Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып


Тақырып 2.1. Шығармашылық ойлаудың қасиеттері



бет7/16
Дата23.09.2022
өлшемі219.79 Kb.
#461176
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Білім беру ба дарламасы барлы бб ба ытына Петропавл . 2021ж.
yrme-zhmystary
Тақырып 2.1. Шығармашылық ойлаудың қасиеттері
Шығармашылық ойлаудың лезділігі, икемділігі, ерекелігі.
Шығармашылық актың сипаты.

Шығармашылық адамы болуы үшін сенің ойлау жүйең өзгелерден ерекшеленуі тиіс. Ғалаымдардың зерттеуінше, шығармашылыққа жақын адамдарға мынандай қасиеттер тән екен.


1. Мысқал (Сарказм)
Мысқылдау әдетте адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлай қоймайды. Дегенмен, зерттеу нәтижесіне сүйенсек, мысқылдау арқыл адамның ойлау жүйесі жетіле түседі. Мысқылдау барысында абстрактылы ойлау белсенді болады әрі креативті сана күшейеді.
Сонымен қатар, мысқылдау таныс емес адамдардың арасында ғана дау туғызуы мүмкін. Ал, сенімді қарым-қатынас орнатқан адамдар бұны қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Сондықтан, достарыңызды келеке қылу, мазақ ету сіздің шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуыңызға септігі тиеді.
2. Невротизм
Невротизм (нейротизм) бұл аса жақсы адами қасиеттердің қатарына жатпайды: ол эмоционалды тұрақсыздықпен өлшенеді. Дегенмен, Ұлыбритания мен АҚШ зерттеушілері шығармашылық адамдарының бойынан дәл осы қаитетті байқаған.
Мазасыздық, күнделікті өмірде қауіпті сезіну осының бәрін ойлап шығару үшін адам «қиял» әлеміне енуі тиіс.
3. Қиялдау
Адасқан ақыл (адамның өз ойларымен әуреге түсуі, айналасындағы оқиғаларға мән бермеуі) мидың көп бөлігін іске қосады. Ал, бұл сіздің шығармашылығыңызға пайдасын тигізері сөзсіз.
Бір қызығы, адам қилдау барысында белгілі бір іске жан-тәнімен кірісіп кетеді. «Адасқан ақылдың» әсерінен кенеттен бүкіл үйде тазалық жұмысын бастап кетсеңіз, таң қалмаңыз.
4. Зейініңізді бір арнаға бұру қиын.
Сізді алаңдату өте оңай. Егер, бір жұмысқа кіріскіңіз келсе, айналаңыз тыныштықта болуы тиіс. Мысалы, Марсель Пруст жұмыс жасау үшін құлаққап киіп, тып-тыныш бөлмеде жұмыс жасаған. Зерттеушілер аса жоғары сезімталдық әлемді сезінуге мүмкіндік беретінін айтады.
5. Жаңа таныстар мен жаңа иедеяларға деген ашықтылық
Зертеушілердің пайымдауынша, шығармашылық үшін адами инновация маңызды. Инновация – талантты бірдің емес, мыңның өнімі. Яғни, адами инновация қарым-қаынас пен идеялардың алмасуы нәтижесінде пайда болады. Егер креативті жетілдіруді қаласаңыз, пікірімен келісе бермейтін адаммен жиі сөйлесіңіз. Егер, шынымен сіз өзгелердің пікірін ести алсаңыз, оны тыңдай алсаңыз сіздің қолыңызда әлемді бағындыратын күш барын ұмытпаңыз.
6. Санасыз әрекеттер нәтижесі
Сіз шығармашылық үрдіске неғұрлым аз көңіл бөлсеңіз, соғұрлым нәтиже оң болады. Яғни, ессіз әрекеттер нәтижесінде пайда болған кез келген қорытынды жаңа ашылулардың бастамасы болуы әбден мүмкін. Креативті қорытындыға қол жеткізгіңіз келсе, оның нәтижесін емес, дәл сол жұмыс барысын ойлаңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет