Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж


апта: Ақпараттық білім ортасы Мақсаты



бет35/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

10 апта: Ақпараттық білім ортасы
Мақсаты: Ақпараттық білім ортасы ресурстарымен танысу.
Негізгі сұрақтар:

  • Ақпараттық білім ортасы дегеніміз не?

  • Ақпараттық білім ортасының қандай компоненттерін білесіз? Олар қандай принцип бойынша ерекшеленеді жəне қалыптасады?

  • Ақпараттық білім ортасы ресурстарына қандай талаптар қойылады?

  • Ақпараттық ресурстар дегеніміз не?

  • Денсаулық сақтау технологиялары ақпараттық білім ортасының компонентіекендігін қалай түсінесіз?

Әдістері: смарт бақылау, презентация
Әдістемелік нұсқау:
https://www.myunivercity.ru
Бағалау критерийі:
90-100 сабақ мақсатын толық жетеді, бақылау жүргізе алады, құжатпен жұмыстана алады, белсенді
70-89 сабақ мақсатына жетеді, бақылауды дайын ортада жүргізе алады, құжатпен жұмыстана алады, дегенмен елеусіз қателер жібереді
50-69 сабақ мақсатына толық жетпейді, бақылауды дайын күйде жүргізе алады, құжатпен жұмыста қателер жібереді
25-49 нәтижесі сабақ мақсатына сәйкес келмейді
0-24 сабақта жұмыстанбаған
Әдебиеттер: 1,2,4


11 апта: Виртуалды зертхана
Мақсаты:
Негізгі сұрақтар:

  • Виртуалды зертхана

  • Модель, видео, анықтама – ROQED

  • Интерактивті тақта 

Әдістері: презентация
Әдістемелік нұсқау:

  1. Мәтінді оқып, пікірлеріңізді айтыңыз.

«виртуалды білім беру» терминінің мағынасын ақпараттық технологиялардың көмегімен қашықтықтан оқыту деп қана түсінетін көзқарасты өзгертіп, «виртуалды білім беру» терминін кең мағынада виртуалды білім беру кеңістігінде білім беру субъектілері мен объектілерінің әрекеттесуі нәтижесінде өтетін үдеріс деп қарастыруымыз қажет. Білім беру кеңістігінде виртуалды орта құрып, виртуалды оқытуға жағдай жасау білім беруді виртуализациялау болып табылады.
Қазіргі таңда білім беру саласын виртуализациялау өздігінен оқу, күндізгі, сырттай оқу түрлерінде жүргізілуде және мультимедиа, телекоммуникациялық жүйелердің қарқынды дамуында, әлеуметтік желілерде көрініс табуда. Виртуалды білім беруді физиканың зертханалық, сарамандық жұмыстарында қолдана білу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Физика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану педагогтар қызметінде виртуалды ортаны құру үшін маңызды аспект болып табылады және курс тыңдаушылары бұл ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Білім беру қызметтерінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін және жаппай білім беретін заманауи үлгісін қолдайтын тиімді шешім ретінде ақпараттық Интернет ортасын құру және дамыту болып табылады
Проблемалық дәріс түрінде ұсынылған тақырып жас мұғалімдерді де, тәжірибелі педагогтарды да ойландырады. Сондықтан пікіралмасу барысында практикалық тапсырмалар қойылады, олар виртуалды ортаның физика пәнін меңгеру үрдісінде тыңдаушылар мен дәріскер бірлесіп жұмыс істеу арқылы шешіледі.
Виртуальды оқытудың тиімділігі – мектепте оқушылардың белсенді араласуына байланысты, яғни жоғары білімді оқытушы мен білімді меңгеретін оқу-танымы жоғары, қабілетті, белсенді оқушыларға тікелей байланысты. Сондықтан мектепте оқу процессін іске асыру үшін оқытушының жұмыс сапасын арттыру керек, яғни өтілетін сабақтың, жүргізілетін практикасы мен лобараториялық жұмыстарының сапасын арттыру, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әркеттерін ынталандыру, оқу процессін рационалды түрде негіздеу.
Зертханалық жұмыстарда басқа білім түрлеріне қарағанда мұғалімнің барынша белсенді болу керектігін айқындайды. Мұндай жұмыстарда мұғалім әрбір оқушымен қарым-қатынаста болады және олардың өзіндік жұмыстарын тиімді басқаруға көмектеседі. Виртуальды зертханалық жұмыстың артықшылығы мұғалімнің нұсқауымен оқушылар барлық іс-әрекетті автоматтандырылған компьютер арқылы орындап, жылдам қорытындыға ие болады.
Зертханалық сабақтарды оқу процессін ұйымдастырушы форма ретінде қарауға болады, яғни эксперименттік зерттеулерді жүргізу және қалыптастыру кезіндегі теорияны өмірде қолдана алуы, шығармашылық қабілеттіліктің дамуы, құрал-саймандарға практикалық машықтануы ұйымдастырады.
Виртуальды зертханалық жұмыстарды түсіндіру мейлінше күрделі тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну үшін, теориялық білімнің маңызын түсіндіруге тиімді. Мектепте физиканың жалпы курсының 25-30% зертханалық сабақтар болып табылады.
Мектептерде физика пәнінен зертханалық сабақтардың өтілуі мен дайындық кезіндегі біршама кемшіліктерді атап көрсетсек болады:
- зертханалық сабақтарға қолданатын құрал-жабдықтар әрқашан қазіргі заман талабына сай еместігі;
- зертханалық жұмыстарға көптеген әдістемелік сипаттаманың берілуі;
- жұмысты орындауда оқушылардың дайындығының аздығы;
- оқушылардың әрқашан болып жатқан құбылысты талдауға машықтанбауы және жасалған эксперименттен қорытынды жасауға қабілетінің жетіспеуі;
ижесінде эксперименттің тиімділігі төмендейді;
Виртуальды зертханалық жұмыс барысында барлық эксперименттік тапсырмалар электронды болуына байланысты біршама зертханалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілмеген мектептерге өте тиімді. Бұл виртуальды электрондық зертханалық жұмыстардың мақсатын, құрал жабдықтары, орындалу керектігін оқушылар оқып қана қоймай, зертханалық жұмыстардың қалай орындалатынын сонымен қоса есептелу жолдарын меңгере отырып, нәтижелі жұмыс жасайды.
Интерактивті тақта – бұл байланыстырылған компьютер, бейнені тақтада проектор арқылы көрсететін, сенсорлық экран. Тақта бетіне қол жүргізіп, компьютермен жұмысты бастауға болады. Интерактивті тақтаға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мәтіндермен, объектілермен, аудио және видеоматериалдармен, Интернет-қорлармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, ашық құжат үстіне қолмен жазуға және ақпарат сақтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет