Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


– Практикалық және физикалық дағдылар



Pdf көрінісі
бет17/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

Практикалық және физикалық дағдылар:
-
АКТ дағдылары – ақпарат алмасу, өңдеу, сақтау және ұсынуда, сондай-ақ өмірдің 
әртүрлі салаларындағы міндеттерді шешу және мақсаттарға қол жеткізуде ақпараттық 
технологиялар мен коммуникациялық құралдарды пайдалану қабілеті. Бұл дағдыларға 
компьютерлермен, программалық жасақтамамен және интернет-ресурстармен жұмыс 


17 |
істеу, электрондық пошта, әлеуметтік желі және басқа құралдар арқылы белсенді қа-
рым-қатынас жасау және әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты сыни тұрғыдан 
бағалау және пайдалану қабілеті жатады.
-
Алғашқы көмек көрсету дегеніміз – адам өмірін құтқару, төтенше жағдай кезінде 
аурудың асқынуының алдын алу, сондай-ақ ауыр жағдайда зардап шеккен адамның 
денсаулығы мен өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға қатысты шұғыл және кешенді 
шараларды қолдана білу қабілеті. Бұл шараларды медициналық қызметкерлер келгенге 
дейін оқиға орнында зардап шеккен адамның өзі (өзіне-өзі көмек көрсету) немесе жақын 
маңдағы басқа адам (өзара көмек) жасайды.
-
Музыкалық аспаптарда ойнау/драма/би – берілген композицияға, режиссерлік ди-
зайнға немесе техникаға сәйкес музыкалық дыбыстарды, драмалық рөлдерді немесе би 
қимылдарын жасау үшін денені, дауысты немесе құралдарды пайдалану мүмкіндігі. Бұл 
дағдылар адамнан шығармашылық ойлауды, икемді әрі әсем қимыл-қозғалыс машықта-
рын меңгеруді және музыкалық, драмалық немесе би түрлерін түсінуді талап етеді.
-
Қолөнер дегеніміз – белгілі бір құралдар және әдістер көмегімен, көбінесе қол еңбегімен 
және дәстүрлі қолөнермен (тоқу, кесте тігу, керамика, ағаш өңдеу және т. б.) байла ныс-
ты қолөнер бұйымдарын жасау қабілеті. Қазіргі кезде бұл салада әртүрлі өнімдер мен 
жобаларды жасау үшін компьютерлік бағдарламалар мен цифрлық технологияларды 
пайдаланылады. Қолөнер дағдылары өз болмысыңды танытуда, жүйкені тыныштанды-
ру мен демалуда, шығармашылықпен айналысуда және бірегей қолөнер бұйымдарын 
жасауда маңызды.
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет