ТӚРТКІЛ (Торткиль) – тӛбе, абс. биіктігі 237 м. Маңғыстау ауданы. «Тӛрткіл – ҥсті
тегіс, тӛртбҧрышты, қабырға – беткейлері тік тӛбе».
ТӚРТҚҦДЫҚ (Торткудык) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау тӛрт (сан есім) және қҧдық
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Сол жерде бір-біріне жақын тӛрт
қҧдықтың бар екенін білдіретін атау.
ТӚСЕЛБАЙ (Тосельбай) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ТӚСТІК (Тостик) – б., Тҥпқараған ауданы. Мағынасы: «тау беткейінде ағып жатқан
бҧлақ».
ТУЛУГУНДА (Тулугунда) – қор., Маңғыстау ауданы.
ТУМА (Тума) – қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «кішкентай бастау, бҧлағы бар
қоныс» (Э.Мурзаев, 1984, 553).
ТҦЗБАЙЫР (Тузбайыр) – тау, сор, тҧз. қ., Маңғыстау ауданы, Ақтау жотасының
Батыс Ҥстіртпен шектесетін тҧсында. Атау тҧз (зат есім) және байыр (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛнетҥркі тілінде: «байыр – «тӛбе, кӛтеріңкі, биік
жер» мәніндегі атау (Э.В.Севортян, 1978, 37). Атаудың мағынасы: «тҧзды, сортаң биік
тӛбе».
ТҦЗБҦЛАҚ (Тузбулак) – б., Бейнеу ауданы. Атау тҧз (зат есім) және бҧлақ (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы ащы, тҧзды бҧлақ».
ТҦЗОРПА (Тузорпа) – мола, Бейнеу ауданы. Атау тҧз (зат есім) және орпа (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы ащы, тҧзды қҧдық».
ТҦЛСҦЛУ (Тульсулу) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «сусыз шатқал».
ТҦМҒАШЫ (Тумгашы) – тау. Атау тҧм (зат есім) және ғаш (зат есім) сӛздерінің
бірігуінен жасалған. Иран тілінде тум – «тӛбе», «тау», ал ғаш та – географиялық
термин – «таудың иілген дӛңес жері» (С.Атаниязов, 1970, 87). Ал азербайжан тілінде:
«тау тізбегі» мәнінде қолданылады (С.М.Молла-заде, 153). Сонда атаудың мағынасы:
«таулы тізбек».
|