69
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Нурабаева А.П.
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-
интернат
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы
«Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция.
Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп
атап өтті.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру ел азаматтарының алдында тұрған
міндеттердің бірі болып табылады. Оның іргетасы мектепте қалануға тиіс. Осы идеяны іске
асыру аясында біздің мектеп- интернатта мақсатты түрде тәрбие жұмысы жүргізіліп, барлық
пәндердің тәрбиелік мазмұны күшейтілуде. Пәнді оқыту оқушының
рухани-адамгершілік
қасиеттері мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастырып, ұлттық сана мен төзімділікті
дамытуға, зиялы
қоғам құндылықтарын нығайтып, көпұлтты қоғам жағдайында қарым-
қатынас жасауға үйретуге бағытталған.
Қазақстан халқын біріктіретін «Мәңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан
–
менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды
болып табылады.
Мектепте жайлы, дамытушы, ізгі орта құру тәрбие беру
ісінің маңызды саласы болып
табылады. Тәрбие беру ісіне мұғалім ғана емес, барлық ересектер атсалысып, балаларға үлгі
болуға тиіс. Ересектер мен басқа оқушылардың жағымды істерінен оқушылар өнеге алады.
Педагогика тарихында оқу мен тәрбиені тығыз байланысты қарастыруды көздейтін үрдіс
қалыптасқан. Көптеген ғалымдар оқыту белгілі бір мазмұнды меңгертуді көздейді, сол арқылы
жеке тұлғаны қалыптастырады деп атап көрсетеді. Баланың дүниетанымын, өнегелілік
ұстанымдарын қалыптастыру әлем туралы, әлеуметтік нормалар туралы білім жүйесін
меңгеруді, осы білімді қолдана білуге үйретіп, біртұтас көзқарас қалыптастыруды көздейді.
Оқу мен тәрбие арасындағы байланыс бір жақты емес. Белгілі бір жағдайларда білім адамның
тәрбиелілігіне
қалай әсер ететін болса, сол сияқты тәрбиелілік деңгейі де баланың тиімді
оқуына, оқуының сапасына ықпал етеді. Оқу оқушының ынтасына негізделе отырып, өз
кезегінде ол ынтаны дамытып, тереңдетеді.
Оқыту мен тәрбиелеудің арасын нақты ажырату мүмкін емес, өйткені бұл – біртұтас білім
беру үдерісі. Тәрбие жұмысы жеке-дара белгіленбейді және іске асырылмайды. Мектептегі
тәрбие жұмыстарын жоспарлау үдерісінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасарлары көптеген тармақтарды назарға алуы керек.
Олар тәрбие мен
оқуды «жандандыру», оқушылардың уәжін қолдау және қарымқатынас дағдыларын дамыту
тәсілдерін дамыту үшін қажетті тәсілдерді анықтауы қажет.
Тәрбие жұмысының мақсаты ғылымды қолдануға болатын,
экономикалық тұрғыдан
келешегі зор салаларды көре білетін, алдағы күн экономикасында пайдалы болатын идея
ұсына білетін, өз идеялары мен жаңалықтарын бағамдау отырып, оларды азаматтың, қоғамның
елдің және жалпы әлемнің игілігіне жұмыс істейтін капиталға
айналдыра алатын жоғары
өнегелі тұлға тәрбиелеу болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатты орындауды көздейтін
тәрбие жұмысының 7 басым бағыты белгіленген:
70
Тәрбие
жұмысының
бағыттары
Осы бағыттағы міндеттер және оларды шешу жолдары
Патриоттық
тәрбие
Туған отанын, оның тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрін, табиғатын сүюге баулу; отбасы,
қоғам, ел үшін азаматтық жауапкершілік көтеруге тәрбиелеу. Барлық кіріктірілген оқу
бағдарламалары арқылы
Зияткерлік даму Сын тұрғысынан және шығармашылықпен ойлану, проблема шешу дағдыларын дамытуға
көмектесу, зерттеушілік және АКТ қолдану дағдыларын дамыту; оқушылардың түрлі
бағыттағы білімі мен біліктерін кеңейту. Барлық кіріктірілген оқу бағдарламалары
арқылы.
Адамгершілік
тәрбиесі
Жауапкершілік, құрмет, адалдық, адамгершілік, қайырымдылық, азаматтылық, мәдениет
сияқты қасиеттерді қалыптастыру; өз халқының салт-дәстүрін сақтау және ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізу. Қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері арқылы: әдебиет, тілдер,
Қазақстан тарихы, Қазіргі замандағы Қазақстан, Дүниетану, өзін-өзі тану. Классиктер мен
ағартушылардың өмірі мен қызметін мысалға келтіре отырып тәрбие беру
Физикалық және
психологиялық
даму
Денсаулыққа деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, физикалық және психологиялық
денсаулықты сақтау және алдын алу, зиянды заттарды пайдалану және компьютерлік
ойындарға тәуелділіктің алдын алу, спортқа баулу. Тиімді күн тәртібін ұйымдастыру және
саламатты өмір салтына үйрету арқылы
Көпмәдениетті
даму
Мәдениетаралық қарым-қатынас, төзімділік және жаһандық сана дағдыларын
қалыптастыру. Елдегі және шетелдік мектептермен серіктестік орнатып, әртүрлі
ынтымақтастық нысандарын белгілеу. Жаһандық сана қалыптастыру әдістерінің бірі – күн
сайын жаңалық оқып, оны сабақта талқылау
Көшбасшылық
қасиеттерін
дамыту
Көшбасшылық пен басқару, тиімді қарым-қатынас, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру,
ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту. Көшбасшылық және басқару мәселелерінің
теориясымен қатар тәжірибелік жұмыстарды қамтитын арнайы бағдарлама бойынша
оқыту
Көркем-
эстетикалық даму
Өнерді, әдебиет пен музыканы сүюге баулу, ішкі резервтерін (қабілеттері,
қызығушылықтары, талант, жеке қасиеттері) ашып, іске асыруға көмектесу;
шығармашылық қызметпен шұғылдануға жағдай жасау. Сабақ, үйірме, экскурсия, іс-
шаралар мен кездесу арқылы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: