БОЗҚОЛҚА (Бозколка) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау боз (сын есім) және дақ
(тау, зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «бозды сортаң тӛбе».
БОҚАЯҚ (Бокаяк) – қ., Қарақия ауданы. Атау боқ (зат есім) және аяқ ( зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тӛмендегі маңайында мал кӛп
жайылатындықтан қи кӛп болатын қҧдық».
БОҚБАС (Бокбас) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау боқ (зат есім) және бас ( зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «маңайында мал кӛп жайылатын, сулы
қҧдық».
БОҚСУ (Боксу) – сай. Атау боқ (зат есім) және су ( зат есім) сӛздерінің бірігуі
арқылы жасалған. Мағынасы: «ішуге жарамсыз, лас су ағатын сай».
БОҚТАС (Боктас) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау боқ (зат есім) және тас ( зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тасты жерден қазылған лас сулы
қҧдық».
БОҚТЫ (Бокты) – тау, Қарақия ауданы. Тәжік тілдерінде: «бук – тӛбе, адыр, дӛңес,
бел» (Л.И.Рогозова, 26). Сонда атаудың мағынасы: «тӛбелі, адырлы тау».
БОҚТЫНЫҢ ТӚРТКІЛІ (Боктынын торткилы) – тӛбе, Қарақия ауданы.
Мағынасы: «биік таудағы ҥсті тегіс, қабырға – беткейлері тік тӛбе» (қараңыз:
БОҚТЫ).
БОҚТЫСАЙ (Боктысай) – сай, Тҥпқараған ауданы,Форт-Шевченко қаласының
кіреберісінде. Атау боқты (сын есім) және сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. «Қаланың кҥл-қоқыс, лас заттары тӛгілген сай» мағынасындағы атау
(Маңғыстау газеті, 1993ж. 23 шілде).
БОҚЫШҚАЗҒАН (Бокышкаган) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Бегей
Боқыш қазған қҧдық.
БОЛАТНИЯЗ (Болатнияз) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним.
БОРАН (Боран) – тҧз. қ., Орт. Ҥстірте, Бейнеу ауданы. «Суы қатты салқын қҧдық»
болуы мҥмкін.
БОРАНҚҦЛ (Боранкул) – қор., қ., а., Бейнеу ауданы. Антропотопоним.
БОРЖАҚТЫ (Боржакты) – қ., қор., Мҧнайлы ауданы. Боржақ – қҧм ӛсімдігі
(С.Атаниязов, 1970, 68). «Боржақ ӛсімдігі кӛп ӛсетін жер» мағынасындағы атау.
Достарыңызбен бөлісу: |