«былғары және үлбір өнеркәсіптері өндірісін жобалау және жоспарлау»



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі372.5 Kb.
#174139
1   2   3

8-дәріс. Былғары зауытын жобалау

Дәріс сұрақтары:

  1. Шикізат санын есептеу


Дәріс мақсаты: Былғары зауыттарын жобалау кезіндегі шикізаттың санын есептеудің әдістемесін үйрету
Зауытта көлемі бойынша қабылданады, сондықтан бұл есептеуде көлем бойынша өнім 100 шаршы метр дайын өніммен есептелінеді
Бастапқы деректер:
Мг – зауыттың жылдық өнімділігі

Д – жұмыс күндері жылына

аi –өнім түріне байлансыты дайын өнім ассортименті, %

Σаi1 + а2 + …+ аi = 100%



Рс – булы шикізаттың бір партиясының массасы, кг

Vоб – барабанның толық ішкі көлемі, м3

α барабанды толтыру коэфицентті



VП – пайдалы барабан көлемі , м3

жк – сулы коэффициент

mi –шикізат түріне байланысты бір тері массасы, кг

Fi –бір терінің орташа көлемі,кв.дм.

NiF –100 кв.м дайын өнімге шошқа шикізатының нормасы



Vоб – барабанның толық ішкі көлемі, м3

α барабанды толтыру коэфицентті



VП – пайдалы барабан көлемі , м3

жк – сулы коэффициент

mi –шикізат түріне байлансыты бір тері массасы, кг

Fi –бір терінің орташа көлемі,кв.дм.

NiF –100 кв.м дайын өнімге шошқа шикізатының нормасы
Есептеу

1. Дайын өнімде шикізаттың түріне байланысты коэфиценттерді табу :

Орташа шикізаттың шығыны 100 кв.м

3. Орташа бір шошқа терісінің массасын табу , кг



4. Бір шошқа терісінің орташа көлемін есептеу , кв.дм.



5. Шикізаттың тәулік қажеттілігі көлемі бойынша, м2.



6. Масса бойынша тәуліктік қажеттілігі:



7. Тәуліктік шикізатты табу :



8.Тәулігіне партия санын қабылдаймыз : nсут.

9. Шикізат түріне байланысты партияны табу:

10. Шикізат түріне байланысты парияны түзеу.



11. Дайын өнім түріне байланысты түзеу:



12.Дайын өнім бойынша коэфиценттерді табу

13. Орташаесептеулік шикізат шығының 100 кв.м дайын өніміне,

м2/100 м2



14.Көлем бойынша тәуліктік қажеттілік , кв.м.



15. Масса бойынша тәуліктік қажеттілік, кг



16. Партияны түзеу, кг:



17. Бір партиядағы шикізат көлемі :




9-дәріс. Дайындық процестері
Дәріс сұрақтары:

  1. Теріні қабылдау

  2. Теріні өңдеу


Дәріс мақсаты: Теріні қабылдап, оны өңдеп дайындау тәсілдерімен таныстыру
Жаңа сыпырылған тері буы бурқыраған деп аталады. Былғары үшін жаңадан сыпырылып алынған, қан мен кір жұқпаған  теріден артық зат жоқ. Алайда көбінесе теріні бірден зауытқа жеткізуге немесе өздігінен өңдеуге мүмкіндік болмай жатады. Ал жатып қалған тері тез арада бүлінеді. Ол алдымен кеуіп, содан кейін мыжырайып, мүйізденіп кетеді. Одан кейін көгеріп, жүні түсе бастайды. Содан соң мүлдем шіриді. Сондықтан да тері бүлініп кетпеуі үшін одан түрлі нәрселер жасауға тура келеді. 

Теріні өңдеу. Теріні тазалап алғаннан кейін, оны тұзбен өңдейді. Өңдеутерінің шіріп кетпеуі үшін ғана емес, жүнінің мықтап тұруына да септігін тигізеді.

Тазаланған теріні келесі әдіспен тұздаған жөн: майда тұз алынады. Қыс айларында әр 1 кг  теріге 200 г, ал жаз мезгілінде 300 гтұз пайдаланылады. Үлкен өгіздің терісіне қыста 5,7-6,6 кг, ал жазда 8,2-10,2 кг тұз, ал сиыр терісіне қыста 3,3-5 кг, ал жазда 5-6,2 кг. тұз жұмсалады.



Өңдеу тәсілі. Теріні жүн жағымен таза жерге немесе еденге жаяды. Терінің астына шыққан ылғалын сіңіріп алатын бір нәрсе қоюға болады. Терінің ішкі жағына біркелкі етіп тұз себеді, тұз теріге дұрыс жағылуы үшін тұзды қолмен жаққан дұрыс. Егер тұз дұрыс жағылса, онда 3 күннен кейін оның бетінде қатты тұз көрінетін болады. Ал егер барлық тұз сіңіп кетсе, онда тұзды жаңадан қайта жағу керек. Тері тұздалғаннан кейін, бас пен құйрық жағын ішке қарай иеді. Одан кейін бас пен басқа да бөліктерді тұзбен өңдейді.

Содан кейін теріні буып қояды. Оның әдісі мынадай: бастан басталған терінің төрттен бір бөлігі ішке қарай иіледі, одан кейін оң және сол жақтары ортаға қарай, тері арқа бойымен, одан кейін басынан бастап оралады, құйрықпен немесе жіңішке арқанмен байланады.

Бес күннен кейін оралған тері шешіледі. Ылғалын ағызып, тағы да аздап тұздап, қайтадан орап қояды. Егер бәрі дұрыс жасалса, онда тері ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Терілер көп мөлшерде жиналып қалғанда, қатарларда тұздауға болады.

Бірінші теріні еденге жайып тұздайды. Одан кейін бас, аяқ жақтарын дөңгелетіп ішке қарай орайды. Барлық бөліктерді, әсіресе басын жақсылап тұздайды. Одан кейін екінші терінің басын бірінші терінің үстіне емес, жанына түсетіндей етіп қояды. Бәрін бірінші терідегідей жасайды. Екіншісіне үшіншісін, сосын төртіншісін, бесіншісін, осылай кете береді. Бастар бір-бірінен кейін жатады. Осындай ретпен 200 шақты теріні қоюға болады. Қатардағы тұздық терілердің дұрыс орналаспағандығынан бір жақа ағып кетпеуі керек.

Егер тері дұрыс тұздалмаса, ол бүліне бастайды. Тері шіри бастағанда оның жүні түседі. Жүнін анда-санда қолмен тартып көру керек. Жақсы теріден жүн түспейді, ал бүлінген теріден жылдам сыдырылып кетеді. Ондай теріні қолдануға болмайды. Одан кейін терінің сыртқы жағын ішке қарай орналастырып, сосын көлеңкеде кептіру керек. Теріні кептіру үшін іліп қояды. Оны күннің астында не ыстық пештің қасында кептіруге болмайды. Кәдімгі бөлме температурасы болған дұрыс.

Тері кепкеннен кейін (қатты кептірудің қажеті жоқ), оның жүнін ішке  қаратып, соңғы рет кептіреді.

Мұндай жағдайда тері көпке дейін сақталып тұрады.



Сату. Терілер отандық жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Онда қосымша өңдеу жасалып, белгілі мемлекеттік сапа стандарттарына сәйкес қайта өңдеу жүргізіледі. Мекеме сатып алатын шикізат мемлекеттік стандарт бойынша қатаң бақылаудан өтеді. Стандартқа сай емес шикізат былғары жартылай фабрикат өндірісіне жіберілмейді. Баға шикізаттың көлемі мен сапасына қарай белгіленеді.
10-дәріс. Қолданылатын құрал-жабдықтар
Дәріс сұрақтары:

  1. Өндірістегі машиналар

Дәріс мақсаты: Өндірісіте қолданылатын машиналармен және олардың қандай қызмет атқаратынын анықтап, ақпараттар беру


«Евротекстиль» компаниясының үнемі арнайы тігін машиналарымен жаңартылып тұратын өзінің тігін өндірісі бар. Бұл немістің «PFAFF» фирмасының, сондай-ақ жапондық «JUKI» және «BROTHER» фирмаларының өндіргіштігі жоғары, жылдам, көз ілеспейтін машиналары.

Бұл машиналар, автоматты бекіткішін, табан көтергішін және жіптерді кесуін қоса, бағдарламалық басқарумен жабдықталған.

Бұйымның тігілу сапасы тек жаңа жабдықтарға ғана емес, біліктілігі жоғары мамандарға да байланысты. Тігіншінің шебер қолдары дизайнердің идеяларын өнер туындысына айналдырады. Пішушілердің, үтіктеушілердің және сапасын тексеру бөлімдері мамандарының шеберлігі мен ептілігі жоғары сапалы өнімді дәл уақытында өндіріп шығаруға мүмкіндік береді. 

Цехта американдық «Gammill quilting machine Co» фирмасының көлемді жамылғыларды, көрпелерді, тыстарды сырып тігетін, зигзаг тәрізді сәнді тігіс салатын жылдамдығы жоғары арнайы машиналары бар. Бұл машинаның көмегімен ұзындығы кез-келген және ені төрт метрге дейінгі стандартты емес бұйымдарды дайындауға болады. «Gammill» компаниясында оқып-үйренген сырып тігу машинасының операторы сапалы өнімді кез-келген көлемде және қысқа мерзім ішінде дайындай алады.

Түріктің «Malkan» фирмасының компрессоры бар өнеркәсіптік үтіктеу үстелдері кез-келген, тіпті өте жұқа маталар үшін сапалы, қауіпсіз үтіктеуді қамтамасыз етеді. Ұқыпты және озат шебер бір кезекте 400 метрге дейінгі матаны үтіктеп шығады.

Ылғал-жылумен өңдеу жоғары қысым мен температурада арнайы престе жүргізіледі, маталардың берік және ұзақ мерзімге біріктірілуін қамтамасыз етеді.

Немістің «ZSK» компаниясының кәсіби тігін машинасы матаға немесе дайын бұйымға күрделілігі кез-келген тігіс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл машинаның берілген бағдарламамен басқарылатын сегіз түрлі өндіру режимдері кестелерді қысқа мерзім ішінде көптеп салуға мүмкіндік береді. Жоғары технологиялық «Gutermann», «Gunold», «Empiriler» жіптері суреттің сапасын, түсінің тереңдігін қамтамасыз етеді, кестелеу кезінде үзілу ықтималдығын азайтады.

Өндірістік цехта «JQ Laser» компаниясының матаны пішуге арналған лазерлік үстел пайдаланылады. Оның көмегімен пішушілер бұйымның күрделі элементтерін миллиметріне дейін дәл піше алады. Бұдан өзге, лазерлік үстел бағдарламасында былғары мен басқа тығыз материалдарға бедер салу функциясы да бар. Лазерлік үстел өлшемі 1300х2500 мм матаны өңдеуге мүмкіндік береді. Компанияда лазерлік жабдықтармен жұмыс жасауды үйренген мамандар жұмыс жасайды.


11-дәріс. Үлбір зауытының сипаттамасы
Дәріс сұрақтары:

  1. Үлбірге жалпы сипаттама


Дәріс мақсаты: Үлбірді қандай аңдардан аламыз және үлбір туралы ақпараттармен танысу
Үлбір - үлпілдек, мамық және биязылау жүңді жануарлардың өңделген терісі. Үлбірге түкті жабыны сапалы үй жануарларының (биязы және биязылау жүнді қойдың,қаракөл қозысының, қоянның, түбітті ешкі лағының, құлынның, бұзаудың), кейбір теңіз жануарлары (теңіз мысығы, итбалық) мен құстардың (баклаңдар, аққулар) терісі жатады. Үлбір сапасы мен пайдалану реті оларды өндеу ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Үлбірден жылы да әсем, әрі көп киіс беретін бас киім, сырт киім, жаға тігеді.

Үлбірлі бағалы аңдар арнайы темірден жасалған торларда қолдан өсіріледі. Қаракүзен, көгілдір, күміс түсті түлкілербұлғынсазқұндыз, ондатрлар - қолда өсірілетін аңдар .

Олардан алынатын басты өнім - үлбір (мех). Аң шаруашылығы көптеген шет елдерде жақсы дамыған. Біздің елімізде енді ғана дамып келеді.
Қолға үйретілген жануарлар негізінде әр түрлі шаруашылықтар ұйымдастырылған. Жабайы бунақденелердің омарта шаруашылығының, жібек шаруашылығының ұйымдастырылуы соның айғағы. Үйқоян шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы халықты еттерімен қамтамасыз етсе, үйқояннан түбіт, бұғыдан дәрілік мүйіз алуға болады. Шошқа шаруашылығының ет пен майы, сондай-ақ терісі пайдаланылды. Аң шаруашылығының негізгі өнім- үлбір.

Үйқоян шаруашылығы. Үйқоянның арғы тегі - жабайы қоян. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында (ІІІ—IV ғғ.) Испания, Марокко елдерінде қолға үйретілген. Бірте-бірте басқа елдерге таралған. Үйқояны еті, терісі және түбіті үшін өсіріледі. Қазір дүние жүзінде үйқоянның 60-қа жуық қолтұқымы өсірілуде. Үйқоянның денесі жабайы қояннан ірі, 7-10 жыл өмір сүрелі және жыл он екі ай көбейе береді. Көжектері 3-4 айда жыныстық жағынан жетіліп, ұрпақ бере бастайды. Өте өсімтал, бір аналық үйқояны жылына 3-6 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 6-8 көжектен туады.
Етті, етті-терілі бағытта өсірілетін үйқоян қолтұқымдарын 3-4 айында сояды. Үйқоян еті - жеңіл әрі сіңімді тамақ, тез қорытылады. Жас балалар, аяғы ауыр әйелдер үшін өте пайдалы. Үйқоянын еті үшін Франция, Италия елдері өте көп өсіреді.
Үйқояндардың етті, етті-терілі, терілі және түбітті қолтұқымдары бар.
Етті-терілі қолтұқымдарға - мардер, шынша (шиншилла), шампан үйқояндары жатады. Қолтұқымдардың дене мөлшері орташа, терісі мен түгі сапалы болады.
Етті қолтұқымдарға - ақ, сүр, күміс түсті, қара-қоңыр түсті үйқояндары жатады. Олардың денесі ірі, кейбірінің салмағы 7-8 килоға дейін жетеді. Терілі қолтұқымдарға - ақкіс, аляска, рекс үйқояндары жатады. Олардың тірідей салмағы 2-3,5 кг. Түгі әдемі және біртегіс. Үйқоянының терісі әдетте боялмай, табиғи түсі, түгі қырқылмай пайдаланылады. Түбітті қолтұқымдарға - татар, ангор үйқояндары жатады. Түгінің 90-92 пайызы түбіт, қылшығы аз. Мұндай қолтұқымдар түгінің түсі ақ, қара және көк болып келеді. Әр үйқояннан 360- 500 г түбіт алынады. Үйқоянын қолға өсіру тиімді. Олар тез көбейеді, онша күтім талғамайды.
12-дәріс. Шикізат түрлері мен қасиеттері
Дәріс сұрақтары:

  1. Үлбірдің маркалары мен мөлшерлері

  2. Техникалық талаптар

Стрейч үлбірге ГОСТ қарастырылмайды. Үлбір ұйымның (өндірушінің) стандарттарына сәйкес өндіріледі. Осы стандарт жоғары қысымды полиэтиленнен және соның негізіндегі құрамында пигменттер (бояғыштар), тұрақтандырғыштар, сырғымалы, антистатикалық және модификациялаушы қоспалар бар композициялардан экструзия әдісімен дайындалатын полиэтилен үлбірге қатысты болып келеді.

Үлбір   халық шаруашылығының түрлі салаларында қаптама материал ретінде қолданылады.

 

МАРКАЛАРЫ МЕН МӨЛШЕРЛЕРІ



  1. Жаппай тұтынатын бұйымдарды, тұрмыстық мақсаттағы қаптамаларды дайындау үшін: боялған және боялмаған, тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған үлбірлер үшін Н маркалы үлбір пайдаланылады.

  2. Н маркалы үлбірлерді дайындау үшін сырғымалы, антистатикалық және 5 %-ға дейінгі модификациялаушы, оның ішінде полимерлік қоспалары бар композицияларды пайдалануға рұқсат етіледі.
    Жоғары қысымды полиэтиленнің    ұсынылған маркалары мен олардың негізіндегі композициялар 1ақосымшасында келтірілген.

  3. Үлбір орам етіп оралған кенеп түрінде шығарылады (жиектері кесілген немесе кесілмеген ұзына бойы екі жағынан тілінген жең).

  4. Жиек кесіндісімен алынған кенепке арналған орамдағы үлбірдің ені бойынша шектік ауытқуы, - ±1 %.

Жоғары сұрыпты орамдағы кесінділердің саны екеуден көп емес.
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

  1. Үлбір белгіленген тәртіпте бекітілген технологиялық регламент бойынша осы стандарттың талаптарына сәйкес дайындалуы тиіс.

  2. Желілік мөлшерлері бойынша үлбір 1-кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес болуы тиіс.

  3. Сыртқы түрі мен физика-механикалық сипаттамалары бойынша үлбір 2-кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы тиіс.
    Үлгі ақауларының терминдері мен анықтамалары 2а қосымшасында келтірілген.

  4. Үлбірлі нормативтік құжаттама бойынша дайындалған картон-жиналатын шпульдерге орам етіп орайды. Шпульдің мөлшері 3-кестеде көрсетілген. Шет жақтарын сақтау үшін, шпульдің ұзындығы орамның әрбір жағынан үлбірдің енінен 5-10 мм-ге асып тұруы тиіс.

  5. Ені бойынша рұқсат етілген шамада орамның шет жағы бойымен үлбірдің жылжуына жол беріледі.

 



  
Көрсеткіштің атауы.

Нормасы

Қолмен

Автоматты

  • Номиналдықалыңдығы меншектік ауытқуы, мкм.

15 ± 1,5
17 ± 1,5
20 ± 2,0
23 ± 2,0

17 ± 2,0
20 ± 2,0
23 ± 2,0

  • Кенептің ені мен шектік ауытқуы, мм.

а) машинамен қаптауға арналған үлбір;
б) қолмен қаптауға арналған үлбір;

 

(500 - 1500) ± 1,0%


(450 - 500) ± 1,0%

  • Орамдағы үлбірдің ұзындығы, м.

а) машинамен қаптауға арналған үлбір;
б) қолмен қаптауға арналған үлбір;

 

1500 - 2000


200 - 300

  • Сыртқы түрі.

Үлбір мөлдір болуы тиіс, сызаттары, нығыздалған бүрмелері, ажыралыстары мен саңылаулары болмауы керек. Геликтердің болуына жол беріледі. Тығыз оралған және тепе-тең кесілген орам.

  • Ажырау кезіндегі беріктігі, МПа, кем емес:

ұзына бойы бағытта
көлденең бағытта

 

30 
20



 

45
25



  • Тесілуге беріктігі, МПа, кем емес

 21

 21

  • Ажырау кезіндегі салыстырмалы ұзаруы, %, кем емес:

ұзына бойы бағытта
көлденең бағытта

 

250
450



 

300
600



  • Кепілді алдын ала созылуы, %, кем емес:

 

200


 

280


  • Серпінді қалпына келтіру, %, кем емес:

 45

 50

 


Қабыршақтың маркасы

Шпульдің негізгі мөлшерлері

Тығынның ішкі диаметрі, мм

Тығынның сыртқы диаметрі, мм

Тығынның салмағы, кг

Машиналық үлбір

76,2

96,2

1,1 – 1,6

Қол үлбірі
орау ені 450 мм
орау ені 500 мм

 

50
50



 

60
60



 

0,25
0,27




13-дәріс. Үлбір зауытын жобалау
Дәріс сұрақтары:

  1. Шикізат санын есептеу


Дәріс мақсаты: Үлбір зауытын жобалау кезіндегі шікізаттың санын есептеудің әдістемесі үйрету

Бастапқы деректер және белгіленуі:
Мтәу – үлбір фабрикасының тәуліктік өнімділігі,шт/сут.

VП – пайдалы аппарат көлемі , л

жк – сұйықтық коэффициент, л/кг

тi – 1 дана шикізат массасы

аi –жобаланған шикізат түрі , %

Σ =100% i а



Есептеу

1. Үлбір шикізатының түрі бойынша бөлу коэфиценті :



2. Бір партия шикізатының массасының есептелуі,Кг



3. 1 дана шикізаттың орташа есептеулік массасын табу



4.Тері шикізатының есептеулік көлемі, тәулікке байланысты:




5. .Тәулігіне партия санын қабылдаймыз: nсут
6. Бір партия шикізатты түріне байланысты массаны табу:

7. Жеке шикізат түріне байланыста партия санын табу :


8. Шикізаттың түзелген партия саны :



9. Бір партиядағы әр шикізат түрін табу



10. Әр шикізат түріне байланысты тәуліктік өнімділік , шт:



11. Шикізат ассортиментін түзеу :





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет