Бүгін Халықаралық инженерлік - технологиялық
университетінің кітапханасы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы
тілдер күні мерекесіне орай «Тіл – ұлттың жаны, халықтың
байлығы» атты көрме ұйымдастырды.
Мұндағы мақсат – қазақ тілі мен жазуы, Қазақстан халқының
тілдері тарихына қатысты лингвист ғалымдардың іргелі
жұмыстарын көпшілікке таныстыру, мемлекеттік тілді білу және
елімізді мекендейтін әр халықтың тілін құрметтеу, әлемдік тілдерді
үйренуді насихаттау.
Қазақ тіл білімінің мәселелері» бөлімінің басым бөлігін Ахмет
Байтұрсынұлы, І.Кеңесбаев, С.Исаев, Т. Сайрамбаев, Ы.Маманов
сынды отандық көрнекті ғалымдардың зерттеу кітаптары құрайды.
Көпшілік қауым өзге де «Тіл мәдениеті», «Қазақ
хрестоматиясы», «Тіл тарихы», «Әдебиет танытқыш» секілді құнды
кітаптармен танысып, мол мағлұмат табары сөзсіз. Кітап көрмесі
апта соңына дейін жалғасады.
МЕТУ ғылыми кітапханасы.
Достарыңызбен бөлісу: |