1. Қосылыс және қосылыс бөлшектері. Қосылыстарды ажыратылатын және ажыратылмайтын деп бөледі. Ажыратылатын қосылыстарда көп ретті теру (переборка) болады. Олардың негізгі түрлері: кескіш, шпоночты, шлицтік, клеммалық, бекітілетін конустық втулкалар.
Ажыратылмайтын қосылыстарда көп ретті теру (переборка) болмайды. Ондай қосылысты бөлу үшін оны бұзу қажет. Негізгі түрлері: дәнекерленген, жапсыру, дәнекер, тойтармалы, керілісті қосылыстар. Соңғысын шартты түрде ажыратылмайтынға жатқызады, өйткені олар жинақталуды және бөлшектеуді орындауға мүмкіндік береді, бірақ көп ретті емес.
2. Беріліс бөлшектері. Курста механикалық берілістерді қарастырады: тісті, планетарлы, толқынды, червякты, фрикционды, белдік, баулы, винт-гайка.
3. Айналу қозғалысын атқаратын бөлшектер – біліктер мен осьтер, домалау пен сырғанау подшипниктері, торап муфталары.
Әр обьектті оқығанда мынаны қарастырамыз:
Обьекттің атқаратын қызметі (беріліс, муфта, қосылыс).
Конструкция сипаттамасы мен жұмыс істеу принципі.
Қолданылу облысы.
Салыстырмалы артықшылықтары мен кемшіліктері.
Жұмыс шарты мен істеп тұрған жүктемелер.
Істен шығу мінездемесі мен себебі – жұмыс істеу қабілеттілігінің критериялары.
Қолданылатын материалдар мен өндірілу техникасы туралы мәліметтер.
Құрастыру мен есептеудің тәсілдері (есептеу схемасының құрылуы, жұмыс істеу қабілеттілігінің негізгі критериялары бойынша жобалау және (немесе) тексеру есептеулері, құрастыру ұсынысы).
Конструкция жақсартылуының бағыты мен есептеу тәсілі.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары.
Курсттық жобалауды жасағанда корпус бөлшектерін (корпус, рама, пеш), жағу құралдары және созылмалы элементтер бөлшектерін жобалау қосымша түрде оқытылады.
Машина бөлшектері екі негізгі шартты қанағаттандыруы қажет: сенімділік пен үнемділік. Үнемділік деп жобалау, өндіру және эксплуатацияның минималды қажет ететін бағасын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |