Былғары және мех өҢдеу технологиясы


Қышқылдың мөлшерін анықтау



бет14/14
Дата16.06.2016
өлшемі2.44 Mb.
#140929
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Қышқылдың мөлшерін анықтау

5 см3 пикельді 20 см3 тазартылған сумен (мех жартылай фабрикатына арналған пикельді сумен сұйылтпайды) араластырарда қызғылт индикатордың қатысуымен 0,1 н. натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлейді.

Органикалық қышқылдарды пайдалану кезінде титрлеуді фенолфталейннің қатысуымен әлсіз қызғылт түстің 20 мин аралығында жойылмағанға дейін жүргізеді.

Қышқылдардың мөлшері мына формулалар бойынша анықталады:



мұнда: Х1 – тұз қышқылының мөлшері, г/л;

Х2 - күкірт қышқылының мөлшері, г/л;

Х3 - сірке қышқылының мөлшері, г/л;



а - титрлеуге кеткен 0,1 н. натрий гидроксиді ерітіндісінің көлемі, см3;

К - натрий гидроксіді ерітіндісінің титріне түзету коэффициенті;

0,00365; 0,0049 және 0,006 - 1 см3 0,1 н. натрий гидроксиді ерітіндісіне сәйкес, қышқыл мөлшері.



Натрий хлоридінің мөлшерін анықтау

10 см3 пикельді сұйықтықты алады да сыйымдылығы 250 мл өлшемі бар шыны ыдысқа құйып, белгіге дейін тазартылған сумен толтырады. 20см3 аналитикалық ерітіндіні сыймдылығы 200-300 мл шыны ыдысқа құйып фенолфталейннің қатысуымен 0,1 н. сілті ерітіндісімен бейтараптайды, содан кейін 2-3 тамшы калий хроматы ерітіндісінің қатысуымен 0,1 н. күміс нитраты ерітіндісімен немесе көк бромфенолдың қатысуымен 0,1 н. сынап ерітіндісімен титрлейді.

Пикельдің құрамында күкірт қышқылы кірген жағдайда натрий хлоридінің мөлшері, г/л:

мұнда: а - титрлеуге кеткен 0,1 н. күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, см3;



К - күміс нитраты ерітіндісінің титріне түзету коэффициенті;

0,005845 - 1 см3 0,1 н. күміс нитраты ерітіндісіне сәйкес натрий хлоридінің мөлшері, г.

Пикельдің құрамына тұз қышқылы кірген жағдайдағы натрий хлоридінің мөлшері, г/л:


мұнда: а - хлоридтердің барлық қосындыларын анықтау кезінде титрлеуге

кеткен 0,1 н. күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, см3;



в - тұз қышқылының мөлшерін анықтауға кеткен 0,1 н. натрий

гидроксиді ерітіндісінің көлемі, см3.



Аммоний сульфатының мөлшерін анықтау

Сыйымдылығы 500 см3 шыны ыдысқа 50 см3 тұзды ерітіндіні құйып, тазартылған сумен көлемін белгіге дейін жеткізеді. Аналитикалық ерітіндіден 10 см3 алады да, сыйымдылығы 200-300 мл конус формалы шыны ыдысқа құяды, оған шыны түтікшемен (бюреткамен) 50см3 -0,1 н. натрий гидроксидінің ерітіндісін және 100 см3 тазартылған су қосады. Ерітінді көлемінің үштен бірі азайғанға дейін қайнатады, содан кейін салқындатып, қызғылт метил индикаторының катысуымен 0,1 н. қышқыл ерітіндісімен титрлейді, бұл кезде мына реакция жүреді:



(NH4)2SO4+2NaOH=Na2SO4+2NH3+2H2O

Аммоний сульфатының мөлшері мына формула бойынша анықталады:



мұнда: К және К, - сілті және қышқыл ерітіндісінің титріне түзету

коэффициенті;

а - кері титрлеуге кеткен 0,1 н. күкірт және тұз қышқылдарының ерітіндісінің көлемі, см3;

6,6 - 1 дм3 0,1 н. натрий гидроксидінің ерітіндісіне сәйкес, аммоний сульфатының мөлшері, г.


Жүн түгінің майлылығын анықтау

Фарфорлы шыны аяққа суы сығып алынған 2 г тері түгіне 2 г сірке ангидриді мен 1г концентрациялы күкірт қышқылынан дайындалған қоспаны құяды. Бұл кезде жақсы майдан арылған түк боялмайды (түктегі майдың мөлшері 2 % кем). Егер түктегі майдың мөлшері 2 % -дан көп болса, онда түк жасыл түске боялады.



Майын кетіру. Жартылай фабрикаттың және мех пен былғары шикізаттарының майын кетіру негізінде эмульсиялық әдіспен, әртүрлі беткі активті заттарды (БАЗ) қолдану арқылы өткізіледі (сопал, сульфонол, «новость» ұнтағы т.б.). Әдетте мех шикізатының майын кетіретін сұйықтықтың құрамына натрий корбанаты кіреді. Сондықтан мехтық қой терілерін өндеген кезде сілтінің әсеріне жүн түтігінің тұрақтылығын күшейту үшін, майын кетіретін сұйықтыққа формалин қосады. Шошқа терісінің қылшығының майын кетіруде де натрий корбанатын қолданады. Мех шикізаттарының майын кетіру үшін органикалық еріткіштерімен бірге БАЗ-дың эмульсиясын да пайдаланады. Сөйтіп май кетіретін сұйықтықта әдетте, натрий карбонатының құрамына (БАЗ-ды енгізгенге дейін), жалпы сілтілікті (БАЗ-ды енгізгеннен кейін), формалин мөлшерін және көбіктенуін анықтайды. Әдетте БАЗ-дың тиісті концентрациясын есептеуге болады. Процесс соңында жүн түгінің майының кету дәрежесін анықтайды.

Күлдеу және жүннен арылту

Жүннен арылту процесі (терінің түкті жабынын кетіру) екі сатыдан тұрады:

1. Алдын-ала жүннің және терінің беткі қабатының қыртысының өзеңмен байланысын әлсірету;

2. Жүнді жүн алатын машина арқылы механикалық жолмен алып тастау.

Жүннен арылтудың бұл әдісі көбінесе жүні мол майда шикізаттардан (ешкі, қой, терілері) хромдық, сонымен қатар юфть және аяқ киімнің астыңғы бөлігіне арналған былғары өндірісінде де қолданылады.

Түк пен қыртыстың өзеңмен байланысын алдын-ала әлсірету үшін химиялық немесе ферментативтік әдістер жүргізіледі. Химиялық әдістермен жүннен арылту кезінде, (шикізаттарды сілтілік реагенттермен өңдеу) терінің астар жағына жағатын қоспаны немесе жүннен арылту мен күлдеудің біріккен әдістерін пайдаланады.

Жүннен арылтудың басқа әдісі - жүн түгін бір жола жою (еріту). Химиялық әдіс арқылы түктің өзеңмен байланысын әлсірету немесе түкті түгел жою кезінде жүннен химиялық реагенттермен әсер ету, түктегі керотиннің дисульфидті байланыстары арқылы жүргізіледі.

Шикізаттардың ферменттер арқылы жүннен арылту негізіне қыртыс пен өзеңнің арасындағы кейбір белоктарды (мукоид, альбулин, глобулин) еріту жатады. Сол себепті түк пен өзеңнің байланысы әлсірейді. Күлдеу процесінде өзең, өзара байланысқан көптеген өзгерістерге ұшырайды. Күлдеу сұйықтарының құрамдас бөліктері өзеңнің белоктарымен өзара химиялық байланысады, каллогеннің құрылысындағы кейбір молекулалар арасындағы байланыстардың бірен-сараны қайтымсыз бұзылады, өзең қатты ісінеді, өзеңнің талшықтары арасындағы белоктар ерітіндіге ауысады, шикізаттарда аз мөлшерде болатын табиғи май сілтілік реагенттердің әсері етуімен көпіршіктенеді. Осының нәтижесінде, өзеннің микроқұрылымында және одан өңделген былғарының қасиетінде мәнді өзгерістер болады. Қазіргі кезде ірі қара мал терісінен аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған хромдық былғары өндірісінде біріккен күлдеу және жүннен күйдіру арқылы арылту әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдістер былғары шикізаттарын жібітуден кейін құрамына натрий сульфиді, кальций гидроксиді және аммоний сульфаты бар (рН туралау үшін) сілтілік ерітіндісімен өндейді. Күлдеу процесінде, күлдеу сұйықтығының құрамындағы кальций гадроксиді, натрий сульфиді, сұйықтықтың ортақ сілтілігі және оның температурасы жүйелі түрде бақыланады. Күлдеу сұйықтығындағы құрамында азоты бар заттардың мөлшері оқтын-оқтын тексерілуі қажет.



Күлдеу сұйықтығын талдау. Күлдеу сұйықтығынан кальций гидроксидінің мөлшерін және оның сілтілігін анықтаудан бұрын талдауға әзірленген ерітіндіні мыс торшадан (сеткадан) немесе марлі арқылы сүлгіден өткізеді. Күлдеу сұйықтығынын негізділігі кальций гидроксиді немесе тотығының мөлшері арқылы беріледі. Олар әртүрлі қоспаларды (жүн, шел т.б.) ұстап қалады да, тек әк бөлшектерінің өтуіне ғана кедергі жасамайды. 10 см3 жақсы араласқан күлді сұйықтықты шыны түтікпен конус формалы шыны ыдысқа ауыстырады да, фенолфталейннің қатысуымен 0,1н. тұз қышқылының ерітіндісімен түссізденгенге дейін титрлейді.

X1 кальций тотығының мөлшері және X2 кальций гидроксидінің мөлшері немесе сілтілігі, г/л, мына формулалар бойынша анықталады:

;

Жалпы сілтілікті анықтау кезінде, титрлеуге индикатор ретінде фенолфталейнді емес, метил қызғылтын пайдаланады. Фенолфталейнмен титрлеу кезінде тек қана калий гидроксидінің мөлшерін емес, сондай-ақ сульфидтердің мөлшерінің де жарымы анықталады. Натрий сулъфидінің қатысымен кальций гидроксидінің мөлшерін дәл анықтау үшін, оның 1 л күлді сұйықтықтығының жалпы мөлшерін осы ерітіндідегі калий тотығына есептегендегі, натрий сульфидінің мөлшерінің жарымын алып тастайды.

Мысал: 25 см3 күлдеу сұйықтығын титрлеуге 8,4 см,3 0,1 кальий гексацианоферратының (Ш) ерітіндісі, ал 10 см3 титрлеуге кеткен кальций гидроксиді мөлшерін анықтағанда 26,2 мл 0,1н. тұз қышқылы ерітіндісі кетті.

Кальций гидроксидінің мөлшері мына формуламен есептеледі:



г/л.

Күлдеуден кейінгі жартылай фабрикаттың сапасын бақылау. Жарғақтың күлденгендігін оның серпімділік дәрежесіне қарай бағалайды, яғни жарғақтың беткі жағын саусақпен басқан кезде із қалмауы керек. Сонымен қатар, жота сызығы бойынша сауыр бөлігінен алынған тілік біркелкі және жартылай мөлдір болуы керек.

Жартылай фабрикаттың күлденгендігі өзеңнен алынған тілікті ферменттерде еру жылдамдылығы арқылы сипатталады, сондықтан ферментті термиялық әдіспен анықтайды. Өзеңнің тілігі қаншалықты тез ерісе, соншалықты оның күлденгендігі жоғары. Жарғақтың күлденгендігін бұл әдіс бойынша былай анықтайды: кез-келген партиядан 3 дана жарғақ тандап алады да, сауырдың стандартты учаскесінен өлшемі 3х5 см тең сынықтарды кесіп алады.

Алынған сынықтарды өлшемі 10х6 мм тең бөліктерге бөлшектеп, сұйық көмір қышқылының көмегімен беткі қабатын мұздататын микротомда мұздатып, одан қалыңдығы 30 мкм тілік жасайды. Анықтауға керекті тіліктерді өзеңнің ортасынан (торлы қабаттан) алып, суы бар шыныаяққа салады. Өзеңнің төменгі бөлігінен алынған тілікті анықтауға алмайды.

Әрбір сынақтардан үш тілікті 15 см3 панкреотин сығындысы бар шыны стаканға салады. Оны дайындау үшін 0,15г панкреотинді 30 мин аралығында, 15 см3 27оС температурада тазартылған суда ұстайды. Содан соң сығындыны сүзіп, оған 1,5 см3 5% натрий хлориді ертіндісін қосады.

Тіліктер және сығынды бар стакандарды алдын-ала, аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарының жарғақтығын анықтау үшін 57оС дейін қызырылған, юфтке арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 55оС дейін қыздырылған, ал бұзау терілерінен хромдық былғарыға арналған жарғақтың күлденгендігін анықтау үшін 54оС дейін қыздырылған су моншасына қояды. Коллагеннің еру процесін бақылау үшін, тілік алынған стакандарды әлсін-әлсін су моншасынан алып бақылайды. Тіліктер майда бөлшектерге ыдырайды, ал олар өзінше шоқ таяқтарына бөлінеді. Соңғылары ферментті-термияалық әсерден нүктелік массаға айналғандай жіңішкеріп, көп ұзамай мөлдір сығынды түріне келеді (талдаудың соңы).

Жарғылықтың күлденгендігін анықтау процесі кезінде мынадай жағдай болуы мүмкін: негізгі тіліктердің массасы ерігенмен, ерітіндіге айналмаған жіңішке жолақтар қалады (бұл кезде талдауды қайта жүргізу керек). Бұл мынадай себептерден болады:

Мұздатқыш микротомда тіліктерді дайындау кезінде үлгілердің бірқалыпты тілінбеу салдарынан, (мысалы біркелкі тоңазытылғандықтан) ұстара торлы қабатпен қатар емізікше қабатының бір бөлігі немесе тері асты шел қабатының бөлігін алып кету мүмкін. Бұндайдан аулақ болу үшін талдаудың алдында тірліктерді микроскоппен тексеру керек.

Торлы қабаттың тіліктерін, коллагенді шоқтардың бірімен-бірінің күшті өрленуімен шаш тамырларының болмауынан, эпителиалды құрылымның және көп жағдайда қан тасығыш түтіктердің болмауынан оңай тануға болады. Тері астындағы клеткалардың тіліктерінен коллагенді талшықтар едәуір жіңішке, оның керілуі, өрілуі онша анық емес, қан тасығыш түтікшелер өте үлкен. Торлы қабаттың тіліктері кератиннің қалдықтары және талшық қалтасы арқылы оңай танылады. Талдау кезінде мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: негізгі коллагенді масса ерігенмен, бірен-саран, көп уақытта ертіндіге айналатын талшықтар алады. Бұл ретикулді құрамындағы талшықтар, олар фермент әсеріне берік келеді, сондықтан оларға еру ұзақтығын белгілеу кезінде назар аудармау керек. Егер ерімеген талшықтар коллаген талшықтары емес пе екен деген күмән болса, онда былай жасайды.

Негізгі коллагендік тілік массасының еру уақытын белгілеп, қалған талшықтарға одан ары ыстықпен әсер етеді. Егер 10 мин аралығында осы көрініс өзгермесе, онда еру ұзақтығына негізгі массасының еру уақытын қабылдайды. Егер талшықтар ерісе, онда еру ұзақтығы массасы мен талшықтардың еру уақытының қосындысынан құралады.

Төменде, коллагеннің еру ұзақтығымен сипатталатын, жарғақтың күлдену мөлшері келтірілген, мин:

бұзау терісі 25-35;

23-ші бөлік өлшемі 35-40;

24-ші және 3-ші бөлік өлшемі 40-50;

4-ші бөлік өлшемі 50-60;

тана терісі 50-65.

Қажет болғанда жарғақтағы ылғал, су, белоктық заттар мөлшерін химиялық талдау арқылы анықтауға болады. Оларды шикізатты немесе былғарының химиялық талдау кезіндегідей әдістермен жүргізіледі.

Күлденуден кейін жартылай фабрикатты гистологиялық бақылау, микроскоптың көмегімен жүргізіледі. Өткір ұстарамен жарғақтың жал бөлігінен алынған өлшемі 2x2 см үлгіні, өлшемі 10x3 мм тең бірнеше бөлікшеге бөліп, оларды фиксация үшін екі тәуелікке 10% формалин ерітіндісі бар банкаға салады. Жарғақтың 2-3 бөлікшелері үшін 100 см3 формальдегид ерітіндісін алады. Бекітілгеннен кейін үлгілерді сумен жуады да, тоңазытқыш микротомда қалыңдығы 30-40 мкм тіліктер жасайды, содан кейін оларды гемотокселинмен және эозинмен бояйды, құрғатады, заттық шыныға ауыстырады және беті шынымен жабылған самырсын шайырының ішіне енгізеді. Содан соң микроскоппен қыртысты-кератиндік құрылымының жоғалуын немесе жойылу дәрежесін және талшықтарға бөліну белгілері мен коллогенді шоқтардың жай-күйін байқайды.

Күлден арылту және босаңсыту. Жартылай фабрикат күлдеуден кейін (жарғақ) жоғары сілтілікке ие болады. Оған кальций гидроксидінің жарғақпен химиялық байланысқан және капилярлы сіңген мөлшері мен натрий сульфиді себепші болады.

Келесі процестерді жақсы жүргізу үшін жарғақты күлден арылту керек, яғни артық сілтілікті бейтараптап, оның ісінгендігін жою қажет. Жарғақты жүннен арылту үшін былғары өндірісі практикасында көбінесе аммоний тұздарын қолданады, әдетте аммоний сульфатын, сонымен қатар басқа да реагенттерді қолдануға болады (органикалық және минералды қышқылдар, натрийдің гидросульфит және гидросульфаты т.б.).

Аммоний сульфатын күлден арылтуға қолдану, бұл қосылыстың гидролиз процесі кезінде бейтараптауға әсерін тигізетін, күкірт қышқылының түзілуіне негізделген.

Сонымен қатар, түзілетін аммоний гидроксиді жарғақтың ісінуін туғызбайды және жұмсақтығын сақтайды, кейіннен аммоний гидроксиді оңай ұшып кетеді. Бұл жүйе теңдікте болғандықтан күкірт қышқылы сілтілерді бейтараптауға қанша кетсе, сонша түзіледі, сөйтіп процесс автоматты түрде реттеледі.

Жарғақтың құрылысындағы кальций гидроксидін аммоний сульфатымен бейтараптауды схема түрінде былай көрсетуге болады.





Әдетте, аммоний сульфатын қиын еритін гипс түзілуін болдырмау үшін артық мөлшерде алады. Босаңсыту процесі тәртіп бойынша көлден арылтумен бірге жүргізіледі және онымен тығыз байланысқан.

Босаңсыту жүннен арылған жарғақты қысқа уақытта ферментті препараттармен өңдеу арқылы жүргізіледі. Осының нәтижесінде жарғақтың беткі қабаты және былғары жұмсақтыққа, созымдылыққа және тегістікке ие болады. Сонымен қатар, белоктың шірік қалдықтарын (гнейст) және коллаген өнімдерінің ыдырау заттары келтіріледі. Ферментті препараттар ретінде ірі қара малдың асқазан асты бездерінен алынған протеолитикалық ферменттер (мысалы панкреатин) және микробтан шыққан препараттар (протосубтилин Г-3х т.б.) қолданылады. Күлден арылтуды бақылаудың негізгісі - жарғақты тіліктерінің рН-ын тексеру. Күлден арылғаннан кейінгі жарғақ бейтарапқа жақын болуы керек. Практика жүзінде процестің соңын фенолфталейн көмегімен анықтайды (0,1% спирттегі ертіндісі). Әдетте кесінділерді жарғақтың сауыр жағынан алады. Ауыр шикізаттардан алынған жартылай фабрикат үшін тіліктің ортасы барлық қалдықтың 30% дейін сынақ кезінде фенолфталейнмен қызыл түске боялуы керек. Бұл кезде терінің қалың жағы толық күлден арылуы керек, яғни тіліктің барлық қалыңдығы түссіз болуы керек.

Майда шикізаттардан тұратын жартылай фабрикаттар үшін тілік толық түссіз, яғни толық күлден арылған болуы керек. Ферментті препараттардың шығыны олардың белсенділігіне байланысты, препараттың белсенділігі қаншалықты жоғары болса, оның шығыны соншалықты аз болады және керісінше. Сондықтан өндіріс әдістемелерінде ферментті препараттардың концентрациясы оның белсенділігіне байланысты берілген. Айта кететін жағдай, босансытқыштың концентрациясы мен белсенділігінің арасында тікелей байланыс жоқ. Босаңсыту ұқыпты түрде бақылануы керек, әсіресе оның ұзақтығы және босансытқыш сұйықтықтың белсенділігіне айрықша көңіл аудару керек. Босаңсытқыш сұйықтықтың өте жоғары белсенділігі былғарының бос және ақаулы болуына әкеліп соғады.

Босаңсыту процесінде жартылай фабрикаттарды бақылау органолептикалық түрде жүргізіледі. Босаңсытудан кейін жарғақтың беткі қабаты біркелкі және тайғанақ болуы керек, ал бетті саусақпен басқанда із қалуы керек. Майда жартылай фабрикаттар үшін босаңсыту процесінің аяқталғандығын "желқабық" сынауы арқылы тексереді, яғни ауа өткізгіштігіне байланысты жарғақты қап ретінде бүктеп, содан соң ауа жібермей қысады. Дұрыс жұмсарған жарғақтың бетінен ауа көпіршіктері шығуы керек.
Мехтың жартылай фабрикатын бейтараптау

Былғары және мехты бояу өте күрделі физикомеханихалық процесс. Былғарының бояумен салыстырғанда мехты бояу одан күрделі, сондықтан ұқыпты түрде бақылауды қажет етеді. Мехты бояудан бұрын дайындық сферациаларын жүргізеді: бейтараптау және протравтау.

Бейтараптаудың мақсаты - түкті және былғары тканін белтілі рН-қа келтіру сонымен қатар протравтау және бояу процестеріне барынша ыңғайлы жасау болып табылады.

Бейтараптау, мех жартылай фабрикаттарын, бетік активті заттардың (ПАВ) қатынасуымен, сітігі реагентерінін (натрий карбонаты немесе тиосульфатымен, аммиак ерітіндісімен) ерітінділерімен өңдеуден тұрады.



Аммиак мөлшерін анықтау

25 см3 сыналатын ерітіндіні конус шыны ыдысқа құйып, метилді қызғылттың қатысуымен 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісімен немесе тұз қышқылы ерітіндісімен титрлейді. 25 продентті аммиактың судағы ерітіндісінің мөлшері, мл/л:



бұл жерде: а - титрлеуге кеткен 0,1 н қышқылы ерітіндісінің көлемі, см3; 0,1н қышқыл ерітіндісінін титріне түзетпе; 0,0017 - 1 см3 0,1 н қышқыл ерітіндісіне сәйкес келетін аммиактың мөлшері, г, 0,91 - 25 проц аммиак ерітіндісінін тығыздығы.



Дихроматтық қатынасуымен қышқыл мөлшерін анықтау

10 см сыналатын ерітіндіні конус шыны ыдысқа құяды, сумен 100-150 см3 дейін араластырады, кайнатады, содан сон фенолфталейннің қатынасуымен әлсіз қызғылт бояу пайда болғанға дейін 0,1 н сілті ерітіндісіменен титрлейді. Қышқыл мөлшері (күкірт қышқылына есептегенде), г/л



бұл жерде: а - қышқыл және дихроматты титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ерітшдісінің көлемі, см3; b - дихроматты титрлеуге кеткен 0,3 н натрий тиосульфаты ерітіндісінің көлемі, см3; К1, К2 - сілті және натрий тиосульфаты титріне түзетпе; 4,9 - 1 дм3 0,1 н сілті ерітіндісіне сәйкес келетін күкірт қышқылының мөлшері, г.



Сутек пероксидінің (пертотығының) мөлшерін анықтау

Мехтік жартылай фабрикаттарды тотықтандыратын бояғыштармен бояу кезінде, 30 проц сутек пертотық ерітіндісінің, натрий және аммиак хлоридінің мөлшері бақыланады.

30 процентті сутек пертотық ерітіндісінің мөлшерін анықтау үшін 10 см3 сүзілген бояйтын ерітіндіні сыйымдылығы 250 мл конус шыны ыдысқа құяды, 10 см3 күкірт қышқылын (1:4), 10 см3 10 проц калий иодының ерітіндісін және 2-3 тамшы 10 проц аммоний молибденінің ерітіндісін қосады. Шыны ыдысты сағат шишасымен жабады да 10 минутқа қараңғы жерге қояды. Бөлініп шыққан иодты крахмал қатысуымен 0,1 н тиосульфат ерітіндісімен титрлейді.

Жүретін реакцияның теңдеуі:

H2O2+2KJ+H2SO4=K2SO4+J2+2H2O,

J2+2Na2S2O3=NaJ+Na2SO4O6

Сутек пертотығының мөлшері, мл/л:

мұнда: а - титрлеуге кеткен 0,1 н. натрий тиосульфаты ерітіндісінің көлемі, см3



К - 0,1 н. натрий тиосулфаты ерітіндінің титріне түзету коффициенті;

0,0017 - 1 см3 0,1 н натрий тиосульфаты ерітіндісіне сәйкес, сутек пертотығының мөлшері.

Былғары жартылай фабрикаттарын бейтараптау

Бейтарантау процесі хроммен илеу процесімен біртұтас. Оны илеуді аяқтайтын процесс деп қарау керек, яғни бейтараптау кезінде хром комплексінің өзеңмен байланысты одан әрі нығайта түседі. Бұл хром компілексімен коллагенді карбоксилді және аминотоптың координациялық байланысуы деп түсіндіріледі.

Былғарыны бейтараптаудың одан кейінгі жүргізілетін бояу және майлау процестері үшін үлкен мәні бар. Бейтараптаудың арқасында бояу барынша бірқалыпты жүреді, май эмульсиясы былғарыға жақсы сіңіріледі сонымен қатар май өзен қалыңдығына теріс, бірқалыпты орналасады.

Жеткіліксіз бейтараптанған былғарыны майлау, майдың қабат - қабатқа жетпей жатып бөлінуіне себеп болады да былғарының беткі қабатында майдың көп болуына алып келеді, бұл кезде былғарыны әрлеуге кедергі жасайтын жабысқақ хромды сабынға түзеледі. Бейтараптау реагенттері ретінде көбінесе қолданатындар натрий гадрокарбоната мен формиаты.

Қолданылатын былғарыларға (қолғап былғарысы, аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған былғары) және бояғыштарға жартылай фабрикатты бейтараптауды көп немесе аз дәрежеде жүргізеді. Бейтараптаудың тереңдігін (жартылай фабрикаттың рН-ын) негізінде қызыл метил және бромкрезолды жасыл индикаторлардың көмегімен тексереді. Бейтараптау біткеннен кейін жартылай фабрикаттың сауыр жағынан (партияның үш былғарысынан) кішкене бөліктер кесіп тілінген жеріне индикаторды тамызады. Жартылай фабрикаттың орта және сыртқы қабатының бояулы бойынша бейтараптаудың қаншалықты өткендігі туралы баға беріледі. Қызыл метил индикаторы, бейтараптаудың терендігіне байланысты, жартылай фабрикаттың қабатының ортасын жалпы қалыңдығымен салыстырғанда, 30-50 проц қызғылт түске бояйды. Бұл кезде сыртқы қабат сары түске боялады. Бромкрезолды жасыл жартылай фабрикаттың сыртқы қабатының қалыңдығын 60 проц дейін бояуы керек.

Былғары жартылай фабрикатын қосымша илеу және толықтыру

Былғарыны толықтыру және қосымша илеу келесі функцияларды орындайды: өзең құрылысының қосымша қалыптасуы және былғары созымдылығының азайуы; былғарының беткі қабатының тығыздалуы және оны түрпіленуге дайындау (бұл жасанды бет қабаты бар былғарыға және велюрге өте маңызды); былғарыны вакуммен және жапсыра кептіруге дайындау; бос шеткі бөліктердің тығыздығын және қалыңдығын тегістеу; юфть және аяқ киімнің төменгі жағына арналған былғарының суға және үйкеліске төзімділігі мен тұрақтылығын арттыру; әдетте қосымша илеу заттары 1-ші, 3-ші функцияны, ал толықтырғыш заттар 2 соңғысын орындайды. Бірақта кейбір қосылғыштар (мысалы аминді шайырлар) бір мезгілде, қосымша илейтін және толықтыратын заттар бола алады. Табиғатына байланысты барлық қосымша илегіш және толықтыратын реагенттерді, минералды (хром, цирконий, титан, коалин және т.б) және органикалық (өсімдікті және синтетикалық илегіштер, синтетикалық пилимелер, глутар альдегиді, белокты толықтырғыштар) деп 2-ге бөледі.

Аяқ киімнің жоғарғы бөлігіне арналған, хроммен иленген жартылай фабрикатты, толықтыру кезінде әртүрлі синтетикалық полимерлердің дисперсияларының анионды (МХ-30, МБМ-3 дисперсиясы, латекс ЛВ) және катионды түрлерін (латекс ЛА және дисперия МХ-30-К) қолданады. Шет елдерде қосымша илеу және толықтыру үшін әртүрлі амин шайырларын: мочевинді формальдегидті (умакол), меламинді формальдегидті (артанол WL танак МЮС), дициандиамидтің катионды Осемтан К-33, рентинган К-б, резинтан-К, отамол, сатилан) шайырларын (дразил-I, резитан - А) пайдаланады.

Едәуір дәрежеде былғарының сапасы толықтырған және қосымша илеу кезіндегі өнген полимердің мөлшеріне, сонымен қатар олардың өзең құрылысына бірқалыпты және тереңдей кіруіне байланысты.

Полимердің анионды түрінің дисперсиялық бөлшектерінің жартылай фабрикатқа тереңдей енуін және олардың сіңу дәрежесін, дисперсиялық рН-ын көтеру жолымен ретке келтіруге болады. Әдетте дисперсиясының анионды түрінің рН-ын аммиактың судағы ерітіндісімен рН-5-9 дейін түзетеді. рН-8,5-нан аз болған кезде дисперсия коагуляцияға түсуі мүмкін, бұл жартылай фабрикаттың беткі қабатының шайырлануына алып келеді. рН - 9,5-тен жоғары болса, полимер дисперсиясының сіңіру тұрақтылығы артады, бұл сұйықтағы полимердің азайу дәрежесін төмендетеді. Егер толықтыруды катионды түрдегі дисперсиямен жүргізсе, онда оларды алдын-ала иондік емес эмульгатормен тұрақтандырады, мысалы, ДС-10 синтанолмен (катионды дисперсиянын рН-ын арттырмайды, себебі сілтіні қосқан кезде олар коагуляцияға түседі). Былғарыға аминды шайырлардың бірқалыпты және тереңірек енуіне бейтараптау процесі мәнді әсер етеді. Былғарыны дициандиамидті шайырмен толықтыру және қосымша илеу кезінде бейтараптауды кальций формиатымен жүргізу орынды, себебі ол өзен қабатына біркелкі бейтараптайды, бұл былғарыдағы шайыр мөлшерінің күрт өсуіне әсерін тигізеді. Бейтараптаудың соңында сұйықтық рН-ны 48-5,0 болуы керек, ал қосымша илеуден кейін 4,7-5,0. Полимер дисперсиясымен толықтыру процесінде жартылай фабрикаттағы полимер мөлшерін анықтау әдісі, толтыру процесінде толықтырғыштардың қанша проценті пайдаланғаның және онын құр пайдасыз кеткен шығынын, бастапқы және пайдаланған полимердің мөлшері арқылы есептеуге мүмкіндік береді.

Әбден мұқият шайқалған 5 см3 сұйықты сыйымдылығы 100-150 мл өлшенген шыны ыдысқа құйып, булап қалдығын 95-100°С температурада кептіргіш шкафта тұрақты салмаққа дейін (а) кептіреді. Бос шыны ыдыстың салмағымен және ішінде құрғақ қалдығы бар шыны ыдыстың салмағының арасындағы айырмашылық арқылы сұйықта полимер мөлшерін анықтайды. Полимер мөлшері, г/л:



Фарфорлы шыны ыдысқа 5-6 г (жуылып кептірілген) таза өзен құмын салып, беткі қабатын 5см3 пайдаланған ерітіндімен сулайды. Содан кейін, кептіргіш шкафта 95-100°С температурада, құмды шыны таяқшамен қайта-қайта араластыра отырып, 2-3 сағат кептіреді.

Құммен араласып кеткен қоспаны қағаздан жасалынған гильзаға ауыстырады да, 2 сағат аралығында полимерды дихлорэтан мен майлағыш заттарды бөліп алуға арналған аспапта экстракциялайды. Содан кейін еріткішті айырып, қалдықты тұрақты салмаққа (а) дейін 95-100°С температурада кептіргіш шкафта кептіреді. Пайдаланған сұйықты полимер мөлшері, г/л:

Есептеу кезінде жартылай фабрикаттың ылғалдылығын ескеру керек. Жартылай фабрикатты полимер дисперсиясымен толықтыру процесінде полимер мөлшерін латексті натрий хлоридімен тұздықтауға негізделген әдістермен анықтауға болады. Химиялық стаканға, толықтыруға дейін немесе толықтырудан кейін алынған 100 см сүзілген ерітіндіні құяды, содан кейін 25 см3 қаныққан натрий хлориді ерітіндісін қосып жақсылап араластырып, полимерді тұнбаға түсіру үшін 15 минутқа қалдырады.

Түскен полимер тұнбасын түгелімен өлшенген сүзгіге ауыстырып, күміс нитратымен тексергенде СL - ионы жоқ реакцияға дейін ыстық сумен жуады. Содан кейін полимер тұнбасын кептіргіш шкафта 100°С температурада тұрақты салмаққа дейін кептіреді.

Полимер мөлшері, %:



мұнда: а - полимердің тұнбаға түскен салмағы, г.



Қосымша илеу мен толықтыру процесінде жартылай фабрикаттағы аминді шайырлардың мөлшерін азот бойынша анықтау. Алдыменен бастапқы шайырдан азот мөлшерін табады. 10 см3 аминді шайырды шыны түтікпен сыйымдылығы 250 мл өлшемді шыны ыдысқа ауыстырады да, ерітіндінің көлемін тазартылған сумен белгіге дейін жеткізеді. 10 см3 дайындалған ерітіндіні жандыру үшін шар тәріздес шыны ыдысқа құяды да, оған 15 см3 концентрацяланған күкірт қышқылын, мыс сульфаты шөкімін және 2 г суық сусыз калий сульфатын қосады.

Шыны ыдыстың ішіндегілерін жандырып, Кьелдалдің әдісімен азотты анықтайды. Шайырдағы азот мөлшері, г/л:



мұнда: а - және а1 - шайырдың сынағына және бақыланатын сынаққа сәйкес

титрлеуге кеткен 0,1 н. тұз қышқылының ерітіндісінің көлемі, см3;

0,0014 - 1 см3 0,1 н тұз қышқылы ертіндісіне сәйкес азоттың көлемі.

Шайырдағы бастапқы азоттың мөлшерін біле отырып, процестің басталуына дейінгі ерітіндідегі азот коцентрациясын анықтайды.

Қосымша илеуді және толықтыруды бітіргеннен кейін немесе қосымша илеу мен толықтыру процесі кезінде пайдаланған ерітіндідегі азот мөлшерін анықтайды. Бұл үшін пайдаланған ерітіндіден 10 см3 алып, шыны ыдысқа ауыстырады, жандырады және Кьелдал әдісімен азот мөлшерін анықтайды.

Бастапқы және пайдаланған ерітіндідегі азот мөлшері айырмашылығымен, жартылай фабрикатқа сіңген аминді шайырлардың мөлшерін анықтайды.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

1. Страхов И.П., Шестакова И.С, Куциди Д.А и др. Под ред. проф./ И.П., Страхова. Химия технология кожи и меха. Учебник для вузов, 4-е изд., перераб и доп, - М., Легпромбытиздат, 1985, 496 с, ил.

2. Мадиев У.К. Минеральное дубление в производстве кож.- М., Легпромбытиздат, 1987, 120 с.

3. Бейсеуов К. Новое в минеральном дублении кож. Моногр. - М., Легпромбытиздат, 1933, 128 с.

4. ІПаңырақ (қысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы) (Бас редактор Р.Н. Нурғалиев. - Алматы, Каз. Сов. энцикл. Бас редакциясы, 1990) Ред. коллегия Ж.А. Адаев., X.А. Арғынбаев, Н.А. Барлыбаева т.б. - 568 бет.

5. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1 - 12 том, Алматы қаласы, 1972 - 1978.

6. Кененбаева Ырым. Інжу-маржандар. - Алматы, Жалын, 1980, 184 бет.

7. Ә. Жұмадилов., А. Бекенов., X. Қыдырбаев. Казақстан қорықтары. "Қайнар" баспасы, Алматы, - 1980.

8. А. Бекенов, X. Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау. "Кайнар" баспасы, Алматы, 1975.

9. Ғайдар Л.П. Технология кожи (специальные главы). Учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая иидустрия", 1974, 168 с.

10. Павлов С.А., Шестакова И.С, Касьянова А.А. Химия и физика высокомолекулярных соединений в производстве искусственной кожи, кожи и меха. Изд. 2-е, пер и доп. Учебник для студентов вузов легкой промышленности. - М., "Легкая индустрия", 1976, 528 с.

11. Метелкин А.И., Русакова Н.Т. Титановое дубление. М., Легкая индустрия, 1980.

12. Тұрарова А.С. Исследование возможности комбинированного алюмоциркониеяого дублеиия в производстве кожи для верха обуви. Авторсф. канд. дис, М., 1976.

13. Мадиев У.К. Исследоиания дубящего действия соединеиий алюминия в сочетаиии с неорганическими и органическими дубящими применение и примопсие их в произподстве кожи. Автореф. докт. дис, М., МТИЛП, 1980.

14. Айтоленова К.Т. Изучение возможности примерения дубящих соединений железа в комплексном минеральном дублении. Автореф.
канд. дис, М., МТИЛП, 1989.

15. Сакиев А.М. Применение беспикелъного метода дубления с использованием катионных жирующих эмульсии. Автореф. канд. дис, К. 12 КТИЛП, 1976.



16. Рахметбаев К.Р. Применение комплексных минеральных дубителей производстве кож для верха обуви. Автореф. дис. на соиск. уч. степ. канд. техн. наук., - М., МТИЛП, 1986.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет