Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету


Лекция 4 Химиялық процестердің энергетикасы



бет19/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

Лекция 4

Химиялық процестердің энергетикасы .

  1. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары

  2. Ішкі энергия

  3. Термодинамиканың бірінші заңы

  4. Термодинамиканың екінші заңы

  5. Гесс заңы

Химияның негізгі мәселесі химиялық реакциялар жөнінде болып табылады:

  1. химиялық өзгерістердің жылдамдығы мен механизмін химиялық кинетика зерттейді;

  2. химиялық өзгерістердің өздігінен жүру мүмкіндігі мен дәрежесін химиялық термодинамика зерттейді.

Химиялық қосылыстардың реакцияға түсу қабылеті мен химиялық реакция бағытын термодинамикалық немесе энергетикалық сипаттамаларын қарастыру, зерттеу арқылы болжауға болады. Физика-химиялық процестер әртүрлі (жылу-, жарық-, электрлік- немесе механикалық т.б.) формада энергия бөліне (экзо-) немесе сіңіріле жүреді.

1кал=4,187Дж=4,187*107эрг=0,427кгм.

Бұл мәліметтер әртүрлі реакциялардың энергетикалық эффектісін сандық жағынан салыстыруға мүмкіндік береді. Химиялық реакцияның жылу эффектісі деп реакция өнімінің температурасы бастапқы заттың температурасындай болуы үшін өнімнен бөлінетін немесе өнімге берілетін жылу мөлшері болып табылады. Жылу эффектілерін термохимия зерттейді.

Ішкі энергия.

Химиялық реакция кезінде энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі барлық зат бойында көрінбейтін жасырын энергия қоры бар екенін көрсетеді. Ішкі энергияның белгіленуі – U. Мәні жағынан барлық бөлшектер қозғалысының кинетикалық энергиясымен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясына тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет