114
1-сурет. Электрондық өзара қатынас формалары
Ақпаратты жария тарату интернет бойынша үкіметтік
ақпаратқа қолжетімділікті
қамтамасыз ететін, қосымшаларды ұсынады. Бұл категория, мемлекет те, ақпарат та пассивті
рөлде болатын қатынастады жоспарлайды.
Электрондық формалар немесе интерактивті өзара қатынас, мысалы мемлекетпен өзара
байланысу үшін азаматтарға немесе кəсіпорындарға қажет болатын, құжаттардың əр түрлі
формулярларға қолжеткізу мүмкіндігін береді. Интерактивті өзара қатынас деңгейінде
пайдаланушы алдыңғыдай пассивті рөлде болмайды, өйткені нақты сұраныспен мемлекеттік
мекемелерге интернет боййынша жүгіну мүмкіндігіне ие. Алайда, бұл жауап беру реакциясын
міндетті түрде жоспарламайды.
Транзакциялар санына кəсіби қызметті жүргізуге
лицензияларды алуды, салық
декларациясын өткізуді, құжаттарды алмастыру өтініштерін жəне т.с.с. электрондық формада
өтініштерді беруге болады. Нақты амалдардың (транзакциялардың) жүзеге асырылуы
мемлекет пен қызметтер адресаты арасындағы белсенді байланысты болжайды.
Мысал
ретінде, өтінішті келесі электрондық растау арқылы қызмет немесе өз ісін ашуға құқықты
алудің толығымен іске асқан тізбегі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі
Қазақстанда «электрондық үкіметтің» енгізілуі азаматтарға жəне ұйымдарға қызметтерді
мемлекеттік органдардың көрсету мерзімін қысқарту мен сапсын жақсартуға, əр түрлі
мемлекеттік қорларға қолжеткізуді қамтамасыз етуге, мемлекеттік
органдардың қызметін
қадағалау мүмкіндігіне, тиімді жəне оңтайлы мемлекеттік аппараттың құрамын құруға
бағытталған. Мемлекеттің сəйкес заңнамалық актілерінде,
еліміздің атк дамыту
облысындағы мемлекеттік бағдарламаларда анықталған, Қазақстандағы «Электрондық
үкіметті» қалыптастырудың бастапқы кезеңінің көптеген мəселелері қазіргі кезде табысты
жүзеге асырылуда.
Бұлтты құжат айналымы, мобильді жұмыс орны, кадрларды басқарудағы жəне əлеуметтік
төлемдердегі онлайн тəсілдер сияқты жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Онлайн
режимінде қол жетімді мемлекеттік қызметтердің үлесі 93% дейін ұлғайтылды. 2020 жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық рейтингі бойынша Қазақстан электронды үкіметтің
даму деңгейі бойынша 193 елдің ішінде 10 позицияға көтеріліп, 29-орынға ие болды.
Қазіргі кезде, Қазақстанда «электрондық үкімет» белсенді іске асырылып келеді десек
болады жəне еліміз азияда осы бағыттағы көшбасшылардың бірі болып табылады.
біздің
еліміз «электрондық үкіметті» дамытуда жəне оны еліміз бен қоғамның күнделікті өміріне
енгізу бойынша айтарлықтай табыстарды көрсетеді. «Электрондық үкіметтің» тиімді жұмыс
істеуін алдағы қамтамасыз ету үшін, елімізде ең алдымен келесі мəселелерге көңіл бөлу
керек: қажетті бизнес-үрдістерді жетілдіру; нормативтік-құқықтық
базаны дамыту;
кадрларды дайындау деңгейін жоғарылату; еліміздегі ақпараттық теңсіздікті жою.
Əлемдік тəжірибе көрсеткендей, «электрондық үкіметті» құру мен енгізу бойынша əр
түрлі үлгілер бар. Қазіргі кезде «электрондық үкіметті» қалыптастырудың барлық шарттары
мен шешімдеріне жауап беретін бірыңғай үлгі жоқ. Бұл, əрбір елдің өзіндік ерекшеліктері,
басымдылықтары жəне осы мəселені шешуге қажетті ресурстардың əр түрлі деңгейі бар
екендігімен байланысты.