МАШАҚСАЙ (Машаксай) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау машақ (зат есім) және
сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Машақ – масақ, ш мен с дыбыс
сәйкестігі бар. Атаудың мағынасы: «егін егілген сай».
МАШАН (Машан) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
МАШАНКАЗГАН (Машанказган) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
Мағынасы: «Машан қазған (қаздырған) қҧдық».
МАШЫРЫҚ (Машырык) – қ., Тҥпқараған ауданы. Антропогидроним. Машырық
қажы Хожаназарҧлы – Маңғыстау тҥрікмендерінің басшысы (1870-1919жж.) болған
адам. Мағынасы: «Машырықтың қаздырған қҧдығы».
МАЯМБЕРДІ (Маямберды) – қ. Қарақия ауданы. Антропогидроним.
МАЯМОЛА (Маямола) – қор., Бейнеу ауданы. Атау мая(зат есім) және мола (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ноғай тілінде мая – «саз қосылған балшық»
(Ногайско-русский словарь, 218). Атаудың мағынасы: «саз балшықтан қаланған
моласы бар қорым».
МӘЖЕКЕН (Мажекен) – тҧз.қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
МӘЗЕНҚҦДЫҚ (Мазенкудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
«Мәзеннің қазған қҧдығы».
МӘЛІБЕК (Малибек) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
МӘМЕКҚАЗҒАН (Мамекказган) – қ., Хиуа жолының Оңт. Ҥстірттен шығар жерінде
орналасқан. Антропогидроним. Қҧдықты қаздырған Шегем ауылының белгілі адамы
Мәмек Тҥркебайҧлы. Мәмек – емшілігімен, сынықшылығымен аты шыққан адам.
МӘМІШҚАЗҒАН (Мамишказган) – қҧдықтар. Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
Бегей Мәміш қазған қҧдықтар.
МӘСТЕК (Мастек) – қ., Маңғыстау ауданы, Бозашыда. Мастек дегеніміз, негізінен,
«бойы тҧрқы кішкене жылқы». Соған байланысты атаудың мәні «таңқы қазылған
қҧдықтар» болуы мҥмкін.
МӘСТЕКСОР (Мастексор) – сор, Маңғыстау ауд-ы, Бозашы тҥбегінде. Атау мәстек
(зат есім) және сор (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«ҧзындығы қысқа сор».
Достарыңызбен бөлісу: |