7
|
Жарылқасын Бекжан
|
8
|
Жданова Динара
|
9
|
Иса Гулнур
|
10
|
Қахарман Нұрзыби
|
11
|
Кәдірбекова Анар
|
12
|
Қуанышев Азилхан
|
13
|
Қүттыбиев Бауыржан
|
14
|
Маркез Ботакоз
|
15
|
Махмудқызы Мөлдір
|
16
|
Нурлан Нурдаулет
|
17
|
Сағынбай Батырхан
|
18
|
Сайлау Нұрхан
|
19
|
Сапах Иманберді
|
20
|
Серікбай Жазира
|
21
|
Тазабек Нурай
|
22
|
Турсынгалиев Нуржан
|
23
|
Тұрды Нұрдаулет
|
24
|
Тұрсынов Шұғыла
|
25
|
Уалихан Ақжұлдыз
|
26
|
Уларбек Нуржауын
|
27
|
Шазадаева Айзада
|
28
|
Шәлтікова Ақкенже
|
29
|
Эрмаков Самандар
|
Абай атындағы ҚазҰПУ
Математика,физика және информатика
институтының «Математика,физика және информатиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасы, «7М01501- Математика»
білім беру бағдарламасы, 2 курс магистранты
Ақболат Айшабибі Нұрланқызына
Мінездеме
Ақболат Айшабибі Нұрланқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Математика, физика және информатика институтының «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында 16.10.2023 – 11.11.2022 аралығында педагогикалық практикадан өтті. Практика барысында Айшабибі, 5В01501-Математика білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне 4 апта бойы «Математиканы оқыту практикумы» пәнінен сабақ берді.Педагогикалық іс-тәжірибе басталған күннен бастап ол мұқят жұмыс жасап, әр-бір жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарды. Педагогикалық қызметке бейімділік танытып, ұстазда болатын қасиетімен көзге түсті. Мекеме және топ атмосферасына тез бейімделіп, студенттермен және пән жетекшілерімен етене қарым-қатынас жасады. Пән мазмұнының күрделілігіне қарамастан, өз міндетін толығымен орындады. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында өтуге тиісті әр сабаққа алдын-ала дайындықпен, көп ізденіспен келіп, сабақтарды қызу ынтамен өткізді. Ол өзінің әр пәнді толық игеруіне жоғары талап қойды, әрі сол талаптан шығуға құлшынды. Өз кәсібін сүйетіндігін педагогикалық іс-тәжірибе барысында дәлелдеп, болашақ мұғалім болу алдында тұрған студенттерге терең әсер қалдырды. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында жоғарғы оқу орнында және жоғарғы оқу орнынан кейінгі алған теориялық білімдерін тереңдетіп, күнделікті сабақ барысында қолдана білді. Практика барысында студенттердің касіби құзіреттілігін дамыту бағытында түрлі жұмыстар жасады. Айшабибі болашақта кәсіби жақтан қабілетті, әдіскерлік жағынан шебер педагогикалық тұлға болатынына үлкен сеніммен қараймын.
Педагогикалық тәжірибедегі жұмысын «_____» деп бағалаймын.
Педагогикалық тәжірибе өткізілген ЖОО-да педагогикалық тәжірибе жетекшісі: П.ғ.д., профессор, Шуақаев М. К.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Математика,физика және информатика
институтының «Математика,физика және информатиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасы, «5В01501-Математика»
білім беру бағдарламасы, 3 курс
МОК 213 топ студенттеріне
Мінездеме
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Математика, физика және информатика институтының «5В01501-Математика» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері. Жалпы топта 29 студент бар. 12 қыз бала, 17 ұл бала.
Бұл топ студенттерінің пәнге деген қызығушылығы жоғары, әрі зерек, таланытты, әрбір тапсырған жұмысты жауапкершілікпен атқарып отырды. Топпен жұмыс жасауға шебер, топ аралық ынтымықтастығы күшті, әрі уақытқа деген көзқарасы бар ынтылы топ. Тапсырманы орындау барысында күнделікті үйренген білімдерінен тыс жаңа ақпараттармен танысып, өз жетістіктерін толықтырып отырады. Жаңа мазмұнның күрделілігіне қарамастан тез арада меңгеруге құлшынады, әрі тапсырманы дәл уақытында орындап, өз ойларын тұжырымды, тианақты жеткізе алады. Жеке жұмыс барысында алға ұмтылуға тырысады, бәсекеге тартынбай түседі, өздеріне сенімділік танытады. Топтық жұмыс барысында өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмыс өнімділігін жоғарлату үшін топ аралық ұйымшылдықты көрсете алды.
Сабақ барысында өздерін дұрыс бағалай алады, өз қателіктерін кемшілік ретінде қабылдап, келесі жолы қайталамауға құлшынады. Әр сабаққа үлкен дайындықпен келіп, мұғалімнің сабақты жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік бере алады.
Олардың бойынан үлкенді сыйлау, кішіні аялау, бір-біріне көмектесу, қамқорлық көрсету сынды педагогтерге тән дағдылар мен қасиеттер табылады. Топ студенттері болашақта касіби білімі мол, құзыретті, шебер мұғалім болатынына сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |