21 |
6.4. Жоғары мектеп (11–12‑сыныптар)
Жоғары мектепте оқытудың басты міндеті – жаратылыстану-математика бағытында бейінді
оқытуды жүзеге асыру және жоғары оқу орындарына түсу үшін оқушылардың академиялық даяр-
лығын қамтамасыз ету. Жоғары мектепте оқушылардың коммуникативтік, әлеуметтік, зерттеушілік
дағдылары мен мәселелерді шеше білу қабілеттері белсенді әрі мақсатты түрде дамытылады.
Бұл кезеңде оқушыларға өз-өзін тануға және әлеуметтік, азаматтық, кәсіби бағытын анықтауға
мүмкіндік беріледі.
Нормативтік оқу мерзімі – 2 жыл (11
–12-сыныптар). Ұсынылатын оқушы жасы – 16 жастан
18 жасқа дейін.
Жоғары мектепті бітіргеннен кейін оқушыларда төмендегідей дағдылар қалыптасады:
-
негізгі құндылықты көзқарастар және тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттері;
-
өмір
бойы білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға ынталы болуы.
-
эмоциялық интеллект, физикалық белсенділік, шығармашылық хобби және салауатты
өмір салтын ұстанудың жоғары деңгейін білдіретін әлеуметтік-эмоциялық, практикалық
және
физикалық дағдылар;
-
әр білім беру саласы мен әрбір пәнге тән жаңа білім алу, оны түрлендіру және функцио-
нал дық тұрғыдан қолдану тәжірибесі, оның ішінде білімдік, зерттеушілік және әлеу-
меттік жобалар;
-
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алу дағдысы.
-
үздік ұлттық және шетелдік оқу орындарына түсуге дайын болуы.