Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып



бет4/16
Дата23.09.2022
өлшемі219.79 Kb.
#461176
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Білім беру ба дарламасы барлы бб ба ытына Петропавл . 2021ж.
yrme-zhmystary
Қорытынды:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз бетінше ойланып, мәселені шешу үшін бостандық керек. Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес: басқаның пікірімен міндетті түрде келісу емес, керсінше келіспеуіміз де мүмкін. Бұл біздің құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушының ой бостандығы кең болғандықтан өзгенің пікіріне жиі келісе бермейді. Бұл тұлғаның қоғамдағы пікірін, орнын анықтайды.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.


Тақырып 1.3. Шығармашылық ұғымы.
Ойлаудың дивергентті тәсілі.
Шығармашылық пен ойлаудың байланысы.
Шығармашылық ойлауды зерттеу.
Шығармашылық - пайда болған міндеттерді әлдеқашан белгілі болған тәсілдермен шешу үшін талап етілетіндердің тысына шығатын жоғары формадағы ойлау. Ойлау процесінде үстемдік еткенде, шығармашылық елес ретінде көрінеді. Мақсат пен іс-әрекет тәсілінің компоненті бола тура, ол шеберлік пен инициативаның міндетті шарты ретінде шығармашылық іс-әрекеті деңгейіне дейін көтереді.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.Қосымша білім беру мекемесі әр оқушыға еркін шығармашылық жолын таңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі замандағы қосымша білім беру ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс - әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.
Олар:
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Баланың қызығушылығын шектемеу;
Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу.
Шығармашылыққа баулудың, шығармашылық ойлаудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау
Арнайы бір тақырыпқа пікір-талас тудыру
Шығарма, шағын әңгіме құру
Сөзжұмбақ құру, шешу
Қиялдау арқылы сурет салу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып ,тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет