Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет2/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Пререквизиттері:
информатика, педагогика, психология
Постреквизиттері:
информатиканы оқытудың заманауи әдістері
білім беруде цифрлық ресурстарды қолдану


2 Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
ТАӘ Медешова А.Б.
Телефоны 509444
Электрондық пошта abm1989a@gmail.com


3 Курстың саясаты:
Магистранттерге қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу.
Магистрант сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ силлабуста көрсетілгендей көлемде тапсырылады.
Дәрісханадағы тәртіп

  1. Магистрант сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.

  2. Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.

  3. Сабаққа таза келуге.

  4. Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз әкелуге.

  5. Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.

  6. Оқу процесіне белсенді араласуға.

  7. Тапсырмаларды ұқыпты орындауға.

  8. Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.

  9. Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.

  10. Пунктуалды және жауапты болуға.

Жеке тапсырмалар
Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Әрбір жеке тапсырма бағаланады және ол қорытынды бағалауға әсер етеді.
Өзіндік жұмыс
ОЖСӨЖ кестесінде бөлінген уақытта орындалады. Апта бойынша тапсырылады. Кейінгі аптада себепсіз сабақ қалдырған магистранттен қабылданбайды, бағаланбайды. Себепті жағдайда қалдырылған сабақ деканат өкіміне сәйкес қабылданады.
Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, т.с.с. тапсырмалар магистрантке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сәйкес қабылданады.
Білімді бақылау.
Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша ауызша, жазбаша жауап арқылы тексеріледі.
Әңгімелесу.
Әңгімелесу әр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет