74
тәрбиелеу, дамыту мақсаттары, бала денсаулығын физикалық, психологиялық, психикалық,
рухани және әлеуметтік қамтамасыз ету енеді.
Қолдаудың негізі келесі ұстанымдардан болады:
1.
Ізгілендіру – бала мүмкіндігіне сенуге болжанған.
2.
Жүйелі тәсіл – біртұтас жүйе ретінде адам түсінігіне негізделген.
3.
Кешенді тәсіл- бала дамуын қолдауға бағытталған.
4.
Баланың жеке мүмкіндігіне, оның даму қарқынына сәйкес қолдаудың мазмұнын,
формаларын және тәсілдерін болжайтын баланың жеке және жас ерекшеліктерінің есебі.
5.
Білім беру үдерісінде баланы қолдаудың үздіксіздігі.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл мектепалды даярлық үдерісінде әрбір
баланың табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметті-психологиялық
және педагогикалық
жағдайлар құратын толық, жүйелі ұйымдастырылған қызмет.
Психологиялық-педагогикалық қолдау объектісі болып білім беру үдерісі (оқу-тәрбие
үдерісі) табылады.
Қызмет пәні – бала қатынасының жүйесі ретінде бала дамуының жағдайы: әлеммен;
айналасындағылармен (ересектер, құрбылар); өзімен өзі.
Психологиялық-педагогикалық қолдауды бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:
балаға жеке білім беруде көмек пен қолдау көрсетуге қабілетті педагог-психологтың
кәсіптік қызметі сияқты;
білім беру міндеттерін шешу кезінде балаға рухани дербес таңдау жасауға көмектесетін
мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттер кешенін құрайтын үдеріс сияқты;
жетекші мен жетеленушінің өзара іс-әрекеті сияқты;
оқушылардың оқу жетістіктерін қамтамасыз етуде педагог, психолог, және т.б.
мамандар әрекетінің дәйекті кезеңдерінің қатарын құрайтын технология сияқты;
мақсатты, мазмұнды, үдерісті және нәтижелі элементтердің
өзара қарым-қатынасын
мінездейтін жүйе сияқты.
Қазіргі таңда Қазақстан мектептеріндегі ең бір өзекті мәселелерінің бірі- оқушылардың
білім алуға деген құштарлығының төмендігі немесе оқуға деген мотивацияның жоқтығы.
Оқушылардың оқуға деген мотивациясының жоқтығы көптеген себептермен түсіндіріледі.
Соның ішінде: білім алуға деген жалқаулық, іш пыстырарлық мектептегі өмір, әлеуметтік –
тұрмыстық жағдайы, ата-аналарымен және сыныптастар арасындағы түсінбеушілік т.б.Кейбір
оқушылар мектепте білім алуды өздері үшін емес ата-анасының нұсқауымен немесе өмірінің
міндетті бір бөлігі ретінде қарайды .
Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде, әр ұстаздың
басына «оқушыларды білім алуға деген қызығушылығын қалай арттыруға, ынталандыруға
болады?» – деген сұрақ туады. Бұл мәселенің шешімін оңай табады деп айтуға келмес.
Оқушылардың
оқуға деген ынтасын,қызығушылығын арттыру үшін бала психологиясын,
баланың қоршаған ортасын жақсы білу керек деп ойлаймын.
Сонымен бізді мазалап отырған сұрақтардың бірі оқушылардың оқуға деген
мотивациясының артуына не істеуге болады? Қарапайым мұғалім білім беру саласындағы
көтеріліп жатқан осы өзекті мәселені өзгерту үшін не істей алады?
Достарыңызбен бөлісу: