338
болып өседі. Тілі де ерте шығып, балабақшаға
барғанда қатарластарынан оқ
бойы озық тұрады. Олай болуы орынды да. Өйткені, бесікте жатқан бала ана
әлдиімен ұйықтап, ана әлдиімен оянады. Бала бесікте жатып әуезді әнді тыңдап
қана қоймайды, бала қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Айналаны
бағдарлайды, өмір сүру
қағидаларымен танысады, ата-анасын, атасы мен
апасын, бауырларын таниды. Олармен тілдесуді бастайды.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке, жат, бөпем,
Бармақтарың, майысып,
Түрлі, ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?!
Таңдайларың тақылдап,
Тыңдаған жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?! деп бесік жырын жырлаған.
Қыз бала тәрбиесі. Қазақ халқы әдептілікке тәрбиелеуді ең алдымен қыздың
тәрбиесінен бастаған. Өйткені, бүгінгі бармақтай
бала ертең бой жетеді ана
атанады.
Бұрын аналарымыз, «қызым әдепті болсын» деп қыз бала тәрбиесінде
мыналарды қатаң ескерді:
1. Ұыз бала алдында әкені Алатаудай ете білді. Оның атын атамады.
Айтқанын орындады. Қызын әдептілікке жетелеген келген ақылды әке
қызының алдынды сыр мінез білдірмейді.
2. Қыз балиғатқа толысымен анасы қызғыштай қорып, қызға қырық үйден
тиым жасаған.
3. Еңбекке машықтандырып, тіл алғызуға қалыптастыру да қазақта әдепке
апаратын жол.
5. Ана қызының табиғатындағы
талантты алдымен аңғарады, егер ол
іскерлікке, өнерге бейім болса, қызына осы жөнінде мүмкіндік жасайды. Бұл да
– әдептілікке, желдеп кетпеуге қарсы тұратын екінші жол.
6. «Қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» дегенді
ежелден білетін ана қызының араласатын құрбы-достарына да мән берген.
7. Ертедегі қазақта бастаңғы, қой күзеті, тоқым қағу, алтыбақан, ақсүйек
деген сияқты жастардың бас қосатын кездері жиі болған. Бұған мүшелінен
асқан, бойжете бастаған қыздар баруға болады.
Мұндайда ақылды аналар
қызын сенімді адамға қосқан, ерте қайтуды тапсырған. Келген соң қәдімгідей
жүрген-тұрғанын тексеріп отырған.
9. Қызы ел көзіне түсе бастасымен оған анасы көсемсіп сөйлемеуді, кісіге
тіке қарамауды,
ұяң болуды, өз жанынан ұзамауды, қыдырмауды, жұртқа
сүйкімсіздерге жоламауды, босқа күлмеуді, ата-ана мен аға бауырдан басқаның
оған жаны пәлендей ашымайтынын жалықпай айтып отырған.
10. Жеті атаға дейінгілердің бірін – ағасы, бірін –
бауыры деп
таныстырған. Мұнысы – қыз алысуға болмайтындығын түсіндіргені.
11. «Әкенің ең жақсысы жездедей» дегенді қазақ көп айтқанымен, сақ
аналар қызын «жезде» деуден гөрі – «аға» деп сыйласатын шекара жасаған.
1 2. Қызының ерте ме, кеш пе әйтеуір кететініне іштей бейімделіп жүретін
339
ақылды аналар өзі білетін өңірдегі күн шалған шаңырақты, көргенді ата-ананы,
әдепті бала-шағаны біліп, оны қызына сөз сыралғысы ретінде дәріптеп отырған.
13. Қызды шешеден бұрын сөйлемеуге тәрбиелеген. «шешесі тұрып, қызы
сөйлегеннен без» деген бар қазақта.
14. Қызды көргенді ету үшін алдымен ана өзіне шек қойған. Қызы
бойжетіп ел көзіне түсе бастасымен, ол бұрынғы қыдыруын,
баласын оңаша
тастамай өзімен ерте жүреді. «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастанғышыл
болатыннан» сақтанады.
15. Үй ішінде қыздың тәртіпті болуда сөзін тыңдайтыны әке мен шеше,
сескенетіні, сыйлайтыны – аға, сырласатыны – жеңге, ұялатыны ауыл, ру.
18. Шеше міндетті түрде өзі білетін өнерін – тігіншілік, не іскерлік, не
кісі сыйлап қонақ күте білу,
астың бабы, дастарқанның мәзірі сияқтылардың
бәрін қызына үйретуге міндетті. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын
іш» деген осыдан шыққан. Анасы аяулы, әкесі ардақты бала әдепсіздікке бара
қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: