Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика


Әдебиет[1-11] №6 дәріс



бет13/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Эл силлабус

Әдебиет[1-11]

6 дәріс


Тақырып: Диэлектриктегі өріс кернеулігі. Электрлік ығысу
Дәрістің мақсаты:Диэлектриктегі өріс қасиеттерін сипаттау
Дәріс мазмұны:
Диэлектриктердегі өріс

Вакуумда әр аттас зарядталған шексіз екі жазықтық туғызған өрісті қарастыралық. Өріске біртекті диэлектрик пластинканы орналастыратын болсақ, қорытқы өріс мынаған тең болады: Өрістің әсерінен диэлектрик поляризацияланады да оның бетінде тығыздығы байланысқан зарядтар пайда болады. Бұл зарядтар пластинканың ішінде кернеулігі -ге тең болатын біртекті өрісті туғызады. Сондықтан: Өрістің кернеулігі шамасына тең. Бұдан,


.


Электрлік ығысу

Электрлік ығысу (электрлік индукция ) өрнегі:



Өлшемсіз шаманы ортаның салыстырмалықдиэлектрлік өтімділік немесе жай ғана диэлектрлік өтімділік деп атайды. Сонда: .
Электрлік ығысу векторының өлшем бірлігі – Кл/м2.
Диэлектриктегі зарядқа әсер ететін күш:
Поляризацияланғанда диэлектриктердің деформациялануы электрострикция деп аталады.
Тұйықталған бет үшін электрлік ығысу векторын есептеуде Остроградский – Гаусс теоремасы мына түрде жазылады:
Ф .
Егер еркін зарядтар тұйықталған беттің ішінде көлемдік тығыздықпен бөлініп таралған болса, онда формула мына түрге өзгереді:
Ф
Диэлектриктердің ерекше түрлері

Диэлектриктер түрлері: полярлы және полярсыз диэлектриктер болып бөлінеді.


Полярсыз диэлектриктердің молекулаларының дипольдық моменттері сыртқы өріс әсері нәтижесінде ғана пайда болады. Басқа уақытта олар нейтрал болып келеді. Полярлы диэлектрик молекулаларының дипольдық моменттері өріс жоқта да болады. Бірақ бағыттарының берекетсіздігінен олар сырттан өріс түспейінше поляризация құбылысы болмайды. Сыртқы өріс әсері молекулалық диполдарды бірыңғайландырып, басым бағытқа бұрады.
Диэлектриктердің ерекше түрлері сегнетоэлектриктер, пьезоэлектриктер, электреттер.
Сегнетоэлектриктерде электрлену – гистерезис тұзағымен сипатталады. Пьезоэлектриктерде сыртқы механикалық әсер мен поляризация арасында байланыс байқалады. Электреттерде электр поляризация күйі көп уақытқа дейін сақталынады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
- Диэлектриктердегі өріс сипаттамалары
- Диэлектрлік өтімділік
- Электрлік ығысу
- Диэлектрик түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет