Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


Марганец (II) иондарының реакциялары



бет26/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Аналитикалық химия методичка

7.5 Марганец (II) иондарының реакциялары
7.5.1 NaOH, KOH әсері.

Реакцияның орындалуы

Марганец (II) тұзының ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып, ақ тұнба түзілгенін байқау. Марганец (II) катионы сілтілермен ақ түсті тұнба түзеді. Марганец (II) гидроксиді қышқылдарда еруін тексер.
7.5.2 NH4OH әсері.

Реакцияның орындалуы

Марганец (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 мл сондай мөлшерде аммиак ерітіндісін қосады. Аммиак ерітіндісінің әсерінен марганец (II) гидроксиді тұнбаға түседі:
7.5.3 (NH4)CO3, K2CO3, Na2CO3 әсері.

Реакцияның орындалуы

Mn (II) ерітіндісінің 2-3 тамшысына осынша тамшы натрий (калий, аммоний) карбонаты ерітіндісін қосып, қасиеттерін зерттеу.

Карбонат иондарымен ақ түсті марганец (II) карбонатын түзеді. Марганец (II) карбонаты қышқылдарда жақсы ериді.


7.5.4 Na2HPO4 әсері.

Реакцияның орындалуы

Марганец (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы аммиак ерітіндісін (рН сілтілік болуы керек), одан соң 2-3 тамшы натрий гидрофосфатын қосып, тұнбаның түзілген байқау.

Марганец (II) ионы натрий гидрофосфатының әсерінен ақ түсті тұнба түзеді. Бірақ сандық жағынан толық тұнбаға түсуі байқалмайды. Марганец (II) фосфаты минералды қышқылдар мен сірке қышқылында ериді. Марганец (II) фосфатын толық тұнбаға түсіру үшін реакцияны аммиакты ортада жүргізген дұрыс болады:


7.5.5 (NH4)2S әсері.

Реакцияның орындалуы

Марганец (II) ионы бар ерітіндінің 2-3 тамшысына осындай көлемде аммоний сульфиді ерітіндісін қосады. Аммоний сульфиді марганец (II) ерітінділерімен ашық қызғылт түсті тұнба түзеді. Марганец (II) сульфиді сұйытылған минералдарды қышқылдарда ериді 
7.5.6 Mn2+ иондарын MnО4- күйге дейін тотықтыру реакциялары

Реакцияның орындалуы

Тотығу реакцияларының марганец (II) иондарының анықтауында маңызы зор. Бұл реакцияларда түрлі тотықтырғыштарды пайдаланып орындауға болады, олардың әсерінен таңқурай түсті MnO4 түзіледі.

7.5.7 Натрий висмутымен азот қышқылының ортасында тотықтыру.

Реакцияның орындалуы

Марганец (II) тұзы ерітінлісінің 1-2 тамшысына 3-4 тамшы 6н.НNO3 2-3 тамшы 0,1М. AgNO3 ерітінділерін қосады. (AgNO3 ерітіндісі СІ–тұнбаға түсіреді). Осы ерітіндіге натрий висмутатының бірнеше түйіршігін қосып, шыны таяқшаны араластырып центрифугада айналдырады. Бұл кезде ерітінді таңқурай түске боялады. Реакцияның сезгіштігі өте жоғоры.


2Mn(NO3)2 + 5NaBiO3 + 16HNO3 = 2HMnO4 + 5Bi(NO3)2 + 5NaNO3 7H2O(41)

Mn2+ + 4 H2O – 5e- → MnO4- + 8H+ │2

BiO3 + 6H+ + 2e- → Bi3+ + 3 H2O │5

немесе иондық күйде:

2 Mn2+ + 5 BiO3- + 14 H+ = 2 MnO4- + 5 Bi3+ + 7 H2O
7.5.8 Азот қышқылының ортасында (IV) оксидімен тотықтыру.

Реакцияның орындалуы

Прибиркаға PbO2 2-3 түйірін және 4-5 тамшы концентрлі азот қышқылы ерітіндісін қосып, қоспаны буландырғышта қыздырады. Осы тотықтырғыш қоспасына 1 тамшы MnSO (Mn(NO3)2) ерітіндісін қосып араластырады да, тағы да қыздырады (MnCI2 ерітіндісін алуға болмайды).
Mn(NO3)2 + 5 PbO2 + 6 HNO3 = 2 HMnO4 + 5 Pb(NO3)2 + 2 H2O (42)

Mn2+ + 4 H2O – 5e- → MnO4- + 8 H+ │2

PbO2 + 4 H+ + 2e- → Pb2+ + 2 H2O │5

немесе иондық күйде:

2 Mn2+ + 5 PbO2 + 4 H+ = 2 MnO4- + 5 Pb2+ + 2 H2O

Реакция жоғары температурада жүреді. Хлорид иондар кедергі жасайды, сондықтан оларда AgNO3 ерітіндісімен тұнбаға түсірген жөн.

Марганец (II) иондарының концентрациясы өте жоғары болған кезде реакция нәтижесінде түзілген HMnO4 Mn2+ иондарымен тотықсызданады да, танқұрай түсті ерітіндінің орнына қоңыр түсті Н2МnO4 (MnO(OH)2). Тұнба түзіледі, сондықтан Mn2+ сұйық ерітіндісі болған дұрыс.

4 HMnO4 + 3 MnSO4 + 7 H2O = 5 MnO(OH)2 + 3 H2 (43)


7.5.9 Аммоний персульфатымен қышқыл ортада тотықтыру.

Реакцияның орындалуы

MnSO4 ерітіндісінің 1 тамшысына 1 тамшы дистилденген сумен сұйытылады да, осы ерітіндіге 2-3 тамшы HNO3 1-2 тамшы 0,1М. AgNO3 және 50℅ аммоний песульфаты ерітіндісінің 5-6 тамшысын қосып, буландырғышта 80ºС дейін қыздырады.

Реакцияны Ag+ иондарының қатысында орындайды, Ag+ - иондары катализатордың рөлін атқарады катализатордың рөлін атқарады.

2 MnSO4 + 5(NH4)2S2O8 + 8H2O = 2HMnO4 + 5(NH4)2SO4 + 7H2SO4 (44) Mn2+ + 2 H2O – 5e- → MnO4- + 8 H+ │2

S2O8 + 2e- → 2 SO42- │5

2 Mn2+ + 5 S2O82- + 8 H2O = 2 MnO4- + 10 SO42- + 16 H+

Хлорид иондары кедергі жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет