Дәріс 11 Білім беру процесіндегі психологиялық қарым-қатынас.
1. Қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері
2.Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны.
3.Оқу-педагогикалық іс-әрекеттегі және қарым-қатынастағы «бареьер» ұғымы.
4.Педагогикалық іс-әрекеттегі коммуникацияның психологиялық ерекшеліктері
1.Қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері
Күнделікті қызмет барысында жеке адам немесе түрлі топтар (әріптес, ұжым, студенттер, оқушылар.б.), бұқара көпшілікпен жұмыс жасайтын мамандар үшін, қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарын жетік білу кәсби қызмет табыстылығының алғышарты болып табылары сөзсіз.
Қарым-қатынас психологиясы туралы сөз болғанда;
- тұлғааралық қарым-қатынас деген не?, оның ерекшеліктері мен механизмдері қандай?
- жеке адам белгілі бір топ не ұжым мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске ұшырайды және көбіне өзін қалай ұстайды?
- ұжымдағы оның мінез-құлқында пайда болған өзгерістердің себебі неде? т.б. сұрақтар маңызды ақпараттық мәнге ие болады.
Қарым-қатынастың негізгі үш бағдарын ажыратуға болады.
"Мен"-"Басқа" жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
"Топ" - "Мен" жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне ықпалын зерттеу.
"Мен" - "Топ". Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
2.Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудағы психологияның орны.
Еліміз Егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі, Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып отыр. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап ,білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттерін атап көрсеткен. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатының мақсатының бірі –жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті оқу процесі болғандықтан, олар оқытушыдан тек мінез құлық жүйелерін үйрету ғана емес. Оқушының ішкі дүниесіне жол таба білу, қарым-қатынасқа түсуде жоғары шеберлікті талап етеді. Оқу процесінде педагогикалық қарым қатынастың негізгі үш міндеттері шешіледі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Қарым қатынастағы оқыту міндетін шешуде оқушылармен психологиялық қатынас жасау, оқытудың жағымды мотивациясын қалыптастыру, ұжымдық, танымдық және біріккен психологиялық ахуал жасау. Қарым қатынаста тәрбиелеу міндеттерін шешу тәрбие мен педагогикалық қатынас негізінде құрылады, педагог және балалар арасындағы психологиялық байланыс. Ол оқу әрекетіндегі жетістік, жеке тұлғаның танымдық бағыты қалыптасады, психологиялық кедергілерді жеңеді, оқушылар ұжымында өзара үйлесімді қатынас қалыптасады. Қарым қатынаста дамытушылық міндеттерін шешуде жеке тұлғаның өздігінен білім алу және өзіндік тәрбие негізінде құрылған ситуациялар:
- қарым-қатынас процесінде жеке тұлғаның дамуына шектеу қоятын (ынжықтық, ұялу, сенімсіздік және т.б.) әлеуметтік психологиялық факторларды жеңу;
- оқушылардың жекелік ерекшеліктерін есепке алу және анықтауға мүмкіндік жасау;
- жеке тұлғаның дамуы мен өсуінің маңызды сапаларына әлеуметтік психологиялық түзетуді жүзеге асыру.
Психологиялық қарым-қатынастың маңызды ерекшеліктерінің бірі – ол қоғамдағы мағыналы өлшемдерден міндетті түрде қолдануға оқушыны мұғалімнің бағыттауы. Соңғысы адамзат қарым-қатынасының барлық аумағын көрсетеді.
Психо – педогогикалық әдебиеттерде педогогикалық қарым-қатынастың әртүрлі стилі беріліп, педогогтың шығармашылығы мен оқушының шығармашылығы үшін ұйымдастырудың сан қилы түрлері көрсетілген. Көптеген педогогикалық зерттеулер көрсеткендей педогогикалық шеберліктің өсуі, қарым-қатынас стилінің демократизациялау жағынан өзгергенін және осы өзгерістің арқасында балаларға деген қарым-қатынастың жақсарғаны, сонымен бірге бұл қарым-қатынастың балалардың оқуға оң әсер ететініанықталды.
Қарым-қатынас стилін таңдауда мұғалімнің жалпы педогогикалық деңгейі, оның жалпы адамзат құндылығына деген көзқарасы мен оған әсер ететін әдістер байқалады. Біздің ойымызша оқушы мен мұғалім арасындағы өзара қатынастың үш тилінатап көрсетуге болады:
ситуативті (жағдайы)
операционалды
бағаланушы
Достарыңызбен бөлісу: |