10.1 Cl- ионының реакциялары
Cl- тұз қышқылының анионы, өзі түссіз, иіссіз концентрлі HCl –дың массалық үлесі 37%, HCl күшті қышқыл, тұздары хлорид деп аталады. Хлоридтердің көпшілігі суда жақсы ериді.
Ал нашар еритін тұздар: AgCl, PbCl2, т.б. хлоридтер күшті тотықтырғыштар әсерінен бос хлорға дейін тотығады.
16.1.1 AgNO3 әсері.
Хлорид ерітіндісімен AgNO3 әрекеттесіп, ақ түсті AgCl тұнбасын түзеді. AgCl концентрлі аммиак, аммоний карбонаты, натрий тиосульфатының ерітінділерінде толық ериді.
AgNO3 + NaCl = AgCl↓ + NaNO3 (57)
Ag+ + Cl- = AgCl↓
AgCl↓ + 2 NH3→ [Ag(NH3)2]+ + Cl-
AgCl↓ + 2 NH4+ + 2 CO32-→ [Ag(NH3)2]+ + Cl- + 2 HCO3-
AgCl↓ + 2 S2O32-→ [Ag(NH3)2]+ + Cl-
Күміс хлоридінің аммиактағы ерітіндісіне азот қышқылымен әсер еткенде қайтадан AgCl тұнбасы түзіледі.
[Ag(NH3)2]Cl + 2 HNO3 = AgCl↓ + 2 NH4NO3 (58)
[Ag(NH3)2]Cl + 2 H+ → AgCl↓ + 2 NH4+
[Ag(NH3)2]Cl + KJ = AgJ↓ + 2 NH4Cl
[Ag(NH3)2]+ + J- → AgJ↓ + 2 NH3
Реакцияның орындалуы
Сынауыққа 2-3 тамшы NaCl мен AgNO3 араластырады. Тұнбаға түскеннен кейін оған 5-10 тамшы NH3 ерітіндісін немесе аммоний карбонатын (NH4)2CO3 қосып, тұнбаның ерігенін байқайды. Ерітіндіні екіге бөліп, бір бөлігіне концентрлі HNO3, екіншісіне KJ ерітінділерін қосады.Тұнбалардың түзілуін байқау.
Достарыңызбен бөлісу: |