| 10
4. Жалпы ережелер
1.1. Осы Білім беру бағдарламасы Зияткерлік мектептердегі құндылықтарды, оқу мақсатта-
рын, білім беру мазмұнын және Зияткерлік мектептердің жаратылыстану және математика
бағытындағы оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысты жалпы тәсілдемелерін айқындайтын
тұжырымдамалық сипаттағы нормативтік құжат болып табылады.
1.2. Осы білім беру бағдарламасы төмендегілерді көздейді:
-
қазақстандық және халықаралық білім беру бағдарламаларын кіріктіру бойынша
ДББҰ-ның орта білім беру саласындағы
саясатын іске асыру;
-
оқу үдерісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру арқылы Зияткерлік
мектептерде үш тілде оқытуды жүзеге асыру;
-
күтілетін оқу нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар жүйесін анықтау арқылы білім
сапасын арттыру;
-
оқушылардың ғылыми зерттеу әдістері мен таным әдістерін меңгеруі үшін жаратылыста-
ну және математика бағытындағы білімнің, әсіресе, жоғары мектепте берілетін білімнің
академиялық және практикалық бағыттарды үйлестіруі;
-
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, пән мазмұнын терең де жан-жақты
меңгеруге мүмкіндік беретін пәндік білім мен
дағдыларды біртіндеп арттыру;
-
жеке тұлғаның дамуы үшін қолайлы жағдай мен оңтайлы атмосфера құру арқылы білім
беру үдерісінің оқу-тәрбие компоненті рөлін күшейту;
-
мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, негізгі, жоғары мектеп пен жоғары білім беру
бағдарламаларының
сабақтастығын қамтамасыз ету;
-
Қазақстан Республикасындағы білім беру сапасын арттыру арқылы елдің экономикалық
және әлеуметтік дамуына қолдау көрсету.
1.3. Осы білім беру бағдарламасы төмендегілерді әзірлеуде негіз болады:
-
бастауыш, негізгі және жоғары мектеп
пәндерінің оқу жоспарлары;
-
пәндер бойынша оқу жоспарлары (ұзақ
мерзімді, орта мерзімді);
-
пәндер бойынша оқулықтар
мен оқу-әдістемелік кешендер;
-
оқушылардың пәндерден оқу жетістіктерін бағалауға
арналған өлшеу құралдары;
-
Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің біліктілігін
арттыру бағдарламалары;
-
Зияткерлік мектептерде оқу жұмысын ұйымдастыруға қатысты басқа да құжаттар.