АТЫОЗҒАН (Атыозган) – мола, Маңғыстау ауданы. Белгілі бір оқиғаға байланысты
аталған.
АУСАР (Аусар) – а., Маңғыстау ауданы. Бҧл топонимнің этимологиясы туралы тҥрлі
жорамалдар кездеседі. С.Қондыбай бҧл топонимиді ортағасырлық оғыз тайпасының
(афшар) атымен байланыстыра қарастырады. Ал біздің ойымызша, Аусар – екі
компоненттен қҧралған: аб(а)-об-оп-ау тәрізді ӛзгерістерге ҧшыраған «су», «ӛзен»
мәніндегі иран сӛзі де, ал сар сӛзін Н.Оңдасынов «Парсыша-қазақша тҥсіндірме
сӛздігінде» – «бір нәрсенің кӛптігін, молдығын білдіретін жҧрнақ» (Н.Оңдасынов, 161)
деген.
Иран
топонимикасындағы
географиялық
терминдерді
зерттеуші
В.И.Савинаның еңбегінде: «Абшар – сарқырама, кӛп су» деп те беріледі (В.И.Савина,
1971, 4). Сонымен Аусар атауы «сулы жер» деген мағынаны білдіреді.
АУЫЗДЫБАС (Ауыздыбас) – қыс., б., Маңғыстау ауданы. Атау ауызды (сын есім)
және бас (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау
асуындағы мол суы бар бҧлақ, қыстау».
АУЫЗДЫБАССАЙ (Ауыздыбассай) – м., Маңғыстау ауданы. Атау ауызды (сын
есім) және бас (зат есім), сай (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы:
«кӛпшілік жҥретін тау асуындағы, жолдағы ҥлкен сай».
АУЫЗДЫКӚЛ (Ауыздыколь) – қҧм, Бейнеу ауданы. Атау ауызды (сын есім) және
кӛл (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау
асуындағы кӛлі бар қҧм жер».
АУЫЗҚАРА (Ауызкара) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау ауыз (зат есім) және қара
(сын есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау асуы»
АУЫЗКӚЛ (Ауызколь) – м., Бейнеу ауданы. Атау ауыз (зат есім) және кӛл (зат есім)
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау асуындағы, жолдағы
кӛлді мҥйіс».
АУЫЗОРПА (Ауызорпа) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау ауыз (зат есім) және орпа (зат
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау асуындағы,
жолдағы сулы қҧдық» (Б.Әріпов, Д.Әріпов,136).
Достарыңызбен бөлісу: |