Білім берудегі психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы. Білім беру психологиясының жалпы-ғылыми сипаттамасы



бет8/17
Дата19.03.2024
өлшемі74.46 Kb.
#496106
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
ББП- қысқаша дәрістер тезисі

Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы.
1. 7-8 жастағылар мектептегі моральдық нормалар мен ережелерді дұрыс түсініп, орындай алады.
2.Біріккен оқу процесінде балаларда өзара қарым-қатынас дамиды. Олардың дос болуы- бірге отыруы, бір жақта тұруы- яғни мақсаты мен мүдде ортақтығына негізделген. Олар әлі де болса басқа адамды толық түсіне бермейді. Оқу процесінде белгілі ережелерді ұстану, ерікті зейіні мен есінің дамуы бала эмоциясының өзгеруіне де әсер етеді. Эмоция күйлері тұрақтырақ, өздері ұстамды және саналы әрекет атқарады. 8-10 жастағы балалардың эмоциясы тұрақты (қуаныш, реніш). Кейбір балаларда аффект жағдайлары болуы мүмкін. Негізгі себеп- талап қою деңгейі мен оларды қанағаттандырушылық арасындағы айырмашылық.
“Жеке бас” деген ұғымға Мен деген түсінік те кіреді. Бастауыш мектеп оқушысының жеке басы деген түсінікке оның сыпайылылығы, керісінше осыған қарам-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады.


Дәріс 7 Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Жоспары:

  1. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының айрықша ерекшеліктері

  2. Жеткіншектің өзіндік сана сезімі және «Мен» бейнесі

  3. Педагогтың жеткіншекпен қарым-қатынасындағы рөлі жəне жеткіншектің оқу үдерісі

  1. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының айрықша ерекшеліктері

Жеткіншек кезеңі – балалық шақтың соңы, балалық шақтан жастық шаққа өтпелі кезең. Ол əдетте, 10-11 жастан 14-15 жасқа дейін хронологиялық жасқа сəйкес келеді. Оқушының орта сыныптардағы оқу іс-əрекетінің негізінде қалыптасқан рефлексия қабілеті оның өзіне «бағытталады». Жеткіншек өзін ересекпен жəне едəуір кішкентай балалармен салыстырып, өзінің бала емес, дұрысы ересек екенмін деген қорытындыға келеді. Жеткіншек өзін ересек сезініп, айналадағылардың өзінің дербестілігі мен маңыздылығын мойындағанын қалайды.
Жеткіншектің негізгі қажеттіліктері – құрдастарымен қарым- қатынаста болғысы келуі, дербестілік пен тəуелсіздіккке, ере- сектерден оңашалануға тырысуы, өзге адамдардың тарапынан құқықтарының мойындалуын қажетсінуі.
XVII-XVIII ғасырларға дейін жеткіншек кезеңі ерекше жас кезеңі ретінде ажыратылмаған, оның қазіргі мəртебесі салыстыр- малы түрде жақын арада қалыптасқан тарихи құрылым. XIX ғасырда көптеген елдерде мектептегі жүйелі құрылым енгізіледі. Мұндай жаңалық баланың өміріндегі экономикалық тəуелділік кезеңінің біршама артуына жəне оның ересек адамға тəн рөлдерді қабылдау сəтінің кешеуілдеуіне ұласты.
Жеткіншек кезеңін адамның сана-сезімінің жетілуі мен өз бетінше екінші рет дүниеге келу сəті ретінде алғаш рет Ж. Ж. Руссо ажыратып, көрсетеді
Жеткіншек жас шамасы психологиясының өзегін құрайтын
негізгі идеялар С. Холлдың «Есею» («Взросление») атты еңбегінде баяндалады.
С. Холл жеткіншектік кезеңнің өтпелілігі, «толқын мен тегеурін» кезеңі жайлы түсінікті қалыптастырады. Ол дамудың аталмыш кезеңінің мазмұндық-жағымсыз сипаттамаларын құрастырады (тəрбиеге икемсіздік, даукестік, эмоциялық тұрақсыздық).
Жеткіншектің құрдастарының тобында қанағаттандырушы орынға ие болу ұмтылысы референтті топтың мінез-құлқы мен құндылықтарына деген жоғары конформдылығына ұласуы əлеуметке қарсы қоғамға араласу жағдайында тым қауіпті болуы мүмкін.
Жеткіншек психикасының өтпелілігі балалықтың жəне ересектік бітістерінің бірдей қатысуымен, тіршілік етуімен сипат талады.
Жеткіншек тұлғаларының негізгі жаңа құрылымдары. Биологиялық және әлеуметтік факторлар дамуға тікелей әсер етпейді. Олар даму процесіне ене отырып, қалыптасатын жаңа құрылымдырдың ішкі компоненттеріне айналады. Сондықтан да, жеткіншек жасты бір фактор әсерімен ғана түсіндіру жеткіліксіз. Л.С.Выготский пікірінше, жеткіншек жасты бір ережемен түсіндіре алмаймыз.Ол үшін осы кезеңдегі психикалық дамудың ішкі қозғаушф күштері мен қайшылықтары зерттеліп, осы жас кезеңін толық түсінуге мүмкіндік беретін және біріктіруші қызмет атқаратын орталық жүйелі жаңа құрылымдар талдануы керек.
Э.Эриксон жеткіншек жастың негізгі жаңа құрылымы ретінде бірдейдікті алды. Ол-өзімен өзі теңдіктің үздіксіз субъективті сезімі. Әр жас кезеңінде адамды тура немесе жанамаланған түрде «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен не үшін жаратылдым?» деген сұрақтар мазаландырады. Жеткіншек жастың міндеті – осы сұрақтардың жауаптарын жинақтап, өзіндік сана сезімінің тұтастай бейнесін қалыптастыру. Бұл кезең ерекшелігі адам саналы түрде әдейілеп,шығармашылық тұрғыдан өзінің өмірлік ұстанымдарын қалыптастыра бастайды.
Қоғамның қалыпты дамуына және бірдейліктің дұрыс дамуы үшін Д.Марсия сипаттаған таңылған бірдейлік те қауіпті – отбасының , қоғамның, діни топтың құндылықтарын сынсыз қабылдау. Өзін іздеуден қашу ригидтері ,консервативті, пайымдауға қабілетсіз тұлға қалыптастырады.
Жеткіншек өзіндік сана сезімінің қалыптасуын анықтайтын тағы бір маңызды құбылыс-эгоцентризм. Д.Эткинд жеткіншек эгоцентризмнің мінез – құлықтық көріністерін эксперименттік тұрғыдан қарастырады. Жеткіншектер бұдан сәл ертерек қалыптасқан қарапайым эгоцентризмді ығыстыра бастайды. Ерте балалық эгоцентризмді қоршаған орта құбылыстарын өзінің түсінігі бойынша ғана қарастырады және соны жалғыз дұрыс шешім деп түсінеді. Енді жеткіншек құбылысқа деген түрлі көзқарастардың бар екендігін түсініп,өзінің қайталанбастығын , даралығын ұғына бастайды. Олардың өзін талдауға бағалауға берілетін соншалық, басқалар да оны үздіксіз бағалап жатыр деген түсінікте болады.
Педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас психологиялық, педагогикалық зерттеулерде басты мəселелердің бірі болып табылады. Осы қарым-қатынас негізінде «педагогикалық қарым- қатынас» деген ұғым пайда болды.
А. А. Бодалев жəне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас формалары, мазмұны, тəсілдері бойынша сипат алады. Педагог пен балалар арасындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіреді.
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы – балалар мен педагогтың «субъект-субъект» жүйесіндегі бірлескен əрекеттестіктері болып табылады.
Балалардың ересектермен, əсіресе мұғалімдермен қарым- қатынасы өте маңызды. Себебі балада мектептегі оқуға өтумен байланысты өзінің іс-əрекетіне, ересектермен жəне құрбыларымен жаңа қатынасқа, жаңа өмір салтына өту дайындығымен қатар, білімдерді меңгеру дайындығын қамтитын, оқушының əлеуметтік позициясы қалыптасады (Л. И. Божович). Ересек адам баланы жаңа іс-əрекеттерді орындауға дұрыс үйретсе, оның оқуға деген қызығушылығы нығайып, оқудың жағымды мотивациясы қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет