Білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



Pdf көрінісі
бет108/123
Дата04.04.2024
өлшемі3.3 Mb.
#497627
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   123
dq7As3HU6Ry4qwd6jMwI5cm4rMOXzSwTobGFoeXw

Бақылау сұрақтары: 
1. 
Электронды үкімет форматтары? 
2. 
Электронды оқулық түрлері? 
3. 
Электронды өзара қатынас деген не? 
 
Əдебиеттер: 
1. Т.Б. Нурпеисов, И.Н. Кайдаш “Қазіргі сандық əлемдегі информатика”, Оқу құралы, 412 бб 
Алматы 2021ж. 
2. D.Shynybekov, R.Uskenbayeva., V.Serbin, N.Duzbayev, A.Moldagulova, K.Duysebekova, 
R.Satybaldieva, G.Hasanova, B.Urmashev “Information and communication technologies”, 
Textbook in 2 parts Part 1, Almaty, IITU, Pages: 643, 2017 . 
3. Джусупбекова Г.Т., Бесбаев Г.А., Ахметова С.Т., Рахымбек Н.Ж., ТурганбековаМ.М., 
Белесова Д.Т. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» оқулық, М. Əуезов атындағы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 176б, 2020 
4. Шевчук 
Е.В., 
Шпак 
А.В., 
Кольева 
Н. 
С. 
ИНФОРМАЦИОННЫЕ 
КОММУНИКАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ учебно-методическое пособие. Алматы: Эверо, 
2020.- 108 с. https://elib.kz/ru/search/read_book/1729/ 
5. June J. Parsons and Dan Oja, New Perspectives on Computer Concepts 16th Edition – 
Comprehensive, Thomson Course Technology, a division of Thomson Learning, Inc Cambridge, MA, 
COPYRIGHT © 2014. 
6. Lorenzo Cantoni (University of Lugano, Switzerland) James A. Danowski (University of Illinois 
at Chicago, IL, USA) Communication and Technology, 576 pages, NurpeisovaT.Kaidash ICT, 
Almaty, Bastay 2017 
Дəріс 27. Кəсіби саласындағы ақпараттық технологиялар. 
Мақсаты: студенттерге мамандандырылған кəсіби мəселелерді шешу үшін 
бағдарламалық жасақтаманы қолдануға үйрету 
Жоспар: 
1. 
Мамандандырылған кəсіби саланың міндеттерін шешуге арналған бағдарламалық 
жасақтама. 
2. 
Медицина, энергетика жəне т. б.кəсіби саладағы қазіргі заманғы АT-трендтер: 
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мəселелердің бірі – оқытуды 
ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) 
пайдалану. Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең 
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық- 
коммуникативтік технологиялар оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық- 
коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі 
талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірде-бір мүмкіндік. Білім беру 
саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің 
сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тəсілдері пайдаланылуда 
жəне одан əрі жетілдірілуде. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны бəсекеге қабілетті 
ұлттық білім беру жүйесін дамытуға жəне оның мүмкіндіктерін əлемдік білімдік ортаға 
енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мəнге ие болып отыр. Ақпараттық-коммуникативтік 
технологияны пайдаланудың мəні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін студент жеке 
тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-əдістемелік проблемалық 
міндеттерді шешуге бағындыру болып табылады. Ақпараттық кеңістікті кеңейту жəне əлемдік 
қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің 
өсуі еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім 
беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды. Бүгінгі күні білім беру 
саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі 
болып танылды. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – 


116 
«Məңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін жоғарғы оқу 
орындарында мақсатты түрде тəрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу 
пəндерінің тəрбиелік мəнін күшейту қажет.
Оқытылатын пəндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың 
патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық 
жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толеранттылық, Қазақстанның этникааралық жағдайда 
қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар 
пəнінің маңызы, əлемнің ғылыми көрінісін қалыптастырудағы, адамзаттың жаһандық 
проблемаларды шешудегі, табиғат заңдарын танып-білудегі рөлімен анықталады. Оқыту 
міндеттері: əлемнің Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жаратылыстану-ғылыми 
көрінісі туралы білімді меңгерту жəне олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, 
түсіндірмелі, болжау) қолдану. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар білім жүйесі 
алдында қойылған міндеттерді орындауды оқу процесін технологияландыру жəне жобалау 
арқылы жүзеге асыруға болады.
Автоматтандырылған жұмыс орындары дербес компьютерлермен, қолданбалы 
бағдарламалармен жабдықталған, ол қызмет блоктары немесе жеке қызмет, мысалы: 
бухгалтерлік операциялар, инвестициялар жəне т.б. жеке қызметкерлік жүзеге асырады. 
Барлық АРМ (АЖО) біріңғай технологиялық платформаға қосылған, ол күшті серверлер 
базасында жұмыс істейді. Ақпараттың осындай электрондық өңдеу кестесінде əр – түрлі жəне 
бір бағдарламалы мəліметтер базасымен көп қолданылатын жұмыс жүргізеді. Таратылған
есептеу жүйесі қолданбалы мақсаттың мінездерін айқындап берді. Қызметкерлері, 
бөлімдері, сақтандыру компаниясының бөлімшелері, ақпаратты жеке тұтынушылар, ереже 
бойынша əр аймақтарда орналасқан. Бұл тұтынушылар өз тапсырмаларын шешу үшін 
өздерінің есеп ресурстарының болуын көздейді. Бірақ та шешілетін тапсырмалары бір – 
бірімен тығыз байланысты болғандықтан, есептеу құралдары біріңғай жүйеге бірігуі керек. 
Сенімділік. Апаратураның кейбір элементтерінің жұмыстан шығып қосу кезінде жəне 
мəліметтер қол жеткіліксіз болғанда жүйенің өзінің қызметін атқару мүмкіншілігі деп түсінуге 
болады. Аса үлкен сенімділік негізі болып аса көп ақпарат болып табылады. 
Сақтандыру компаниясының мəліметтерінің аса көпшілігі, мысалы: бөлінген базаларда 
кейбір мəлімет жиынтығы есте сақтау құрылғыларында қайталана алады, сол себепті біреуі 
қайталанған кезде, мəліметтерге қол жеткізуге болады. 
Сақтандыру компаниясының бөлімшелері үшін сенімділік пен аса көптілік ақпараттық, 
бағдарламалық жəне техникалық ресурстарды бірге қолдануға мүмкіндік береді, басқа 
бөлімшелер мен байланысты реттейді. 
Бөлінген жүйелерді енгізу бірқатар мəселерді шешуді керек етеді, олар бөлек 
бөлімшелердің байланысын тиімді ұйымдастырумен байланысты. 
Біріншіден, бұл қиындықтар бағдарламалық қамтамасыз етумен байланысты. 
Екіншіден, компютерлерді торапқа қосудан шығатын мəселелер, хабарлама жоғалмаудан 
қорғанысты қарастырады; ақпаратты қорғау, өту мүмкіндігін көтеруге арнайы əдістермен 
байланысты. 
Үшіншіден, коммерциялық құпияны сақтау сұрақтары. 
Сақтандыру қызметінде есептеу техникасын қолдану ақыларды өңдеу уақытын азайту 
арқылы жұмыс тиімділігін арттыруға болады. Ол компания түсімін ұлғайтады. Сақтандыру 
ісіне автоматтанған ақпараттық жүйені жəне технологияларды енгізу сақ тандыру 
қызметіндегі бақталастықты күшейтеді, сақтандыру нарыққа да компанияның үлесін 
ұлғайтады. 
Торапты қолдану коммуникациялардың жақсаруына əкеліп соқтырады, яғни компания 
қызметкерлері мен клиенттері арасындағы өзара байланыс пен ақпаратпен байланыс процесін 
жақсартады. Торап əр – түрлі офистегі қызметкерлер біріңғай технологиялық пратформада 
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ақпаратқа оңай жəне толық кіру арқылы қызметкерлер тез 
арада нақты шешімдер қабылдай алады. 


117 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   123




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет