«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»


Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
бастауыш1

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: Жеке 
тұлғаны дамыту мен қалыптастыру жайлы тарихи диалектикалық даму 
заңдылықтары, тарихи педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі ақиқаттық 
пен шындық, тарихи жүйелілікті сабақтастыру.
Зерттеудің базасы: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 5В010200 - «Бастауыш 
оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының білімгерлері. 
Зерттеудің көздері: 1915-1941 жылдардағы мерзімді басылымдар, 
Қазақстандық және Ресей, Өзбекстан орталық мемлекеттік мұрағат 
материалдары, елдеріндегі педагогика тарихы, ғалым мамандардың ғылыми 
зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек 
кітаптары мен қолжазбалар қорындағы материалдар.


10 
Зерттеу әдістері: Зерттеу кезеңіне қатысты тарихи-педагогикалық 
еңбектерге, мұрағат құжаттарын салыстырмалы-тарихи талдау, зерттелетін 
мәселе бойынша нақты деректерді логикалық-тарихи, теориялық және 
жүйелік талдау, сұрыптау, жалпылау, жүйелеу және жалпы зерттеу 
нәтижелерін қорыту, бағалау. 
Зерттеудің кезеңдері: 
Бірінші кезең (2017-2018) зерттеу тақырыбы анықталып, ғылыми-
педагогикалық және арнаулы әдебиеттерде бұл мәселенің зерттелу жайы 
қарастырылды. Тақырып бойынша тарихи, тарихи-педагогикалық, тарихи-
этнографиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасалды. 
Зерттеу нысанасындағы оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқулықтармен 
танысып талданды.
Ғылыми және ұғымдық аппараттар белгіленіп, мұрағат материалдары 
жинақталып, олар бұрынғы баспаға жарық көрген еңбектермен 
салыстырылып, ғылыми дәйектелігіне көз жеткізілді.
Зерттеу материалдары негізінде бірнеше ғылыми еңбектер, мақалалар 
мен кітапшалар жарық көрді.
Екінші кезең (2018-2019) жинақталған деректер қазіргі педагогика 
ғылымдарының теориялық қисындары тұрғысынан талдауға алынды, 1915-
1941 жылдардағы Қазақстандағы бастауыш білім беру кезеңдері белгіленіп, 
сипаттама берілді.
Үшінші кезең (2019-2020) жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері 
қорытындыланып, жүйеге келтірілді. Кезеңге бөлудегі қолданылған әдістер: 
талдау, жинақтау, тарихи салыстырмалы, тарихи генетикалық, құрылымдық 
және функционалдық ерекшеліктері айқындалды.
Докторанттың тікелей араласуымен педагогика тарихы пәніне қажетті 
зерттеу нысанын материалдары «Қазақстандағы бастауыш мектептердің 
тарихы» атты (1915-1941 жж.) элективті курс бағдарламасында дәріс, 
семинарларды жоғары оқу орындары студенттеріне ұсынылды және жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет