Х.Г. Аканов
т.ғ.д., профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
М.Н. Мухтарова
ф.-м.ғ.к., и. о. доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
А.З. Нұрмұханова
т.ғ.к., оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
А.К. Нұрсейтова
оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
Г.К. Мукашева
ассистент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
Б.О. Қонақбаев
ассистент, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Алматы қаласы, Қазахстан Республикасы
УДК 693.542
Бетон құрамын зертттеу
Түйіндеме: Біз бұл мақалада бетон жасау үшін цементтің құрамын, маркасын, күрделі және ауыр бетонның құрамын зерттедік. Бетон қоспасындағы су цементінің қатынасын анықтаудағы есептеу әдістемесін жүргіздік. Түйін сөздер: бетон құрамы, цемент шығыны, цемент маркасы, қоспалар, бақылау ұлгілері, тас-құм, құм, құрғақ материалдар.
Бетон құрамы мен оның құраушыларын зерттеу үшін жүйелеудің бірнеше әдістері қолданылады. Әдетке орай, мұндай зерттеулерді арнайы лабораторияларда және жеке жағдайда мамандар мен лабораториялық базаның тиісті дайындығы кезінде жүргізіледі.
Мұндай сынақтар технологиялық лабораторияларда сирек орындалатындықтан, бетон құрамы мен оның құраушыларын анықтауға қажеттілікті лабораторияларға зерттеуге беру арқылы қанағаттандырады. Сондықтан, маман алынған нәтижелер мен мамандандырылған зерттеу лабораторияларына есептің дұрыс қойылымын жасау үшін зерттеуге физикалық әдістің мүмкіндіктері мен болмысы жайлы мәліметті білуі қажет [1].
Бетонның құрамын анықтау
Бетон құрамы бетон қоспасының берілген құрамы мен қымбат құраушы ретінде минималды шығынында қатты бетонды қамтамасыз ету керек (сурет- 1).
Сурет 1- Бетон құрамын анықтау әдісі
Құрамды анықтау үшін бастапқы мәліметтер құрылыстың техникалық жобасында бар және келесі талаптарды керек етеді: беріктік бойынша бетон класы мен жобалық маркасын, бетондық қоспаның жұмыстың берілген шарттарымен оның жайлы төсеніштігі, су өткізбейтіндігі бойынша талаптар, бетонның коррозиялық және суыққа төзімділігі, толықтырғыштың үлкендігі бойынша мәліметтер, қату режимі мен ұзақтығы және өндірістік жұмыстардың басқа да шарттары [2].
Бетон құрамын анықтау оны дайындауға қажетті материалдарды таңдаудан басталады. Содан кейін бетон қоспасының құрамы үшін қажетті сипаттамаларын анықтайды: цемент тығыздығы мен активтілігі, құрғақ күйдегі толықтырғыштардың тығыздығы, ірі толықтырғыштардың бостық көрсеткіштері.
Бетон үшін цементті таңдау. Бетонда цементтік балшықтың байланысқан құрылысы болуы үшін цемент активтілігі бетон беріктігінің талабына сай 0,7…2 шамасында болу керек. Цемент активтілігінің бетон беріктігіне қатынасы шамалары 0,7 кіші және 2-ден үлкен кезде цементтік балшық байланыстылығын жоғалтады. Бұл өз кезегінде бетон мен цеметтік тастың физика-механикалық құрамының төменденуіне әкеледі. Вибрацияланған бетон үшін корсетілген қатынас 1,2…2 шамасында болу қажет, жүкпен кезде - 1,0…1,2, ал 0,7…1,0 пресс арқылы нығыздалған бетондар үшін ұсынылған.
Бетон беріктігіне қажет талаптардан активтілік шамасы бойынша екі не одан да көп болатын цемент активтілігін төмендететін, бірақ тұтқырлықты көбейтетін ұсақталған активті минералды қосымшалар мен микротолықтырғыштармен бірігіп қолданылуы керек. Қосымшалардың қолайлы құрамын лабораториялық тәжірибелерге сүйене отырып қабылдайды.
«Жиналатын және бүтін бетодарды, темірбетонды заттар мен құрылымдар дайындау үшін цементтік шығынның типтік нормалары» сәйкес (СНиП 5.01.23-83), цемент маркасы бетон беріктігінің орта мәнінен сығылу және қату шарттарына байланысты таңдалады [3].
Бетондық құрылымдар үшін цементтің минималды шығыны м³ бетон үшін 170 кг төмен болмауы керек, темір бетонды құрылымдар үшін 220 кг. Бетондағы цементтің максималды шығыны 600 кг/м³ аспауы қажет. Төменде бетон үшін цемент маркасы көрсетілген кесте 1 және 2.
Кесте 1- Ірі толықтырғышта ауыр бетондар үшін ұсынылған және мүмкін цемент маркасы
|
Бетонның құрылым маркасы
|
Қату шарттары кезіндегі ауыр бетондар үшін цемент маркасы
|
|
табиғи
|
Бетон беріктігі кезінде жылулық өңдеу
|
70% құрылым
|
80…100% құрылым
|
ұсынылған
|
мүмкін
|
ұсынылған
|
мүмкін
|
ұсынылған
|
мүмкін
|
М100
|
300
|
—
|
300
|
—
|
—
|
—
|
М150
|
300
|
400
|
300
|
400
|
400
|
300, 500
|
М200
|
400
|
300, 500
|
400
|
300, 500
|
400
|
500
|
М250
|
400
|
300, 500
|
400
|
300, 500
|
400
|
500
|
МЗ00
|
400
|
500
|
400
|
500
|
500
|
400
|
М350
|
400
|
500
|
400
|
500
|
500
|
400
|
М400
|
500
|
550, 600
|
500
|
550, 600
|
550
|
500, 600
|
М450
|
550
|
500, 600
|
550
|
500, 600
|
600
|
500, 550
|
М500
|
600
|
550, 500
|
600
|
550, 500
|
600
|
550
|
М600
|
600
|
550
|
600
|
550
|
—
|
—
|
Кесте 2- Ұсақ бетондар үшін ұсынылған және мүмкін цемент маркасы
Бетонның құрылымдық маркасы
|
Цемент маркасы
|
ұсынылған
|
мүмкін
|
М100
|
300
|
400
|
М150
|
400
|
500
|
М200
|
400
|
500
|
М250
|
500
|
400
|
М300
|
500
|
400
|
М350
|
500
|
400
|
М400
|
500
|
-
|
Ірі және ұсақ толықтырғышты таңдау бетон класы мен оның беріктігіне байланысты. Бетон класы жоғары болған сайын толықтырғыш сапасына деген талап та өседі. Сонымен қатар, жақын орналасқан карьерлерден жергілікті толықтырғыштарды қолдануға ұмтылады, бірақ олардың арасынан цементтің минималды шығыны бойынша берілген қасиеттерге ие бетон болатындай етіп таңдайды. В10…В12,5 бетон класы үшін орта сапалы толықтырғыштармен қатар төменгі сапалы толықтырғыштарды, төмен беріктікті ірі толықтырғыштарды, мысалға ұсақ құм және қиыршық тастарды қолдануға болады.
В15…В20 класты бетондар үшін ірі қиыршық тас сияқты толықтырғыштарды, В25 және жоғары класты бетондар үшін жоғары сапалы таулы тұқымынан таза берік толықтырғыштарды қолданады. Дегенмен, бетон үшін толықтырғыштарды таңдағанда олардың бағасында елеу керек.
Бетондық қоспаның төсеуге жайлылығын анықтау. Бетондық қоспаның төсеуге жайлылығын СНиП 5.01.23-83 бойынша құрылым типімен және қалыптасу әдісіне байланысты тағайындалады.
Бетон құрамын цемент шығыны, ұсақ және ірі толықтырғыш және 1 м³ тығыздалған бетонға келетін су бойынша айқындайды. Бұл мәліметтерді анықтау үшін ғылыми мекемелерімен тағайындалатын әртүрлі тәуелділіктерді қолданады.
Есептеу әдістемесі
1. Бетондық қоспаның су-цементті қатынасын анықтау [4]:
(В/Ц)б = (0,23Rц+10)/(Rб+8)
мұнда Rц және Rб- сәйкес цемент активтілігі мен бетон маркасы, МПа.
2. Су шығынын 3-ші кестеден анықталады.
Кесте 3- Бетондық қоспа үшін су шығыны
Қоспаның төсеуге жайлылығы
|
Су шығыны (кг)
тым ірілік бойынша (мм)
|
Конус қаңқасы, см
|
Қаттылық, с
|
Қиыршық тастар
|
Қиыршық тастар
|
10
|
20
|
40
|
70
|
10
|
20
|
40
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3. 1 м³ бетонға су шығыны және бетондық қоспаның су-цементті қатынасын 1 м³ бетонға цемент шығынын анықтайды. Ц=В/(В/Ц)б. Егер цемент шығыны нормаға сәйкес кіші болса, құрылымдарды пайдалану үшін мүмкін берілген шарттарды қолданады. В/Ц сақтай отырып цемент шығынына байланысты су шығынын үлкейту қажет.
4. 1 м³ бетондық қоспаға келетін толықтырғыштың (құм және қиыршық тастар, кг) қосынды шығынын, бетондық қоспаның барлық құраушылары 1 м тең, сонымен қатар ірі толықтырғыштардағы бостықтар цемент-құм ерітіндімен толтырылуы керек.
5. Бетондық қоспаның бақыланатын илемін дайындайды, оның қозғалғыштығын тексереді, қанағаттандырылатын нәтиже болғанда беріктікті айқындайтын бақыланатын улгілер алады. Егер төсеуге жайлылық талапқа сай кіші болса, онда бақыланатын илемге қатысты массаға 5… 0 % су қосады. В/Ц өзгермес үшін сондай мөлшерде цемент қосады. Егер төсеуге жайлылық талапқа сай үлкен болса, онда 5…10 % құм мен қиыршық тастар қосады олардың бақыланатын илемге қатысты шығыны бойынша. Егер бетонның беріктікке сынау кезінде алынған нәтиже 15 % өзгерсе, онда В/Ц төмен не жоғары өзгертіледі.
Құрғақ материалдар үшін бетонның соңғы лабораториялық құрамын толықтырғыштардың ылғалдылығын ескере отырып жұмыстық құрамға есептейді. Бұл үшін ылғалды толықтырғыштардағы су мөлшерін анықтайды.
Әдебиеттер
-
Лещинский М.Ю. Испытание бетона: Справ. пособие.- М.: Стройиздат, 1980.-360 с.
-
Бетоны правила подбора состава ГОСТ 27006-86.
-
Типовые нормы расхода цемента для приготовления бетонов сборных и монолитных бетонных, железобетонных изделий и конструкций СНиП 5.01.23-83.
-
МИ 2488-98. ГСИ. Материалы цементные. Методика ускоренного определения водоцементного отношения, прогнозирования и контроля прочности бетона по контракции.
References
-
Leszczynski M. et al Atlas Testing of concrete: Ref. manual.- M: stroiizdat, 1980.-360 с.
-
Concrete rules for selection of the composition of the GOST 27006-86.
-
Standard norms of consumption of cement for preparation of concrete precast and cast-concrete, concrete products and structures SNiP 5.01.23-83.
-
MI 2488-98. GSE. Materials cement. The methodology for the rapid determination of water-cement ratio, forecasting and control of durability of concrete on the contraction.
Аканов Х.Г.
Мухтарова М.Н.
Нурмуханова А.З.
Нурсейтова А.К.
Конакбаев Б.О.
Мукашева Г.К.
Исследования состава бетона
Аннотация. В данной статье изложено определение состава бетона, выбор цемента для бетона, рекомендуемые и допустимые марки цемента для тяжелых бетонов на крупном заполнителе, а также приведена методика расчета для определения водоцементного отношения бетонной смеси. Ключевые слова: состав бетона, расход цемента, марка цемента, заполнители, контрольные образцы, щебень, песок, сухие материалы
Akanov H.G.
Mukhtarova M.N.
Nurmukhanova A.Z.
Nurseytova A.K.
Konakbaev B. O.
Mukasheva G.K.
Investigation of the composition of concrete
Summary. This article provides a definition of concrete composition, choice of cement for concrete, featured and valid grades of cement for heavy concretes on a large filler and the method of calculation for the determination of water-cement ratio of the concrete mix.
Key words: the structure of concrete, cement consumption, the brand of cement, aggregates, control samples, crushed stone, sand, dry materials
Авторлар жайлы мәлімет:
Аканов Халель Габбасович-д.т.н. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Қолданбалы механика және машина құрылымдарының негіздері» кафедрасының техника ғылымдарының докторы, профессор. Алматы қ., Сатпаев 22, ұялы телефон. 87772303683, esuleim@gmail.com.
Мухтарова Мунира Набиевна – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының физика-математика ғылымдарының кандидат, и. о. доценті, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 237, телефон. 377-34-08, ұялы телефон. 77073176730, munira_n@mail.ru.
Нұрмұханова Альфия Зейнулловна – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының техника ғылымдарының кандидаты, оқытушысы, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 237, телефон. 377-34-08, ұялы телефон. 77015764455, аlfiya.nurmukhanova.83@mail.ru.
Нұрсейтова Алия Кадирбековна – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының оқытушысы, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 237, телефон. 377-34-08.
Қонақбаев Бақдаулет Оралбекович – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының ассистенті, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 236, телефон. 377-34-08, ұялы телефон.87773461074, bak-daulet_89@mail.ru
Мукашева Гаухар Канатовна - Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының ассистенті, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы 71, ауд. 236, телефон. 377-34-08, ұялы телефон. 8701355564, gauhar.010789@mail.ru
Авторлар қолы
Аканов Х.Г.___________________
Мухтарова М.Н.________________
Нұрмұханова А.З._______________
Нұрсейтова А.К.________________
Қонақбаев Б.О.__________________
Мукашева Г.К.__________________
Достарыңызбен бөлісу: |