Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет145/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

1. «Қазақтардың қонақжайлық дәстүрі» 
«Қазақы қонақжайлық» дегеніміз не және осы қонақжайлылықтың 
арқасында соның арқасында көптеген өзге ұлттар қазақ жерінде қалып, олар 
үшін біздің Отанымыз олардың туған үйіне айналды. 


317 
Ғасырлар бойы қазақтар қонақжайлылығымен танымал болды. Ежелгі заманнан 
бері қонақжайлылық қазақ халқының ерекшелігі болған. 
Қазақ «Қырықтың бірі — Қыдыр» дейді. Мұнысы қонақты қума, оның 
шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт келеді деп есептегендіктен. 
«Қонақты қуа берсең құт қашады» деу де содан. Қонақ болып отырған адам, 
өзінің жауы болса да үй иесі өз үйінде оған және басқаға да қиянат жасатпайды. 
«Өз үйіңде таудай дауыңды айтпа» деген қағида да осыдан қалған. 
Әдетте жолаушы қонағы келіп қалғанда бөтен ауылдың ең тәуір деген ақ 
үйіне, яғни біреуден қысылмайтын бай үйіне түседі. Сондықтан да «қонақ 
таңдап қонады» дейді халық. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі 
ұялады» демекші, қонған қонақты күту міндеті үй иесіне түседі. Жаздыгүні 
қонаққа ең болмағанда марқа сойылса, қыстыгүні соғым етінен тартылған 
мүшелі табаққа риза болады. Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып 
қыдыруды да жақсы көрген. Сондықтан халық мәтелі: «Асың барда ел таны — 
беріп жүріп, атың барда жер таны — желіп жүріп» деп, ер-азаматқа үйінде 
отыра бермей, ел көр, жер көр, көппен аралас деп кеңес бергендей сыңай 
білдіреді. Бала жасынан осындай рухта тәрбиеленген жас жеткіншектер 
ержеткенде сол ғұрыпты берік ұстап, әр уақытта көргенділікпен ел аузына 
ілігуге тырысатын. 
Қазақ отбасында балалар жастайынан қонақжайлылыққа тәрбиеленеді. 
Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме 
сұрайды, өнері болса ән салғызып, күй тартқызады, ертегі, қиссалар айтқызады. 
Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. «Адам болар бала қонаққа 
үйір» деп халық тегін айтпаған. Өйткені әр қонақтан естіген жаңалықтарын 
есінде сақтай білген жастың өмірді білуі, түсінуі кеңейіп, дүниеге көзқарасы 
қалыптасады. Көптеген нақыл сөздерді, пайдалы кеңестерді үйренумен бірге, 
жаманшылықтан жиренуге ден қояды. Олай болса қонақжайлылықтың 
тәрбиелік мәні зор.[45] 
- Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша ас ішерде ғайбат сөз айтуға, өсек айтуға, 
жалаң аяқ немесе жалаңаш дастархан басында отыруға тыйым салынады
- құрметті қонақтар үшін қой сойылып, бас тартылады. 
- құрметті қонаққа, ақынға, батырға, балуанға немесе сыйлы адамға 
иығына шапан жауып, жылқы сыйға тартады; 
- жасы үлкен ақсақалдар бата береді. Бата – жолаушыға берілетін бата
дастарханға алғыс айту ретінде үй иесіне берілетін бата.
2. «Қазақ отбасының салт-дәстүрлері» 
- Шаңырақ – отбасы жәдігері – сақталған ошақ пен рудың жалғасуының 
символы. Шаңырақты көтергені үшін күйеу баласы сыйлық ретінде жылқы 
немесе түйе алады. Киіз үйдің күмбезін ерлер көтереді, ал киіз үйді әйелдер 
жинайды. 
- Тізе бүгу - құрмет белгісі. Егер адам біреудің үйіне келсе, онда ол 
міндетті түрде отыруға немесе тізе бүгуге тиіс, әйтпесе ол үй иесіне ренішін 
тудыруы мүмкін. 


318 
- Тоқымқағар – алыс жолға шыққан баласына жасалатын салт. Қой сойып, 
дастархан жайып, қонақтарды шақырылады. Осы рәсім кезінде олар ән айтып, 
жолаушы кеткен балаға тілек айтады. 
- Базарлық – әдетте алыс сапардан оралған адам жақындары мен 
таныстарына әкелетін кәдесыйлар. 
- Жеті ата-жеті ұрпақ. Ежелгі әдет-ғұрып ата-бабаларының жеті ұрпағын 
білуді талап етеді және жеті ата ішінде некеге тұруға тыйым салады. 
- Ырым-тыйым. Үлкен кісінің жолын кеспе. Ер бала мен жүкті әйелдің 
алдын кесуге болмайды.
3. «Балаларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлер». 
- Баланың тууы туралы бірінші болып білген әрбір адам жақындары мен 
туыстарынан «Сүйінші» сұрайды. Ол үшін сыйлық беріледі. Баланың кіндігін 
кескен әйел кіндік шеше болып саналады. 
- Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, сүндет той, тұсау кесу 
рәсімдері жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет