«білім берудегі 4к моделі: теория мен әдістеме» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік



Pdf көрінісі
бет34/138
Дата08.10.2023
өлшемі2.86 Mb.
#480116
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138
Bilim-berudegi-4K-zhina-y

Уәжге әсер ететін факторлар 
түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын 
белсенді мұғалім
негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын 
мұғалім 
көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар
аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде 
қатыспайтын тапсырмалар 
белгілі бір мағынасы бар және осының алдында 
өткен тақырыппен байланысты жаттығулар
айқын емес, түсініксіз және осының алдында өткен 
тақырыптармен байланыспайтын жаттығулар 
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті 
деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын 
етіп сараланған
сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында 
орындау тым қиын немесе қабілеті жоғары 
оқушылардың мүмкіндіктері ескерілмейді 
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады – 
сабақ қызықты әрі мазмұнды
оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі қолданылады 
– 
сабақтың қандай болатынын алдын ала болжап 
білуге болады 


67 
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ 
қарқынын өзгерт 
сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және 
оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді
әр оқушыға жеке қолдау көрсету
оқушылар мұғалімнен көмек күтеді, мұғалім 
тарапынан қолдау болмайды 
орынды мақтау және мұғалімнің пайдалы кері 
байланыс ұсынуы
мақтау айтылмайды және мұғалім оқушыларға 
тиімсіз кері байланыс береді 
оқушылар сабақ мақсатын және сабақтан күтілетін 
нәтижені біледі
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің нені 
үйренетінін білмейді 
Мұғалімдер сабақ беру барысында бүкіл пән бойынша қарастырылған білім әр оқушының 
жадында түпкілікті сақталып, өмірде қолдана білуіне кепілдік беруді мақсат тұтуы тиіс. 
Оқушылардың қазіргі уақытта оқып жатқан пәндік салалар мен бұрын қарастырылған 
тақырыптар арасында байланыс орнатуына үнемі ықпал ету. Бұл өткен тақырыптардың 
оқушылардың жадында сақталуын қамтамасыз етіп, олардың пәнді толығымен түсінуіне 
көмектеседі.Сабақтарды «спиральді оқу бағдарламасына» сәйкес жоспарлау, яғни тақырып 
басында қарапайым деңгейде қозғалып, кейін жоғары деңгейде қайта қаралуы тиіс. 
Оқушылардың тақырыпты түсінуі оларға осы тақырыпты қайта қарау мүмкіндігін берген 
кезде жетіле түседі. Бұған бірнеше тәсілдермен қол жеткізуге болады:
 
басқа сұрақтарды және бастапқы сұрақтарды өзгертіп қолдану арқылы тақырыпты 
қайта қарастыру;
 
тақырыпқа қайта оралу арқылы оны басқа тақырыптармен байланыстыру; 
 
тақырыпты жоғары тұжырымдамалық деңгейде (оқушыларда түсінік қалыптасып
дағдылары шыңдалған кезде) және көптеген жағдайлардың көмегімен зерттеу.
Сабақтарда қамтылатын белсенді оқу тәсілдері тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, 
жоспарлау және бағамдау жаттығуларын жүргізіп, топтық жұмыс және ықшамсабақтар 
ұйымдастыруды көздейді. Бұл тәсілдерде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол 
жеткізу үшін сыныпта қолдануға болатын тәжірибелік идеялар қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет