«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет21/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Лингвоэкология тілдің 
дамуының объективті бет-бейнесін көрсете білуге тиіс. Оған төніп отырған қауіп жөнінде 
қоғамға дабыл қағып, әдеби тілдің тағдырына адамдар, қоғам тіршілік етіп отырған тілдік орта 
қамқорлыққа алынып, қорғалуға тиіс. Лингвоэкологияның міндеті мен қарастыратын 
мәселелерінің құрамына қоршаған тілдік ортаны әртүрлі ластанудан сақтау, тазалау, сондай-
ақ лингвистикалық нигилизммен күрес те енеді. 
«Гуманитарлық білімді бағаламау, қоғамның, әсіресе, прагматикашыл көңіл-күйдегі 
жіктерімен, технократтардың гуманитарлық білімді жоққа шығарушылық көзқарастырымен 
де күресу, қазіргі қоғамның барша салаларын гуманизациялауға негіз болатын, ағарту істеріне 
ұйытқы болатын филологиялық білім беру аса қажет», – деп санайды ғалым Н. Уәлиұлы [12].
Сөз мәдениетіндегі адамның лингвоэкологиялық түсінігінің төмендігін олардың мынадай 
сөздерді қосып сөйлеуінен тануымызға болады:
«Тілдік тұлға мәселесі лингвоэкологиялық бағыттағы іргелі ұғымдардың бірі», – 
ғалымның өзі айтқандай, Н. Уәли қоғамдағы тіл мәдениеті мен сөз қолданыс мәдениетін 
зерттеп, зерделеп, тіл экологиясына үлес қосып, дабыл қағып келе жатқандықтан, ғалымды 
тілдік тұлға, нағыз тіл жанашыры деуімізге болады [3].
Коммуникативтік ситуация, тілдік емес факторлар – сөз талғауға, олардың басын құрап
сөз саптауға тікелей әсер ететін аса маңызды шарттылық [4].
Сөзді осылайша тілдік, тілдік емес норманың түрлерінен ауытқудың ыңғайына қарай құру 
автордың прагматикалық мақсатына бағынады. Сонымен, прагматикалық мақсатқа қарай, 
Тілді бұзатын нәрселер 
кірме 
сөздерді 
қосып 
сөйлеу
былапыт, 
дөрекі
сөздер
уәжсіз, 
қисынсыз 
қолданыстар


45 
яғни адресатқа ықпал ету үшін, оның зердесіндегі автоматизмді бейтараптандырып 
айтылған/жазылған сөзге зейінін тоқтату үшін тілдік нормадан, мәтін нормасынан 
этологиялық нормадан, ортологиялық нормадан ауытқудың ыңғайына қарай сөз саптау тілді 
әсерлі, бедерлі етудің тәсілі болып табылады.
Өркениетті адам тілдік қарым-қатынастың әртүрлі формаларын жете меңгеруі керек. Бұл – 
нарық пен демократияға бет бұрған заманның талабы. Әсіресе нарық заманының адамы тілдік 
қатынаста тек өз саласымен шектеліп қалмай, шаршытоп алдында айтыс-тартысқа түсудің 
логикалық, әлеуметтік, психологиялық жақтарынан хабардар болуға тиіс. Ал тілдік 
құралдарды талғау, саралау айтыс-тартыстың логикалық, әлеуметтік, психологиялық 
жайттарына тәуелді. Осы жайттарды дұрыс аңғарғанда ғана тілдік құралдарды, стильдік амал-
тәсілдерді мүмкіндігінше тиімді пайдалануға зор жәрдемі тиеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет