Білім беру бағдарламасы тобының білім алушылары үшін «автоматтандырылған учаскені мен цехтерді жобалау»


Дәріс № 11 Механикалық жинақтау цехтеріндегі электроэнергиямен қамтамасыз ету Дәріс жоспары



бет12/17
Дата02.10.2023
өлшемі281.5 Kb.
#479509
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Дж Автомат жүйе

Дәріс № 11

Механикалық жинақтау цехтеріндегі электроэнергиямен қамтамасыз ету




Дәріс жоспары:
11.1 Электроэнергияның шығынының есебі..
11.2 Судың тұрмыстық шығыныың есебі

11.1 Электроэнергияның шығынының есебі.


Мұндай жобалық есеп жобаның энергетикалық бөлігін дайындау үшін ғана емес, сондай ақ бұйымды термиялық өндеудің өзіндік құнын және цехтың негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін де қажет.
Техникалық қажеттілікке кететін электр энергиясының шығынын ірілендірілген көрсеткіштері, яғни өнделетін детальдардың бір тоннасына электр энергиясының шығынын пеш жабдықтырдың қуаты мен оған салыну бойынша анықтауды ұсынамыз:
Э= N -Ғд,
Мұнда Э- энергияның жылдық шығыны, кВт сағ;
N - жабдықтың белгіленген қуаты, кВт;
К3және Ки- жабдықтарды салу және пештердің қуатын пайдалану коэффициенті ол ұстаудың ұзақтығына байланысты 0,45-0,50 болады.
Күш электр энергиясы шығынының жобылық есебін алдыңғы формула бойынша анықтайды, орнатылған қозғалтқыштардың қуатын паспорттық мәліметтерден таңдайды
Қозғалтқыштырдың мөлшерін қуаты мынадай (кВт):
Ыспалы тегістеу станоктары,
Беріктік өлшегіштер 0,3-0,5
Итергіштер 6-7
Конвейерлар 15-20
Ауаүрлегіштер 20-30
Тельферлер мен крандар 30-50
Жарықтандыруға кеткен электр энегиясы (кВт сағ) шығынын мына формуламен есептейді

Э0=F*q*h*t/1000


мұндағы Эо- жарықтандыруға кеткен электроэнергия, кВт сағ;


Ғ - жарықтандырылатын алаң, м ;
2
q- 1 м алаңға берілетін үлестің саны, ол өндірістік үйлерге 11 ге тең, ал тұрмыстық және қызметтік алаңға - 10 ға тең;
t - бір жылда жанатын сағат саны, ол екі ауысымды жұмыста 2500, ал үш ауысымда - 4700 болып қабылданады;
һ - бір мезгілде жану коэфициенті, пеш салу үшін 0,8, қызмет және тұрмыстық үйлер үшін - 0,7, жер төлелер үшін - 0,9 болып қабылданады.
Газбен мазуттың шығынын не цеxтың іс жүзіндегі мәліметтері бойынша, не үлесті шығын бойынша ірілендірілген көрсеткіштермен есептейді.
Бытыралау аппараттарында, шынықтыру престерінде, итергіштерге, пеш тосқоауылдарың көтергіштерінде және т.б. қолданылатын жоғары қысымды ауа шығынын (0,5-0,6 МПа) жобалық есебі жүргізіледі. Сығылған ауа шығынын ірілендірілген нормалар (м3/Т) бойынша. анықтайды:
Шынықтыру процестері және машиналары 0,4-0,5,
Көтергіштер 0,5-0,7,
Бытырлау аппараттары 2-5.
Отынның толық жанып кетуі үшін қажетті төмен қысымды (79980-106640 Н/м ) ауа шығынын газды (мазутты) барынша пайдаланып анықтайды.

11.2 Судың тұрмыстық шығыныың есебі


Теxникалық және тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын су шығынының жобалық есебі жасалады. Термиялық цеxтарда сушынықтыру және шаю бактарында, жуу машинарында, май суыту қондырғыларында, тұзды пештер де электродтарды суытатын ТВЧ қондырғыларында және т.б пайдаланылады.
Судың шығынын бір тонна бұйымға үлесті ірілендірілген норма бойынша есептейді:
Шынықтыру үшін 6—8 м /т,
Жыланды түтіктерді суыту үшін ............................10-12 м3/т,
Шаю үшін майлы бактарда шайылатын детальдардың 20-30%,
3
Шаңдар мен индукторларды суыту үшін 28 м /т
Шаруашылық қажетіне жұмсалатын су шығына ауысымда істейтін бір адамға мөлшермен 75 л келеді.
Термиялық цеxтарда бу жуу машинарында, шаю бактарында ерітінде қыздыруға жұмсалады. Бу шығының детальдардың салмағының 15% есебінен анықтайды.
Термиялық цеxтарда мұндай теxнологиялық материалдар жүмсалады: май, су, газ карбюризаторларды, тоқу сымдары; бырыра, құм және т.б.
Жобалық есебін технологиялық материалдардың үлесті шығыны бойынша. жүргізіледі.
Термиялық цехтарда түрлі бейімделгіш деталь дар мен құрал-саймандар шығыны көп: табандықтар, жәшіктер, себептер, аспалы ілмелі, қасықтар, шынышқылар, ожаулар және т.б. шығын өнделетін бұйымның 1% ке жуық салсағына тең деп қабылданады. Ыстыққа төзімді болат пен ыстыққа төзімді құйманың шығынын бейімделуге беріктігі бойынша ыстыққа төзімді болат үшін 2500-3000 сағ; және ыстыққа төзімде құйма үшін 4000-5000 сағатқа тең тед есептейді.
Бақылау сұрақтары
Тұрмыстық жағдайларға керекті электроэнергиясы қалай есептелінеді?
Судың тұрмыстық шығыны қалай есептелінеді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет