Білім беру бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет55/58
Дата21.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#499391
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Назарбаев зияткерлік мектептері программа

9. Бағалау тәсілдері
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау пән бойынша оқу бағдарламасының оқу мақсатта-
рына сәйкес Білім беру бағдарламасының мазмұнына негізделеді және және оқу мен оқытудың 
ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы мақсатта бағалау критерийлері негізінде оқушылардың оқу нәтижелері туралы объек-
тивті ақпарат алуға және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық мүдделі қатысушыларға 
ұсынуға мүмкіндік беретін критериалды бағалау қолданылады.
Зияткерлік мектептердегі критериалды бағалау жүйесі бағалаудың екі түрін: қалыптасты-
рушы және жиынтық бағалауды қамтиды.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі, оқушылардың ағымдағы оқу үлгерімінің 
көрсеткіші болып табылады, оқушылар мен мұғалім мен оқушы арасындағы өзара кері бай ла ныс-
ты қамтамасыз етеді, кері байланыс негізінде оқу үдерісін дер кезінде түзетуге және жетілдіруге 
мүмкіндік береді.
Сабақта және үй жұмысы ретінде орындалатын кез келген тапсырманы қалыптастырушы 
бағалау ретінде қолдануға болады. Бағалау қорытындысы бойынша мұғалім оқушы жауабына 
жазбаша (дәптерде, қағаз/электрондық күнделікте, жауап парағында және т. б.) немесе ауызша 
пікір (кері байланыс) білдіреді. Бұл ақпарат оқушылардың қай оқу кезеңінде тұрғандығын, қайда 
талпыну керектігін және қойылған мақсатқа қалай жетуге болатындығын көрсете алуы керек.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлім/ортақ тақырыптарын меңгергеннен кейін 
(бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау) және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсандық 
жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау) аяқтаған кезде оқушылардың оқу жетістіктерінің 
деңгейін анықтау, сонымен қатар мұғалімдерге, оқушылардың өздеріне және ата-аналарына 
олардың оқудағы ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін балл мен баға қою арқылы өткізіледі.
Сыртқы жиынтық бағалау бастауыш, негізгі және орта білім беру сатыларында оқытудың 
белгілі бір деңгейі аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Сыртқы жиынтық бағалау емтихандарының 
стандарттары Cambridge primary (5-сынып), IGCSE (10-сынып), As-level және A-level (11–12-сы-
нып) халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Сыртқы жиынтық бағалау емтихандары бірнеше компоненттерден тұрады, емтихан тап сыр-
ма лары қысқа және толық жауапты қажет ететін жабық және ашық сұрақтарды қамтиды.
Сыртқы жиынтық бағалау қорытындысы бойынша 12-сынып оқушыларына Қазақстан мен 
әлемнің жетекші университеттері, халықаралық ұйымдар мойындаған NIS Grade 12 Certificate 
сертификаты беріледі.


77 |


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет