Баптау қамшы. Асауды үйретуге арналған.
Мәселен, ат қамшы, дыр қамшы, дырау қамшы, дойыр қамшы, дүре қамшы, ұзын қамшы, шолақ қамшы, сары ала қамшы, білеу қамшы, орама санды қамшы, мүйіз сапты қамшы, киелі қамшы, қасиетті қамшы, тобылғы санды қамшы, шашақты қамшы, бала қамшы, құрау қамшы, шыбыртқы қамшы. Шеберлер бұл бұйымның басына күміс, жез, тері секілді мойнақ салады. Осы қасиетіне орай, күміс мойнақ, жез мойнақ, сара ала мойнақ, ақ мойнақ қамшы деген түрлері бөлініп шығады. Білекке, ер басына, керегеге іліп қою үшін саптың дүм жағынан бір тұтамдай қалдырып, тесіп, қайыстан бүлдірге өткізеді.
Қамшы әбден иленген сиыр терісінен өріледі. Жәй өріп қана қоймай, оны өнер көзімен, шебер қолымен, өте жоғары талғам-талаппен қырлап, көркемдеп, таңдай қақтырарлық ұқыптылықпен өнерлеп өрген. Қамшы 3 таспадан 40 таспаға дейін өріледі.
Қамшы екі үлкен бөліктен құралады, ол өрімі және сабы және бірнеше құрамнан, ол құрам бірнеше қызықты әрі күрделі атаулардан тұрады. Мысалы: өрім, сап, бас, дүм, алақан, бүлдірге, орам, кежеге, шежемей, айдар, мойнақ, бүркеншік, бунақ, бауыр, шашақ, өзек, түйін, шығыршық, топшы, түйнек.
Өрім мен алақанның қосылған жері – шежемей. Шежемей үстінен түйнектеп қайыс шашақ тағылады.
Қамшы өру ісі өрімнен басталады, оның атауы мен сапасы осыған байланысты болады. Мысалы: төрт таспа, жиырма таспа, отыз таспа т.б.
Қамшы Сап: тобылғыдан, ырғайдан, еліктің, киіктің сирағынан, мүйізінен, барынша әсемделіп таутеке мүйізінен жасалады.
Өрім түрлеріне келсек: Үш өрімнен бастап қырық өрімге дейін өрілген.
1.Үш не төрт өрім. Ол қайыстан өрілген, бәйге қамшыға қолайлысы.
2. Алты өрім. Осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан түс!» деп өрімшілер көп айтатын.
3. Сегіз өрім, төрт қырлы. Бұл мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған.
4. Он екі өрім. Сәндікке лайықты қамшыда пайдаланылады.
5. Қырық өрім.Оған тарамыс қолданылады.Өрімшілер арасында қайыс таспадан қырық өрімді де жасағандар болған.
Өрім технологиясы.
Иленген теріні үш елі етіп кеседі,ұзындығын оның саласына қарай сыдырғыдан өткізеді,жалпақтығын,енін,қалыңдығын реттейді. Осындағы сыдырғыны үш тұтам тобылғыдан жасап алады. Өрім әбден дайын болғанда оған алақан жасайды, ол тобылғы сапты, қамшыға бауырмен өрілуге тиісті. Бауырын тобылғыға орап ұстатқан қамшының атауы—«Қазақтың ала қамшысы».Онда алақанның екі –үш түрі болады, және түзу де жылан бас етіп жасалады.
Енді қамшы туралы тағы да мынадай деректерге назар аударайық.
Қамшы туралы мақал-мәтелдер:
1.Қамшысының ұшын да бермеді. Бұл «болыспады», «жәрдемдеспеді», «жамандық, опасыздық істеді», -деген мағынаны білдіреді.
2.Басына (төбесіне) қамшы үйірді (ойнатты). Мағынасы: Қорқытты, сабауға ыңғайланды, қорлық,зорлық көрсетті, басынды.
3.Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты. Бұл сөз «даудың себебі әр қилы, бірақта шешімі не «ақ», не «қара» болады» деген ойды меңзейді
4.Қамшысын білемдеді. Қамшысының сабы мен өрімін қосып, екі бүктеп ұстауды бейнелейді. Мағынасы: қыр көрсетті, жұдырық көрсетті,қоқаңдады, кіжінді.
5.Қамшы түтеді. «Қамшы жауып кетті», «Соққылаған қамшы жауды» деген мағынаны білдіреді.
Қамшы салт-дәстүрде:
· Халқымызда «қамшы қайтару» деген салт бар. Дәстүр бойынша қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі,не болмаса сол келушілердің басшысы т.б) қыз үйінің төріне іліп кеткен. Егер қыз әкесі келісімін бермесе,көп ұзамай қамшыны иесіне қайтарып беріп жіберген.
· Қазақтың салт-дәстүрінде қамшыны ұстау мен қолданудың тәрбиелік мәні, өзіндік ережелері мен жөн-жосықтары болған. Мысалы, жайшылықта қамшыны екі бүктеп ұстайды. Қамшы өрімін салбыратып ұстау дұшпандық, әдепсіздік белгісі деп қаралған.
· Жол, жөн көрсеткенде де саусақпен емес, қамшымен нұсқаған.
· Қамшы әрқашан оң қолға ұсталады.
Қамшы өнер көрсету құралы ретінде:
· Ертеректе қазақта «Қамшы ойыны» атты күрделі спортттық ойын болған. Сонымен бірге қазақ даласында кең тараған қамшыгерлік өнері де болған. «Қамшы ойыны» төрт жағынан керілген өгіз терісін қамшыменен бір тартқанда тіліп түсіру. Бұл білек күшімен қамшының мықтылығын білдіреді.
· Адамдар қамшының көмегімен өнер көрсеткен.
· Өнері дегеніміз – шеберлік те, ақындық та, сөз сайысы да қамшысыз өтпеген. Өйткені сөз сұрағанда қамшы тасталған.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.
Реферат
Тақырыбы:Бесік және қамшы жасау технологиясы.
Орындаған: Сыдықов М.
Қабылдаған: Сарыбаев Ғ.
Шымкент 2022ж
Достарыңызбен бөлісу: |