Аннотация
Беттер Кесте Сурет Әдебиеттер
Түйінді сөздер: нан ашытқысы, микроорганизмді культивирлеу, культура, сепаратор, расса, штамм, макроэлемент, микроэлемент, аэрация, витаминдер, фермент, биотин, сахароза, инвертті қант, меласса, құрғақ заттар, раффиноза, активатор, саңырауқұлақ.
Бұл дипломдық жобада аналитикалық шолуда қысқаша мәліметтер, нан ашытқысын алу технологиясы, ашытқы өндірісінде қолданылатын шикізаттар туралы мәлімет жасалды. Нан ашытқысы басқа өндіріс салаларында кеңінен қолданылады. Сондықтан нан ашытқысын өз елімізде мол мөлшерде өндіру экономика жанынан тиімді.
Берілген дипломдық жобада орындалған қазіргі жаңа заманға сай технологияны қолданып өндіріске қолайлы технологиялық сызба – нұсқасы жасалған. Технологиялық есебі жасалған, өндірістік техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау туралы іс-шаралары жасалған. Өндірістік техника экономикалық көрсеткіші келтірілген және бизнес жоспары жасалған.
Дипломдық жобада патенттік ізденіс жасалып, ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі нан ашытқы өндірісінде бағасын арзан сапасы жоғары өнім алу үшін ұсынылады. Нан ашытқысы өнімдерін алу үшін кептіру жолдары қарастырылған. Нан ашытқы өнімдердің сапасын, ашытқылардың бөлінуін суды үнемдеуді және тағы басқаларын жоғарлататын жаңа әдістер құрастырылып өндіріске енгізілді. Көп көңіл бөлгені ашытқы өндірісіндегі өсіру аппараттары. Сонымен бірге активті ферменттер бар сапалы құрғақ ашытқы алуға арналған заттар сұрыпталды.
Ашытқы өндірісіндегі технико - экономикалық көрсеткіштердің жоғарлауы үшін жаңа заманға сай жабдықтармен құрғақ нан ашытқысын алудың технологиялық режимдері, өндіріске қолданылатын заттар сарапталды.
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жобада келесі нормативтік құжаттар сілтемелер қолданылды:
ҚРСТ 1.5-2004 ҚР мемлекеттік стандартизация жүйесі.
ҚРСТ 1.14-2004 ГССҚР Ұйым стандарты өңдеудің түрлері мен реті.
ҚРСТ 1.12-2000 Текстік нормативтік құжаттар.
МЕБС 3.001-2000 ҚР мемлекеттік жалпы білім беру құрамдарының
стандарты. Кәсіптік жоғары білім. Негізгі жағдай.
МЕСТ 2.105-95 ЕСКД Текстік құжаттарға жалпы талап.
МЕСТ 2.106-96 ЕСКД Текстік құжаттар.
МЕСТ 2.109-73 ЕСКД Сызбаларға негізгі талаптар.
МЕСТ 21.1101-97 СПДС Жобалық және жұмысшы құжаттарға
негізгі талаптар.
ФС ОҚМУ 4.6-003-2006 СМЖ. Оқу құжаттарын жазып толтыру ережелері.
ДП ОҚМУ 1-006-2006 СМЖ. Жобаларды басқару.
ФС ОҚМУ 4.7-001-2006 СМЖ. СМЖ және дипломдық жобаның нормалық
бақылауы.
ФС ОҚМУ 4.5-001-2006 СМЖ. Оқу ұйымдастыру процестерін басқару.
ФС ОҚМУ 4.6-001-2006 СМЖ. Оқу құжаттарын жазу, толтыру ережелері.
Тексттік құжаттарға жалпы талап.
МИ ОҚМУ 4.7-2006 СМЖ. Дипломдық жоба.
Анықтамалар
Ашытқы саңырауқұлақтары - бір клеткалы қозғалмайтын және бактериялардан шамамен алғанда он еседен ірі микроорганизмдер.
Культивирлеу - қоректік ортада микроорганизмдерді өсіру.
Витаминдер - организмде аз ғана мөлшерде болып маңызды қызмет атқаратын биологиялық активті заттар.
Ферментер - организмдегі жүретін биологиялық реакцияларды тездетуші биологиялық катализаторлар.
Аэрация - микроорганизмді оттегімен культивирлеу.
Ашыту - микроорганиздер және ферменттің көмегімен қоректік ортаның заттарын жаңа заттарға айналдыратын күрделі биохимиялық процесс.
Сахаромицеттер - бұларға мәдени ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Олар бүршіктену және споралар түзу арқылы көбейеді.
Биомасса - берілген микробты популяцияның жалпы массасы.
Өсу стимуляторы - микроорганизмнің аз концентрациясында өсудің физиологиялық және биохимиялық қасиеті.
Көміртектер – негізінен көміртектен, ақуыздан, майдан, полифенолдан және витаминдерден тұрады.
Моносахарид дегеніміз - жармақталған көміртек. Көміртекті тізбекті, төменгі малекуласы полиоксиорбонильді қосылыстар. Олигосахаридтер, моносахаридтер, полисахаридтер арасында орын алады. Құрамында бірнеше моносахаридті түйіні бар онша үлкен емес тізбектерден құрылады.
Қысқартылған сөздер мен белгілер
БТ – биотехнология
МБ – микробиология
МО – микроорганизм
ДА – дигидроаскорбмин
АҚ – аскарбмн қышқылы
МЗ – минералды заттар
ДҚ – дегидроаскорбин қышқылы
БХ – биохимия
НАД – никотинамиднуклеотид
НАДФ – Никотинамидадениндинуклеотидфосфат
МӨА – микроағзалар өсінділерінің активаторы
БАЗ – биологиялық активті заттар
C.cerevisiac – Caccharomyces cerevisiac
ӨТР - өндірістік технологиялық регламенті
Кіріспе
Жобаның өзектілігі. Қазақстан Республикасының президентінің жолдауын қолдап елу елдің қатарына кіруге ұмтылып, экономиканы теңдестіре дамыту қажеттігіне сай келетін аумақтық даму, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет.
ҚР президентінің жолдауында біздің еліміз дүние жүзінде 50 дамыған мемлекеттің қатарына кіруді алға қойған, сол себептен өндірістің қазіргі заманға сай дамыған нан ашытқысы өндірісін дамыту қарастырылған.
Нан ашытқысы өндірісінде престелген және құрғақ ашытқы өндіріледі. Негізінен олар нан пісіру үшін қамыр ашытуда, кондитер және консерві өндірісінде қолданылады. Одан басқа оларды шикізат ретінде витаминдер өндірісінде Д және В2 витаминдерін алуда, медицинада бір қатар емдік препараттар, нуклейн қышқылдарын және түрлі ферменттерді алуда, микробиологиялық синтездеуде қоректік орталарды дайындау үшін және де ауыл шаруашылығында ірі қара мал өсіруде, құс және балық шаруашылығында кеңінен қолданылады.
Жобаның мақсаты - нан пісіру ашытқысын кептіруге жаңа технологияларды пайдалана отырып өндіріс технологиясын жасауға қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:
Ашытқылар шығын сапасын жақсаруына сонымен қатар процесті жақсарту мақсатында келесі жаңалықтар енгізілген:
Нан пісіру ашытқыларды активатциялау әдісін жасау бойынша, сонымен бірге ашытқының құрамындағы заттарды зерттеу жұмыстары жүргізілген;
Жаңа әрі перспиктивалы штамдарды алу бойынша патенттік ізденістер мен аналитикалық шолулар жүргізілген;
Өндірістің құрылыс техникалық – экономикалық жайын құрастыру;
Еңбекті қорғау және қоршаған ортаның мәселелері;
Нан пісіретін ашытқылардың активатциялық әдісі;
Нан пісіру ашытқыларын өндіру барысында кептіру әдісі;
Жұмыстың іс-жүзіндегі құндылығы:
Ашытқы өндірістің жаңа штамдарын пайдалана отырып ықшам сызбалар жасалды.
Ашытқылардың ашытқы өндірісіндегі жаңа жетістіктерін ескеру;
Алынған нәтижелер ТЭК-ін жасауға, зауытының құрылыс орны үшін техникалық жобаға және жобалану тапсырмасына қолдануға болады. Биотехнология саласының жетістіктерін пайдаланғанда тиімділігін арттырады.
Қорғауға байланысты талаптар:
Нан ашытқы өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы
ҒЗЖ нәтижесі
ТЭК кестесі
Жобаның жариялануы мен баяндалуы жасалмаған.
Жобаның көлемі мен құрылысы дипломдық жоба компьютерде берілген беттен, суреттен, кестеден, қолданылған әдебиеттен, қосымша мәліметтер беттен тұрады және А1 форматындағы бөлімнен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |