«Білім беру жүйесіндегі қазақ ұлттық мектебінің қалыптасуы мен дамуы»



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата18.11.2022
өлшемі1.91 Mb.
#465137
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
бастауыш1

Оқу пәндері 
Сынып, апталық сағат саны Барлығы 




Дін сабағы 




14 
Орыс тілі 




18 
Қазақ тілінен аударма 




11 
Математика 




16 
Тарих 




15 
География 




14 
Табиғаттану 




11 
Сурет, таза жазу 




13 
Барлығы 
21 
28 
30 
30 
112 
[204]. 
Қандай да болмасын бұл тұрғыдағы оқу бағдарламаларының бастауыш 
мектептердің педагогикалық тәжірибесінде қолданылуы 
– 
заманауи білім беру 
мен оқыту жұмыстарымен ұлттық мүдде тұрғысынан айналысуға қазақ 
зиялыларына түрткі болып, кейінгі уақыттардағы қазақ жеріндегі бастауыш 
мектептерінің жаңа бағытта дамуына жол ашты деуге болады.
Мұсылмандық негіздегі білім беру жүйесінің жаңаша оқыту әдісіне 
негізделген жадидтік оқыту бағыты ескі әдісті (қадыми) мектептегі оқыту 
мазмұнының бағытын сынға алып, өміршең білім беру мазмұнын ұсынды. 
Жадидтік бағыттағы білім беру жүйесінде оқытудың мазмұнына бірінші 
мәселе болып – баланың ана тілінде білім алуын жүзеге асыруды басшылыққа 
алады. Солай бола тұрса да олар, ислам дінін негізінде мұсылмандық 
дүниетанымға оқытатын білдерден біржола қол үзбеді, тек оны білім алушы 
шәкірттердің табиғи болмысына заңдастыруды басшылыққа алды. Сонымен 
бірге патшалық Ресейдің мұсылман мектептерінде орыс тілін оқыту 


101 
жайындағы талыптық ережелерін орындауға тура келді. Себебі, ереже 
талабында жаңа ашылатын мектептердің оқу бағдарламасында орыс тілін 
оқыту мәселесі қарастырылмаса онда мектептің ашылуына және жұмыс 
жасауына рұқсат берілмеді. Мәселен, халыққа білім беру министрлігінің 
«Ресейдегі жоғары және төменгі мұсылмандық мектептерін (мектептер мен 
медреселер) қайта құру жөніндегі жазбасында» 
1. Мұсылмандық мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын
бір жүйеге келтіру;
2. Мұсылмандық мектердің оқу жоспары мен оқу бағдарламларында 
діни пәндермен қатар арифметика, география, табиғаттану, орыс тарихы, 
жалпы тарих пәндерін енгізу арқылы мектептерді қайта құру;
3. Молдаларды мұғалімдік білімі бар мамандармен алмастыру;
4. Ескі әдісті мектептердегі әріптерді қосып оқыту әдісін алып тастап, 
орнына дыбыстық әдісті қолдану;
5. Мектеп, медреселерді бітіргендерге сынақтар тапсырту, бітіргендігі 
жайында куәліктерін беріп, әскер қатарына баруға құқық беру.
6. Мектептердің жұмысын қадағалауды мұсылмандардың арасынан 
сайланатын, аймақтық қамқоршысына бағынышты адамдарға тапсыру.
Жаңа оқыту жүйесін ұстанғандар 

мұсылмандық діни қауымдағы 
адамдардың мектептер мен медреселерді қадағалауына рұқсат бермеу, 
тоқтату. Молдаларды мұғалімдермен алмастыру, діншілдік бағыттағы 
кадимистердің ықпалына тосқауыл қою, шектеу жасау және тоқтату. Білім 
берудің мазмұндық жүйесін заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру.
Жаңа ағартушылық бағытты ұстанған жәдидшілдер әлеуметтік ортадағы 
рухани тоқырауды сынға алып, оны жаңшылдық бағытта дамытуды 
басшылыққа алып, патшалық Ресейдің оқу-ағарту саласына енген отарлау 
саясатының негізі болып табылатын орыстандыруға қарсы жұмыстар жүргізді. 
Мұсылмандық оқудағы білім мазмұнын қайта құруды жақтады. Ескі оқу 
жүйедегі мектеп-медреселер халық арасындағы беделдерінен айырыла 
бастады, оған дін иелері «жәдидшілдік» исламдық жүйедегі мұсылмандық 
шариғатына қарсы әрекет деп бір жағынан қылмыс жасалса, екінші жағынан, 
патшалық Ресей үкіметі тарапынан да қысым көрсетілді. 
Жаңа әдісті «жадидтік» мұсылман мектебінде татар, қазақ, сарт, қалмақ 
т.б. мұсылман халықтарының балалары бірге оқыды. Осы бағыттағы 
мектептің оқу жоспары және онда оқылатын пәндер жиынтығы:
Кесте 4 
№ 
Пән аттары 
Оқу бағдарламасының мазмұны 

Мұсылманша сауат 
ашу
1. Дайындық сыныбы: әліппе, математикадан 
бастапқы қарапайым ұғымдарды беру. /»Біздің 
мектеп» кітабының 1,2 бөлімі/ 
2. 1-ші бөлім: Құран бастамасы және /»Біздің
мектеп» кітабының 3 бөлімі. Есеп. хисаб/ 1 бөлім 

Дінтану 


102 
4- кестенің жалғасы 

Тарих 
3. 2-ші бөлім: Құдай заңы. Құран, Пайғамбарлар 
тарихы, / «Біздің мектеп» 4 және 7 бөлімі 
бойынша /. Табиғат ішінде 1,2 бөлім. Есеп /хисаб/ 
2-кітап 3-бөлімі. 
4. 3-ші бөлім: біздің мектеп 4,5 бөлім. Табиғат 
ішіндегі-2 бөлім. Есеп //хисаб 2-кітап 3-бөлім. 
Біздің мектеп 8-бөлім. Жағрафия, Европа және 
Ресей империясы, Ислам тарихы, Құран. 
4-ші бөлім: Құран, Түсіндірмелі оқу. Есеп 
/хисаб/ 2-кітап, 4 бөлім, мәнерлеп оқу, татар 
грамматикасы, география - 4 бөлімі, Ислам 
тарихы – 2 бөлім 

География 

Арифметика 
Бұндай алғашқы жадидтік мектептерде пән сабақтар татар тілінде 
жүргізілген болатын [205]. Өйткені, жадидтік оқу жүйесінің бастауы Қырым 
татарларынан орын алып, түркі және бүкіл мұсылман халқына тарай бастады.
Жоғарыда келтірілген мектептердің оқу бағдарламалары әр түрлі 
болғандығын және оқу жұмысын ұйымдастыру үшін түзілген бағдарламалар 
жеке пәндерге бағытталғанын айқын көреміз. Бағдарламалардың мазмұнына 
талдау жасағанда оқулық немесе оқу кітаптарымен жұмыс жасау бір сыныпта 
немесе бөлімдер арқылы шәкірттердің меңгеретін білімдер мазмұны және 
оқылатын мерзімдері көрсетілген. 
Оқу пәндерінен берілген білім мазмұны тақырыптық деңгейде 
толығымен ашыламаса да, шәкірттердің қандай білім игеретіндігі толығымен 
қарастырылған деуге болады. Оқу бағдарламалардың жүйесіндегі 
ерекшеліктің бір қыры оқушыларға білім беру барысында, оқу жұмысының 
берік болуы үшін өлең жаттау, оқығанын айтып беру, дауыстап түсініп оқу, 
мәнерлеп оқу болса, жазуға деген икемділігі мен білігіне қойылатын 
талаптарында таза жазу, диктант, шығарма және мазмұндама жазу берілген. 
Тәрбиелік мәні 

ислам дінінің негіздерін оқытатын пәндер арқылы 
мұсылмандық дүниетанымға баулу, имандылық, ізгілік пен адамгершілік 
тәрбиесінің негіздерін шариғаттық тәртіп жүйесімен қалыптастыру екендігі 
анық көрінеді. 
Осы жүйедегі екінші бір мектептің оқу жоспары мен бағдарламасы 
төмендегідей болып келеді: 
1-ші оқу жылы: грамматика /әріп тану/, дауыстап оқу /шағын 
шығармаларды оқу/, арифметика /1-10ға, 10-100-ге дейін санау, санды 
цифрлық таңбалау/, құран /ислам негіздегі мұсылмандықтың алғашқы 
шарттарымен танысу/. 
2-ші оқу жылы: диктант /жазуға төселу, естігенін тілдік емлеге сай 
тәрітппен жазу/, дауыстап оқу мәнерлеп, тыныс белгілері арқылы оқуға 


103 
төселу/, грамматика /тіл заңдылықтарын теңдете оқу/, құран /құран сүрелерін 
жаттау/. 
3-ші оқу жылы: арифметика /қосу мен азайтуды, көп немесе аз, есе 
немесе кем т.б./, құран /құран негіздеріндегі сүрелердің мазмұнын жете 
түсіну/, пайғамбарлар тарихы, жағрафия /жер, су аттарын білу, туған өлкесі 
жайында және жалпы жаратылыс туралы алғашқы ғылыми түсініктерді 
меңгеру/, шығарма жазу /оқыған еңбектерінің желісі бойынша өзіндік түсінік 
шығармашылықа жұмыс жазу/. 
4-ші оқу жылы: жағрафия /Жалпы жаратылыс жайындағы ғылыми 
дүниетанымын дамытатын білімдер жиынтығын меңгеру/, тарих /қазақтың 
тарихы, хандар мен бек, сұлтан, шешендер ақын-жырау және батырлар 
жайындағы қисса білімдер/, құран /құран кітабының негізгі мазмұндық 
құрылымын жетік меңгеру, сүрелер мен дұғалардың мазмұндық жүйесін 
толық түсіну/, Ислам тарихы /мұсылмандардың жорығы, мұсылман 
мемлекеттері жайындағы білімдер/, зоология /өсімдік түрлері жайындағы 
білімдерді алу/, арифметика /төрт амалмен есеп шығаруды толық меңгеру, 
бөлшектермен есеп шығару/, хадис /мазмұндық жүйесімен адам тәрбиесіне 
ықпал жасайтын білдерді меңгеру/, шығарма жазу /оқыған білімдерін қағаз 
бетіне түсіріп, білімдерін бекіту мен шыңдауда логикалық ой жүйесін дамыту 
мен жазу сауаттылығын арттыру/ [206].
Жадидшілдікті ұстанған зиялылардың педагогикалық мұраларындағы 
бастауыш мектеп жайлы ой-пікірлері сол кезеңдегі қоғамда және әлеуметтік 
ортада маңызды оқиғалардың бірі ретінде орын алып, қазақ ұлттық бастауыш 
мектебін қалыптастыру мен дамуы жайындағы жаңа мазмұнды ғылыми-
педагогикалық ойлардың өркендеуіне өзек болды. Бұл заманауи ғылымдарды 
меңгеріп, өз заманына үйлесімді білім беруге негізделген құнды тарихи 
педагогикалық мұра ретінде танылған ғылыми орта және Қазақстандағы 
жадидшілдік негіздегі қазақтың ұлттық мүддесіне негізделген оқудың 
дамуына А. Байтұрсынов үлкен еңбек сіңірді деген өз зерттеулерінде [207].
Қазақ ұлттық бастауыш мектебінде педагогикалық үдерісті 
ұйымдастыруда білім беру мен оқыту теориясы немесе дидактикалық 
заңдылықтарға бағындырылу, пәндерді оқыту әдістемесі және психология 
ғылымы салаларына арналған қазақ ғалымдардың ана тіліндегі еңбектері
жазылып, мектептердің педагогикалық тәжірибесінде кеңінен қолданыла 
бастады. Қазақ ұлттық бастауыш мектептерде білім беру мен оқыту 
жұмыстарын дамытуды теориялық және ғылыми-әдістемелік бағытта 
дамытуға үлес қосқан қазақ білімпаздары мен ғалымдары өздерінің көп 
жылдық мұғалімдік қызметтегі жинаған педагогикалық тәжірибелері мен жеке 
ізденістік шығармашылық жұмыстарының нәтижесі екендігі анық. Мысалы, 
қазақ жазу таңбасын реформалаушы, қазақ ұлттық бастауыш мектебінің 
негізін салушылардың бірі А. Байтұрсынов. Ғалым-әдіскер, тілші ғалымның 
«Оқу құралы», «Әліп-би», «Баяншы», «Тіл құрал» және қазақ тілін оқытудың 
әдістемелік мәселелеріне байланысты жазған ғылыми-әдістемелік еңбектері. 
М. Жұмабаевтың «Педагогика», «Ана тілі», «Ана тілін оқыту методикасы» 
кейінірек 
латын 
графикасымен 
шыққан 
«Сауатты 
бол» 
т.б.


104 
М. Дулатовтың «Есеп құралы», Х. Досмағамбетовтың «Табиғаттану»,
Ж. Аймауытовтың «Психология» және т.б. қазақтың білімпаз оқымыстылары 
мен ұлт зиялыларының өкілдерінің шығармалық негіздегі ғылыми еңбектері
қазақ балаларын тәрбиелеу мен оларға ана тілінде білім беруді 
ұйымдастырудағы оқыту жұмыстарының жолдары және қазақ ұлттық 
бастауыш мектебінде білім мазмұны жайындағы мәселелерге көңіл бөлген. 
Осы тұрғыдан келгенде, бастауыштағы білім беру мен оқытуды 
дидактикалық талаптарға сай ұйымдастыруға әрі оны негіздейтін құжат 

жаңа 
оқу жоспар мен оқу бағдарламасын жасау күн тәртібінде тұрған өзекті және 
күрделі мәселелердің бірі болды. Себебі, оқу жоспары мен бағдарламаға 
сәйкестендіріп, жаңа мазмұндағы және жаңа педагогикалық жүйедегі 
оқулықтар мен оқу құралдарын жазу қажеттілігі туындады.
Оқу-ағарту саласындағы жаңа оқу жоспар мен бағдарлама мәселесіне 
қатысты, қазақ ғалымдары арасында ғылыми ой тартыстағы пікірлер орын 
алған да болатын. Дегенмен де, бұрын жазылған қазақша оқулықтар 
«жадидтік» оқыту жүйесіне негізделген болса, ендігі кезекте қазақ балаларына 
арналған ұлттық мектептің мәселесі ретінде қаралды. Қазақ білімпаздарының 
бірі ағартушы және ақын Т. Жомартбаев: «Әуелі қазақша оқытуға кітаптар 
даяр ма? Даяр болмаса ноғайша кітаптар аламыз ба? Олардың қайсысы жақсы? 
Ноғайлардың тәртіпті мектептерінде тұтынып жүрген программаларын сол 
күйінде аламыз ба? Яки, қазаққа лайықтап, ыңғайлаймыз ба?» деген сұраулы 
ойларға жауап табу үшін қазақ зиялыларына пікір бөлісуге шақырады. А. 
Байтұрсынов «Қазақта балаларды оқытатын жосықтар /программалар/ 
бағдарлама мен кітаптар /оқулықтар/ жоқ», - деп жаңа педагогикалық жүйеге 
негізделіп жазылған бағдарламалар мен оқулықтардың жоқтыған басты 
мәселе ретінде қарастырып, «Бұл қазақша оқуда кемшілік көп. Әуелі оқу 
құралы 

кітаптар жоқ. Ноғайша оқу құралдары қазаққа үйлеспейді. Екінші, 
қазақ мектебіне түзілген программа жоқ, онсыз оқу жөн шықпайды. Үшінші, 
бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалімдер аз» - дейді. Ноғайша жазылған 
оқу құралдары қазақ баласының білім алуына сәйкес келмейтіндігі және 
өкінішке орай сол кезде қазақ мұғалімдерінің білім беру мен оқыту 
жұмыстарында қолдануға ыңғайлы оқулықтар мен оқу құралдарының 
жоқтығында ашық айтады. Одан әрі ғалым-әдіскер «Сондықтан да қазақта оқу 
құралы жоқ болатын болса, ноғай кітаптарымен оқытпасқа шара жоқ. Қазақ 
балаларын ноғай кітаптарымен оқытуда қолайсыздық, кемшілік көп, бірақ 
амалсыз ол кемшіліктермен келісеміз. Ноғай кітаптарымен оқытқан соң, 
олардың программаларын алмасқа болмайды. Программасын қазаққа 
ыңғайлағанмен, қазақша құралдар сай емес, программа бір жаққа, оқу бір 
жаққа кетеді. Программада керек дегеннің бірі болмаса да, көбі оқу 
құралдарынан табылуы керек. Ноғайдың тәртіпті мектебіндегі программасын 
ала тұратын болған соң, оқу кітаптарын да сол тәртіпті мектептерінен алу тиіс» 
- дей келе, «Білімнің бас құралы кітап» - деп оны жазуға арнаулы 
педагогикалық білімі бар мамандар арасында конкурсын жариялау керек және 
сол арқылы жақсы кәсіби мамандарды оқу-ағарту саласындағы орын алған 
қиын мәселелерді шешуге тарту қажеттігін айтқан [208]. 


105 
Қазақ ұлттық бастауыш мектебін қалыптастыру және оған қажетті 
оқулықтар мен оқу құралдарын, білім мазмұнын анықтайтын оқу жоспары мен 
бағдарламаларға жазу жөнінде мәселелер төңірегінде орын алған пікірлер 
газет-журнал беттерінде жарияланып қазақтың білімпаз-оқымыстылары мен 
ғалымдары арасындағы білім ортада талқыланып, түрлі ғылыми пікірлер 
айтылды. Сол уақыттағы қазақ мектептерінің оқу жоспарлары мен оқу 
бағдарламаларының бір жүйеге түспегендігі және қазақ тіліне негізделген 
әліппенің, баланың ана тілінде сауат ашуына негізделген оқу құралдары мен 
оқулықтардың тапшылығы сауатсыздықпен күресте өз кедергілерін келтіргені 
анық. Қазан қаласындағы баспалардын жергілікті ұлттар тіліндегі әдебиет, 
оқулықтар келіп тұрған анық, дегенмен де бұлардың барлығы сол кездегі 
мектептердің қажеттігін толығымен қамтамасыз ете алмады. Себебі, көпшілік 
оқулықтар мен оқу құралдары діни сарындағы мазмұнда болса, ал кейбір 
мектептерде мүлдем болмады. Мектептердегі білім беру ескі жоспарлар ескі 
бағдарламалар бойынша жүргізілді әрине, бұл жерде балалар ескі 
оқулықтармен оқуға тура келді. Бірақ, бұндай оқу жоспарлар мен 
бағдарламалар тиімсіз болды, өйткені, әр мектеп өзі жасайтын, ортақ жүйе 
болмады, көптеген келеңсіздіктерді тудырды. 
Дегенмен де, қазақ жеріндегі «төте оқу» деген атқа ие болған «жадидтік» 
негіздегі жаңа оқытудың бағытындағы мектептердің білім беру мазмұнын 
ұйымдастыратын жаңашыл оқу бағдарламаларының өмір тәжірибесіне еніп, 
педагогикалық тәжірибеде қолданысқа ие болуы мен өмірлік сүзбеден өтуі 

қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің қалыптасып, дамуына және олардың 
оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге негіз болған педагогикалық мұралар 
ретінде орын алды деуге болады. 
Кесте 5 - Қазақ ұлттық бастауыш мектебінің негізін салушы
А. Байтұрсынұлының жасаған оқу жоспары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет