Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет90/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
Мәдениет мекемелерімен өзара іс-қимыл жолдары 
● Ақын-жазушыларды, суретшілерді, актерлерді, спортшыларды, әйгілі 
жерлестерді қатыстырып, шығармашылық кездесулер өткізу. 
● Online режимде «Автормен теле-көпір» өткізу. 
● Бір-бірімізге оқып береміз (волонтерлерді тартып): кіші сыныптағы 
балалармен жоғары сынып балаларының кездесуі және кітап оқып беруі. 
● Жастар қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. 
● «Кітап оқу сағаты» стартаптарын өткізу. 
● Білім алушыларға арналған «Алтын қор» – қазақ классиктерінің 
туындылары, «Біздің тарихымыз» кітапхана топтамаларын қалыптастыру. 
● Мектеп сайтында қоғамды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу 
проблемасын талқылауға қолжетімділікті қамтамасыз ету (форум). 
● Кітапханаларда «Нағыз оқырмандар» деректер базасын құру. 
● Жазда кітап оқудың қалалық open-air бағдарламалар-көше 
бағдарламалары форматындағы жаңа алаңдарды, тақырыптамалық іс-
шараларды, PR-акцияларды игеру. 
● Жазғы көшпелі оқу залдарын ұйымдастыру. 
● Жекелеген аудандардағы мобильді мәдени-ағартушылық акциялар 
өткізу. 
● Жоба серіктестері – мәдениет объектілерін шығармашылық процесс 
ретінде кітап оқуды ұйымдастыруға тарту.
● «Біздің үйдегі кітапхана» буккроссингі, сынып кабинеттегі көркем 
әдебиет сөресін жабдықтау. 
● «Мектепке кітап сыйла» акциясын өткізу. 
● Балалармен оқуға болатын кітаптардың тізімін ұсыну. Кітаптарға шолу 
жасау. 
● Педагогтердің кітап оқу беделін арттыру туралы, білім алушылардың 
кітап оқуын ұйымдастыру туралы және ата-аналардың өздерін кітап оқуға тарту 
жөніндегі жеке жұмысты өткізу туралы жария сөз сөйлеулері. 
● Педагогтердің балалардың кітап оқуын қолдауға бағытталған біліктілік 
деңгейін арттыру бойынша оқыту курс бағдардамасын әзірлеу. 
● мұғалімдердің онлайн-олимпиадаларға, байқауларға, оқу мәдениетін 
арттыру жобаларына қатысуын ұйымдастыру. 
 
Сыныптан тыс жүргізілетін іс-шаралар 
 
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда сыныптан тыс 
жұмыстардың алар оны ерекше болып табылады. Сыныптан тыс жұмыстар тек 
оқу дағдыларын бекітіп қана қоймай, білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, 


207 
ғылымның түрлі салаларымен таныстыруға, жаңа мамандықтарды білуге 
мүмкіндік береді, олардың ойлауын, байқағыштығын дамытуға ықпал етеді
Сыныптан тыс жұмыс дегеніміз – мақсаты, мазмұны, өткізу әдістемесі
сабақты басқару нысандары мен тәсілдері бойынша әр түрлі болып табылатын 
кең ұғым. Мысалы, сыныптан тыс оқу және мектеп мерекелері мен кештерін 
өткізу – бұл сыныптан тыс жұмыстар сала.
Сабақтан тыс жұмыс – бұл өзін-өзі басқару, сынып жетекшілерінің 
бағыттаушы рөлі бар балалардың белсенділігі негізінде өткізілетін жұмыстар. 
Мақсаты, мазмұны және әдістері бойынша сабақтан тыс жұмыс оқу процесіне 
жақын, бұл оның сабақтан тыс уақыттағы жалғасы. Оны жоспарлау мен 
ұйымдастырудағы шешуші рөл мұғалімдерге тиесілі болады. Пән 
мұғалімдерінің білім алушылардың бағдарламалық материал туралы білімдерін 
кеңейту және тереңдету бойынша жүргізетін жұмыс бұған мысал бола алады. 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың оқуға деген 
қызығушылығын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың атқарар рөлі 
маңызды болары сөзсіз.
 
Бастауыш білім беру деңгейінде 
Бастауыш сынып білім алушыларының оқу қызығушылығын дамытуға 
бағытталған, сонымен қатар оқу қызығушылығының деңгейін арттыруға 
мүмкіндік беретін «Оқылған кітап жарнамасы»; «Мен жазушымын»; «Ертегілер 
әлемінде» атты сыныптан тыс шаралардың үлгілерін ұсынамыз. 
 
«Оқылған кітап жарнамасы» атты сыныптан тыс іс-шара. 
Бұл сыныптан тыс іс-шара жоба әзірлеуді және таныстыруды қамтиды.
Өз 
жобасын таныстыру үшін білім алушыларға 2-4 адамнан тұратын кіші топтарға 
бөлініп, өздеріне ұнаған кез келген туындыны таңдау ұсынылады.
Іс-шараға 
дайындалу үшін білім алушыларға бір ай уақыт беріледі.
Қажет болған 
жағдайда, балалар сынып жетекшісімен кеңесе алады.
Білім алушылар өз 
араларында міндеттер мен рөлдерді бөледі.
Тапсырманы орындауға арналған 
қатаң нұсқаулар жоқ, балалар өздерінің шығармашылық, бастамашылдық және 
ақпаратты дәлелді түрде ұсына білу қабілеттерін көрсетеді. 
Тапсырмалар: 
1)
оқылған көркем шығарма бойынша буклет, плакат салу немесе 
кейіпкерлердің шағын көрмесін жасау; 
2)
бұл шығарма бізге не үйрететіні туралы әңгімелеу; 
3)
кітап оқудан алған әсерлерімен бөлісу; 
4) осы шығарманың шағын үзінді көрсетілімін ойнау (білім алушылардың 
өтініші бойынша костюмдер ойлап табу); 
5)
сыныптастар неге дәл осы кітапты оқуы керек екенін түсіндіру және 
дәлелдеу. 
Бұл сыныптан тыс іс-шара білім алушылардың кітапқа деген 
эмоционалды-құндылық 
қатынасын, 
оқырмандық 
дербестігін 
және 
оқырмандық ой-өрісін арттыруға бағытталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет