Білім беру бағдарламасы 6В01810 «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану»



бет1/4
Дата18.05.2022
өлшемі161.57 Kb.
#457060
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
практика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ


Алдашева Урал Жанбатыровна

«ОҚУШЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»


БАЯНДАМА
Білім беру бағдарламасы 6В01810 – «ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ»



Көкшетау, 2021
Сәлеметсіздер құрметті комиссия мүшелері! Мен Алдашева Урал Жанбатыровна «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандығының білім алушысымын. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «ОҚУШЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Осы тақырып бойынша дипломдық жұмысымды қорғауға рұқсат етіңіздер!
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айланысуы тиіс екендігін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев атап көрсетті. Бұл білім саласына, соның ішінде білім саласының мамандарын дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейтіні түсінікті [1].
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің реформалануы коғамның демократикалық бағытта дамуына бет алғанын айқындайды. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі – 12 жыл оқыту моделі[2].
Зерттеудің мақсаты: оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:

  1. Тaқырып бойыншa жүргізілгeн іс - тәжірибe жұмыстaрының алғашқы кeзeңінің бaрысын анықтау;

  2. Жүргізілген іс – тәжірибенің сапалық көрсеткіштерін сараптау;

  3. Іс - тәжірибeлік жұмыстaрдың жaлпы қорытындылaры мeн нәтижeлeрін анықтау;

  4. Тақырып бойынша теориялық, зерттеу әдістемелеріне талдау жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет