-
Білім саласы туралы ақпарат (мектеп, балабақша)
Аудан бойынша 42 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 36-сы орта, 6-уы негізі мектеп. Аудан бойынша 15127 оқушы болса, оның 5815-і бастауыш сыныпта оқиды. Қазақ сыныптары комплектісі-738, орыс сыныптары комплектісі-29. 42 мектептің 29-і типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.
-
Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша іс-шара жоспарының орындалуы
Педагог кадрлар мониторингі және оларды аттестациялау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №119 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» ережесіне сәйкес, педагог мамандарды аттестациядан өткізу мақсатында білім бөлімінің арнайы бұйрығы шығарылып, комиссия құрылып, білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2012-2013 оқу жылында аудан бойынша білім беру ұйымдарында барлығы 2359 мұғалім жұмыс істеуде, оның 1728-і әйелдер, олардың 2157 жоғары, 8 аяқталмаған жоғары, 194 арнаулы орта білімділер. Сонымен қатар мұғалімдердің еңбек өтілі бойынша (3 ж.д) -250, (3ж-8ж.д)-541, (9ж-16ж.д) -313, (20ж.жо)-762 құрап отыр.
Барлығы 42 мектептің 36-сы орта мектеп және 6 негізгі мектеп директорлары. Оның ішінде әйелі -10.
2012-2013 оқу жылында барлығы білім беру ұйымдарында 2359 мұғалім бар, оның жоғары санатты - 58, І санатты - 973, ІІ санатты 755, санатсыз - 573 мұғалімді құрап отыр.
Биылғы оқу жылында 580 мұғалім өз біліктілік санаттарын көтеруге өтініш беріп, нәтижесінде 500 мұғалім тесттің 1 кезеңінен өтті, қалған 80 мұғалім тесттен өте алмады.
Олардың көпшілігі технология, дене шынықтыру және мектепке дейінгі тәрбие беру пәні мұғалімдері , бұл аттестациялауға қатысқан барлық 580 мұғалімнің, тестілеуден өтпей қалған 80 мұғалімі 13,7 % құрап отыр.
Былтырғы жылы жоғары санатқа өтуге және жоғарғы санатты қорғауға өтініш берген барлығы 22 мұғалімнің , 19 жоғары санатқа өтуге , ал 3 жоғарғы санатты растауға өтініш берсе , соның 14 жоғары санатқа өтті, 3 жоғары санатты растады, ал 5 мұғалім жоғары санатқа өте алмады.
Биылғы жылы жоғары санатқа өтуге және жоғарғы санатты қорғауға өтініш берген барлығы 67 мұғалімнің , 54 жоғары санатқа өтуге , ал 13 жоғарғы санатты растауға өтініш беріп отыр.
Алдағы уақытта білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлерді мерзімінде аттестаттаудан өткізу және біліктіліктерін жоғарылату мақсатында 3 жылға арналған іс шара жоспары жасақталып сол бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мониторингі
2011жылы
Пәні бойынша -101 мұғалім
Технологиялар бойынша –155 мұғалім,
12 жылдыққа байланысты –28 мұғалім,
Менеджмент (басқару) --22 ,
2012 жылы
Пәні бойынша -156 мұғалім;
Технологиялар бойынша –-183 мұғалім;
12 жылдыққа байланысты –28 мұғалім;
Менеджмент (басқару) 16 мұғалім курстардан өтті.
Барлығы: 2011 жылы -306 мұғалім, ал 2012 жылы -383 мұғалім білімдерін жетілдіру курстарынан өткізілді және «Сындарлы оқыту теориясы» Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша-62 мұғалім біліктілік курстарынан өтті.
Жанақорған ауданы бойынша педагог кадрларының біліктілікті арттыру бағытындағы сұраныстарының диагностикалық картасы жинақталып 2013 жылы біліктілік курстарынан өткізуге жоспарланып отыр:
1.Біліктілігін арттыру курстарынан-359 мұғалім
2.«Сындарлы оқыту теориясы» Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша-76 мұғалім
3.Назарбаев – Интеллектуалдық мектебінің озық жұмыстарын есепке ала отырып, мұғалімдердің білімін көтеру жүйесін қайта қалыптастыру жоспарлануда. Осыған байланысты біліктілігін көтеруді қалыптастыруда: бірінші,екінші, үшінші деңгейлер бойынша -39 мұғалім:
Жоспарлануда
барлығы
|
|
Мұғалімдер ішінде сауалнама толтырғандар,курсқа ұсынғандар
|
Бірінші деңгей
|
Онын ішінде
|
Екінші
деңгей
|
Оның ішінде
|
Үшінші
деңгей
|
Оның ішінде
|
Қаз тілі
|
Орыс тілі
|
Қаз тілі
|
Орыс тілі
|
Қаз тілі
|
Орыс тілі
|
39
|
|
24
|
20
|
4
|
6
|
4
|
2
|
9
|
6
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Балаларды асырап алу, тәрбиелеу және білім беру бойынша
Қазіргі таңда аудан бойынша, яғни 2013 жылдың 1 наурызына дейін 39 тұл жетім және 30 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар отбасында тәрбиеленуде.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» № 518-ІҮ Кодексі басшылыққа алынып жұмыстар атқарылуда.
Қазіргі 23 бала патронаттық тәрбиеде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №384 қаулысы негізінде жүргізілуде.
Атап айтар болсақ 12 бала тұл жетім, 11 бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жалпы 14 патронат тәрбиешілерге қаржы облыстық білім басқармасы арқылы төленуде.
Сонымен қатар биыл 46 бала қорғаншылық және қамқоршылық тәрбиеде, оның 27 жетім, 19 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оларға 33 тәрбиеші тағайындалып, қазіргі таңда ҚР Үкіметінің 2012 жылғы наурыздағы № 383 қаулысы негізінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап бағу мақсатында айына әр бір балаға 17310 теңге көлемінде қаржы Республикалық бюджеттен төленуде.
2013 жылдың 2 айы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық анықталған жоқ. Ата-аналық құқынан айырылған, ата-аналық құқынан шектелгендер тіркелген жоқ. Аудандық білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагогтар мен қоғамдық негіздегі инспекторлар мектептегі тұл жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды анықтап, тиісті құжаттарын дайындап аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органына хабарлап отырады.
Барлық құжаттар ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексі негізінде дайындалып, тиісті орындарға жіберілуде.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №387 «Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» қаулысы бойынша комиссия құрылып, жұмыс жүргізілуде. Ауданда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы жоқ.
Жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған 21 баланың ата-анасынан қалған үйін мұрагерлікпен рәсімделген 6 баланың үйі заңдастырылуда және ата-аналарынан қалған үйі жоқ 41 бала Қазақстан Республикасы Тұрғын үй туралы Заңы бойынша тұрғын үй кезегіне қойылған, 1 бала тұрғын үй кезегіне құжаттарын дайындауда. Осы мақсатта облыс әкімінің өткен жылғы «Жаңақорған ауданы дамуының проблемалық мәселелері туралы » іс шара жоспарына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды үймен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру ұйымдары жылына 2 рет (мамыр, желтоқсан) патронаттық, қорғаншылық және қамқоршылық тәрбиедегі балалардың отбасына зерттеу актілерін жүргізіліп отырады. Осы категориядағы балалардың барлығы міндетті оқу қоры есебінен берілетін барлық жеңілдіктерді алуда.
Аудан бойынша халықтың 30000-ға жуығын 0-18 жас аралығындағы балалар құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1235 «Қазақстан балалары» бағдарламасына сай әр бір 5 мың балаға 1 қорғаншы және қамқоршы органының қызметкері болуға тиіс делінген, алайда қазіргі таңда 3 маман жұмыс жасауда.
12 жылдық оқыту моделіне көшуге дайындық
Ауданның білім беру ұйымдарында 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты біршама жұмыстар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, білім саласына «Өзін-өзі тану» бағдарламасына сәйкес 2014-2015 оқу жылына дейін аудан бойынша 80 мұғалімді «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша білім жетілдіру курстарынан өткізу жоспарлануда.
2012-2013 оқу жылында аудан бойынша 9 сыныптар бойынша 71 сынып жинағы (комплект), 10 сыныптар бойынша 60 сынып жинағы,11 сыныптарда 60 сынып жинағы жұмыс жасайды.
Аудан бойынша 2012-2013 оқу жылында бағдарлы оқитын сыныптар саны-120, оқушылар саны- 2353. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім беретін сынып саны -36, ондағы оқушылар саны- 683. Ал жаратылыстану –математикалық бағыттағы сыныптар-84, ондағы оқушылар саны -1670.
Жыл сайын аудан мектептерінде 9-11 сынып оқушыларымен республикамыздағы арнаулы орта және жоғары оқу орындары мен ондағы мамандықтар жайлы кәсіби-ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде оқушыларға еліміздегі жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтік ережелері кеңінен таныстырылуда.
9 сынып оқушыларымен бейіналды даярлық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Соған сәйкес, сынып жетекшілері оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігін анықтау мақсатында мектеп психологтарымен бірлесе отырып, кәсіби психодиагностикалық жұмыстар атқарылуда.
2012 жылдың 28 қыркүйек күні №163 орта мектеп базасында 11 сынып оқушыларына арналған «Болашақ бүгіннен басталады» атты аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық көрсеткіштері және кәсіби бағыт-бағдары анықталды. Сондай-ақ, ата-аналарға кәсіп таңдауда баланың қабілетіне баса мән беру керектігі және оқушының ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайын болу қажеттілігі айтылды.
Жаратылыстану немесе қоғамдық-гуманитарлық бағыттарына жіктеу оқу жылының соңында бейінді оқыту жөніндегі мектеп директорының орынбасарлары жұмыс жоспарларына сай 10 сыныпқа келетін әрбір оқушыны өзі таңдаған бағытына сай, оқушының мектеп басшысының атына жазған өтініші,ата-анасының сұранысы,мектеп басшысының келісімі негізінде жүзеге асырылады.
2013 жылға дейін аудан бойынша 12 жылдық білім беру бойынша білім жетілдіру курстарынан өткен мұғалім саны -915, соның ішінде қоғамдық –гуманитарлық бағыт бойынша- 449 мұғалім, жаратылыстану-математикалық бағытында - 466 мұғалім курстан өткізілген. Ал 1241 мұғалім 12 жылдық білім беру бойынша білім арттыру курстарынан өтпеген. 2015 жылға дейін аталған мұғалімдерді 12 жылдық білім беру бойынша білім жетілдіру курсынан өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, оқушылардың мамандық таңдауына бағыт-бағдар, ақыл-кеңестер беру және 12 жылдық білім беруге даярлық жұмыстарын үйлестіруші ретінде 2007 жылғы ақпан айынан бері ауданымызда мектеп директорының бейінді (бағдарлы) істер бойынша орынбасарлары жұмыс жасап келеді. Аудан бойынша 42 бейінді істер жөніндегі орынбасар қызмет жасайды. Оның жоғары санаттысы -2, I санаттысы -21, II санаттысы-18, 1-уі санатсыз жұмыс жасайды. Бүгінде кент орталығындағы №125 орта мектеп директорының бейінді істер бойынша орынбасары (С.Үсенбаева) филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін иемденіп, жұмыс жасауда.
Аудандық білім беру ұйымдары тарапынан 2011-2012 оқу жылынан бері оқушылардың кәсіптік бағдарлануына, мамандық таңдауға қолайлы жағдай жасау мақсатында (9,10,11 сынып оқушыларына саяхат сабақтар ұйымдастыру арқылы) бірқатар жергілікті мекемелер және кәсіпорындармен, атап айтқанда, дәріханалар, Халық банкінің аудандық филиалы, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы, аудандық орталық аурухана, аудандық мұражай үйімен, шаштараздар т.б іргелес орналасқан өндіріс орындары әкімшілігімен әлеуметтік серіктестік үлгісіндегі ынтымақтастық меморандумы - келісім-шарт жасалды.
Сонымен қатар, 12 жылдық білім беруге көшудің алғышарты ретінде аудан мектептерінің орналасу картасы әзірленіп, 2014-2015 оқу жылында 10-11 сынып оқушыларына таңдаған бағыттары мен бағдары бойынша білім беру мақсатында кент орталығындағы №110 орта мектеп-лицейі жанынан ресурстық орталық ашу жоспарлануда. 12 жылдық оқыту моделіне көшу мақсатында аудандағы педагог кадрлар түрлі сипаттағы курстар мен семинар-тренингтерге және каонференцияларға қатыстырылып келеді.
2015 жылы оқытудың 12 жылдық білім беру моделіне көшуге байланысты 1,5,11 сынып оқушыларының мониторингі жасалынды. Яғни, 2015 жылы 1 сыныпқа 1300, 5 сыныпқа 1300, 11 сыныпқа 1300 оқушы 12 жылдық білім беру моделіне көшетін болады. Аудан бойынша бағдаралды дайындық жоспары жасалып, бекітілді. 2012 жылы қазан айында ОблИПК қызметкерлері шақырылып, бағдарлы оқыту бағыттары жайлы аудандық семинар ұйымдастырылды. Бейіндік мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ұсынды.
Жалпыға міндетті оқуды ұйымдастыру және тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жайы
2012 жылы ауданның білім беру саласына қаралған қаржысы -3 632 299,0 теңгені құрап, соның ішінде жалпыға міндетті оқу қорына 110 655,0 теңге қаралды. Қаржы ауданның білім беру саласына бөлінген қаржының 3 пайызына жетіп отыр. Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен ыстық тамаққа - 71 451,0 теңге, киім-кешекке -29 380,0 (2983 оқушы) теңге және «Тау самалы» және «Талдысу» тынығу лагерлеріне 7 500,0 теңге, (500 оқушы) мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне - 2 324,0 (1600 оқушы) теңге бөлінді.
2013 жылы білім саласына 3 736 393,0 теңге бөлінді. Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен ыстық тамаққа -63 659,0 теңге, киім-кешекке -30 844,0 (2983 оқушы) теңге және «Тау самалы» және «Талдысу» тынығу лагерлері және мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне -9 780,0 (1980 оқушы) теңге бөлініп отыр.
Облыс әкімі Б.Қуандықовтың 2011 жылғы 17 маусымдағы №55 қаулысына сәйкес 1 сынып оқушыларын 100℅-ға тегін ыстық тамақпен қамту мәселесі аудандық білім беру ұйымдарында 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жүзеге асырылуда.Яғни, аудан бойынша 1 сынып оқитын 1629 оқушы қазіргі таңда 100℅-ға тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.Сондай-ақ облыс әкімі Б.Қуандықовтың 2011 жылғы 22 қыркүйектегі №145 қаулысына сәйкес 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балалары (2284 оқушы) тегін ыстық тамақпен 100 ℅-ға қамтамасыз етіліп отыр.
Сондай-ақ, 2013 жылы аудан мектептерінің асханаларын ыдыс-аяқпен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлініп, аталған қаржыға асхана құрал-жабдықтары алынды.
Мектеп асханаларында берілетін ыстық тамақтың талаптарға сай болуын қамтамасыз ету мақсатында ас мәзірі 2 апталық калькуляция бойынша аудандық МСЭҚБ филиалы мамандарымен келісіліп бекітілуде.
Мектептердің 21-де типтік жобадағы асхана бөлмелері, 5 мектепте бейімделген асхана бөлмелері,16 мектепте ыңғайластырылған жобадағы асханалар, 8 мектепте (№110, №125, №160, №166, №184, №239, №242, №247) жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген асханалар, 4 мектептің (№51, №163, №167, №224) асханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызмет атқарады.Барлық мектеп оқушылары қайнатылған сумен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар 2013-2014 оқу жылында мектепалды даярлық топтары тәрбиеленушілерін де 100 ℅-ға тегін ыстық тамақпен қамту көзделуде.
Сондай-ақ алдағы уақытта білім беру ұйымдарында күнкөрісі төмен оқушыларды анықтау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар жетекшілерін және ата-аналар комитетінен мүшелерді тарту;
Мектептерде оқушыларды фильтрмен тазартылған судың 100℅-ға қолжетімдігін қамтамасыз ету;
Мектептерге ыстық тамақты ұйымдастыру, қажетті азық-түліктермен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер тарту, «Қамқоршылық кеңестердің» жұмыстарын жандандыру жоспарлануда.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты
Аудандық білім беру ұйымдарында Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру тәрбиесі және мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану бағдарламасы және рухани-адамгершілік, ақыл- ой тәрбиесі және діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды атқаруға арналған іс-шаралар жоспары негізінде жұмыстар атқарылуда.
Бiлiм беру ұйымдарында Қамқорлық кеңестерiнiң жұмыс iстеуiн сынақтан өткiзу жүзеге асырылуда. Аудан бойынша барлық мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық Кеңес қызметінің және оның сайлау тәртібінің үлгілік ережелеріне сәйкес құрылған Қамқоршылық Кеңес жұмыс жасайды, олардың ешқайсысы әзірге заңды тіркеуден өткен жоқ. Тіркелмеген Қамқоршылық Кеңестері тәжірибе алаңдары ретінде мектеп жанында ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасында спорт және денешынықтыру тәрбиесі мазмұнын жетілдіру
Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары бағытында жұмыстар атқарылып келеді.
Қазіргі кезде ауданда 45 дене шынықтыру ұйымы бар, олардың 42-і мектептерде, 1-і КТЛ-де, 2-уі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде.
Сонымен қатар аудандағы спорт ғимараттарының саны-270, оның ішінде 1 стадион, 43 спорт зал, 10 тир алаңы, 27 шағын қосымша спортпен шұғылданатын бөлме, 18 жасанды шөппен көмкерілген спорт алаңы және 160 шағын спорт алаңы және 11 аула клубтары аудандағы жасөспірімдерге қызмет жасауда.
Аудан мектептерінен 1000-ға жуық бала аталған ғимараттардағы спорттық шараларға қатысады. 2012 жылдың 12 айында ауданда облыстық, аудандық, аймақтық деңгейде 205 спорттық шара өткізілді, оған қатысқан 4600 спортшының 3 мыңнан астамы кәмелетке толмаған жасөспірімдер, мектеп оқушылары.
Аудан мектептеріне доп алу үшін 9372 мың теңге қаржы бөлініп, нақты 1874 доп алынып берілді. Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектептерде сабақтан тыс ақылы 774 сағат үйірмелерді ашуға аудандық бюджеттен 14149,0 мың теңге қаржы қаралып, жасөспірімдер сабақтан тыс уақытта қосымша тәлім-тәрбие үйренуде.
Сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 бұйрығы бойынша «Саламатты Қазақстан» салааралық кешенді бағдарламасының жоспарлы іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылдың 12 айында аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру құрылымдық бөлімшесімен, аудандық емхана қызметкерлерімен бірлесіп №3, №164 , №51 және №213 мектептерде аудандық семинар, 10 білім беру ұйымында тренинг, 14 мектепте аймақтар бойынша дәріс өткізілді. Мамыр және маусым айларында «Болашақ бүгіннен басталады», «Өзіңді есірткі тозағына тастама» атты акция өткізілді. Акцияның мақсаты мектеп оқушыларын, лагерьде демалып жатқан балаларды салауатты өмір салтына шақыру, демалыс уақытын бос өткізбеу, зиянды әдеттерден бойын алшақ ұстауға тәрбиелеу. Желтоқсан және ақпан айларында оқушылар мен көпшілік арасында ЖИТС дертіне, туберкулез ауруына қарсы күрес шаралары ұйымдастырылды
Алдағы уақытта да осы бағытта спорттық шаралармен қатар медициналық-ағарту–ақпараттандыру жұмыстары қолға алынатын болады.
Жыл сайын білім мекемелерінде мұғалімдер арасында спорттың әрбір түрінен жарыстар өткізіледі. Сондай-ақ, жыл сайын қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі» өткізіледі. Мектеп оқушылары арасында спорттың 11 түрінен (жеңіл атлетика, футбол, баскетбол, волейбол, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі, стол теннисі, тоғызқұмалақ және шахмат-дойбыдан) аудандық спартакиада ұйымдастырып, өткізу дәстүрге айналған. Спартакиада 2 кезеңге: жазғы және қысқы болып бөлінген. Оқу жылы бойында әрбір демалыс және каникул күндері өткізіледі. Жол қатынастары ескеріле отырып ,сыр бойында, тау аймағында орналасқан елді мекендеріңдегі мектеп оқушыларының спартакиадасын жақын орналасқан ауылдарда өткізу өмірге енгізіліп дәстүрге айналған.
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дене тәрбиесі мен сауықтыру және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізудің арнайы жылдық жоспары жасалынып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, спорттық-көпшілік шараларды ұйымдастыруда бюджеттен тыс қаржы көзін табу, яғни демеушілерді кеңінен тарту жолға қойыла бастады.
Алдағы уақытта жоспар бойынша аудан мектептері арасында аудандық кешенді спорт ойындарын өткізу жоспарлануда. Мұндағы ең басты мақсат: денешынықтыру мен спорттың бұхаралығын көтеру, елді мекендердегі спорт алаңдары мен ғимараттарды жаңалау, болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Қосымша білім беру ұйымдарының, мектептен тыс мекемелердің жұмыс мазмұнын жетілдіру, материалдық базасын жақсарту жұмыстарын қамтамасыз ету
Аудан бойынша 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1-балалармен мәдени-тәрбие беру орталығы, 2-балаларға арналған өнер мектептері. Аталған қосымша білім беру мекемелеріндегі 40 үйірмеге барлығы 1000-нан аса бала қатысады, бұл аудан мектептері оқушыларының 7-ын % құрайды. Үйірмелердің жұмысын 81 педагог атқарады.
2012 жылы аудандық балалармен мәдени-тәрбие беру орталығы жаңа ғимаратқа көшірілді.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында балалардың мектептерде үйірме жұмыстарына тартылу үлесін арттыру және аула клубтарының жұмысын үйлестіру
Ауданда білім беру ұйымдарында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 579 үйірме жұмыс жасаса, оған 11112 бала қамтылған, яғни қамтылған балалар 73,4 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша 11 аула клубы жұмыс жасайды, оған 411 бала қамтылған. Қзан айында ауданда мектеп оқушылары арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын, спорттық ойындарға баулитын, әскери-патриоттық тәрбие үлгісін көрсететін құқықтық сауаттандыру бағытындағы «Аула клубтары» байқауы ұйымдастырылды. әрбиелік жұмыстары бойынша үздік деп танылған Қожамберді және Сунақата ауылынан ашылған аула клуб мүшелері облыста 1 орынды алып қайтты.
Қызылорда облысының жас әскери бірлестіктері штабының жұмыс жоспарына сай ауданда 2012-2013 оқу жылында атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Қазіргі уақытта жоспарға сай жұмыстар атқарылуда
Бiлiм беру ұйымдарымен бірлесіп "Мектепке жол", "Қамқорлық" және «Жолашар» акциялары өткізіліп келеді. Ішкі істер органдарымен бірлесіп "Түнгi қаладағы балалар" рейдтiк iс-шаралары жүргізіліп, оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау бойынша аулаларды аралау жұмыстары жүйелі атқарылуда.
Атап айтқанда, «Мектепке жол» акциясы аясында 4000 балаға бюджеттік және бюджеттен тыс көздерден қайырымдылық көмектері көрсетілді.
2012 жылдың 12 айында 5 рет «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп, рейд барысында 7 ата-анаға құқық бұзушылық жөніндегі хаттама толтырылып, тиісті орынға жіберілді. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімін сатуға байланысты 4 факт тіркелді. Сол сияқты түнгі мезгілде үлкендерсіз жүрген 30 жасөспірім анықталып, алғаш рет болғандықтан олардың ата-аналарына ескертулер жасалынды.
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетiнiң және облыс орталықтарында оңалту орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
2013 жылғы 1 наурызға анықталған даму мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 420 баланы құрайды, оның ішінде 48 бала арнайы түзету кабинетінде және сыныптарда оқиды, 103 бала үйден оқытылады.
Арнаулы 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) жұмыс жасайды.
2011 жылында №163 мектеп пен №5 балабақша базаларында 2 логопункт ашылып жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған логопункттерде 36 балалармен сөйлеу және жазу бағытында түзету жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беруді енгізу бір мәселенің түрі болып қала береді. Білім ұйымдарында инклюзивтік білім беру жолға қойылуда. Осыған орай, биылғы 2012 оқу жылынан бастап №110 орта мектеп базасында 1 инклюзивті сынып ашылып, оған 25 бала қамтылып отыр.
Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 103 баланың 31-і бағдарламалық–техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдермен жұмыс
Әдістемелік кабинет тарапынан аудан мектептерінің мұғалімдері үшін оқу үрдісінде интерактивті құралдарды қолдануда, аудандық, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін интерактивті сабақтарды ұйымдастыруда, сынып-шеберін өткізуде, қазіргі ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдануға әдістемелік көмектер беріліп келеді.
2012 жылы аудан мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен әртүрлі деңгейде он-лайн режимімен 9, семинарларда 59 интерактивті сабақ, ал 2013 жылы 35 интерактивті сабақ өткізілді.
Деңгей бойынша өткізілген сабақтар
|
аудандық
|
Облыстық
|
Республикалық
|
Интерактивті сабақ-
|
Интерактивті сабақ
|
Интерактивті сабақ
|
Оқу жылының
1 жарты жылында
|
27
|
1
(биологтармен)
|
1
(географтармен)
|
Оқу жылының
2 жарты жылында
1 наурызға
|
6
|
|
|
2011-2020 жылғы білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2011жылдан бастап білім ұйымдарында жоспарлау жүйесін жүзеге асыруда, нәтижеге қарай бағыттауда басшылар мен мұғалімдерден басқарудың жаңа дағдылары қалыптастыруда қайта даярлықтан өту және білімдерін көтеруді талап етеді. 2010-2015 жылға электрондық оқыту жүйесінің концепциясында орта білім беруде бірыңғай электрондық оқыту жүйесін құру жөніндегі міндетті шешу Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылғы білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында жоспарланған.
Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді
жинақтау және тарату мониторингі
Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты мұғалімдердің іс тәжірибелерін анықтау және тарату. Мұғалімдер өз жұмыстарының нәтижесін әдістемелік құрал, вариативтік бағдарлама ретінде ұсынады. Аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда және кітап жинақтарына аудан мұғалімдері мен оқушылардың ғылыми, шығармашылық жұмыстары, баяндамалары, сабақтары жарияланып отырады.
2011жылы - 13, 2012 жылы - 68 әдістемелік құрал шығарылып, таратылды. 2011 жылы - 122 мұғалімнің, 2012жылы - 106 мұғалімнің жұмыстары жинақ кітаптарына енді.
2013жылдың наурыз айына 38 мұғалімнің әдістемелік құралы, 99 мұғалімнің жұмыстары жинаққа енгізуге ұсынылып отыр.
пәндер
|
Әдістемелік құралы жарияланған мұғалімдер саны
|
Жұмыстары жинаққа енді
|
Әдістемелік құралы жарияланған мұғалімдер саны
|
Жұмыстар жинаққа енді
|
2011
|
2012
|
2011
|
2012
|
2013
|
2013
|
Биология
|
|
|
3
|
3
|
1
|
8
|
География
|
|
23
|
2
|
3
|
1
|
3
|
Тарих
|
|
3
|
6
|
13
|
|
2
|
Математика
|
1
|
|
2
|
3
|
|
|
Бастауыш сынып
|
|
23
|
75
|
57
|
33
|
58
|
Физика
|
1
|
5
|
3
|
2
|
1
|
2
|
Химия
|
|
5
|
3
|
|
|
3
|
Орыс тілі
|
2
|
|
3
|
7
|
1
|
2
|
Интернат тәрбиешілері
|
|
|
2
|
1
|
|
|
Қазақ тілі
|
2
|
9
|
9
|
7
|
1
|
11
|
информатика
|
3
|
|
5
|
3
|
|
3
|
Дене тәрбиесі
|
1
|
|
4
|
3
|
|
2
|
Музыка
|
|
|
2
|
|
|
2
|
Ағылшын тілі
|
2
|
|
1
|
3
|
|
1
|
Сызу сурет
|
|
|
|
1
|
|
|
технология
|
1
|
|
2
|
|
|
1
|
кітапхана
|
|
|
|
|
|
2
|
Барлығы
|
13
|
68
|
122
|
106
|
38
|
99
|
2012-2013 оқу жылында (қыркүйек-ақпан айлары аралығында) төмендегідей жұмыстар атқарылды.
- Облыс әкімінің сыйақысы байқауына ауданнан 3 мұғалім қатысты. №163 мектептің мұғалімі М.Мелденова облыстық байқауда ІІІ орын иеленіп, Турцияға жолдама алды.
- Аудандық география пәні мұғалімдерінің семинарына АГУ-дың профессоры Ұ.Есжігітова қатысып, 23 мұғалімнің зерттеу жұмыстары енген «Жергілікті жердің географиясы мен тарихы» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.
- Республикалық ХХІ ғасыр көшбасшысы телешоуда 4 оқушы 3 орын иеленді, 1 оқушы ақтық сайысқа жолдама алып отырды.
-7 сынып оқушылары арасында өткен Зерде ғылыми жоба байқауында 3 оқушы облыстық жеңімпаз атанып, 2 оқушы республикалық ғылыми жоба байқауында 2,3 орын алып келді.
- 7 сынып оқушысы облыстық «Махамбет оқуы» республикалық байқауында 1 орынды иеленді, республикалық байқауда марапатталды
-8 сынып оқушысы республикалық «Бабалар рухына басымызды иеміз» тақырыбы бойынша шығармалар байқауында 2 орынды иеленді
-8-11сынып оқушылары арасында өткен облыстық ғылыми жоба байқауында 4 оқушы жеңімпаз атанып, 1 оқушы республикалық ғылыми жобада «Дарын» орталығының Құрмет грамотасы мен медальін иеленді.
-11 сынып оқушысы Республикалық Тіл тұғыры байқауында № 1 орынды иеленді.
-Облыстық «Тәжірибе алаңы» шығармашыл мұғалімдер тобы жұмысында 7 мұғалім облыстық марапаттауға ие болды.
Білім ұйымдарындағы педагог кадрлармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар әр түрлі формаларда жүргізілді: семинар-практикумдар, теориялық семинар, педоқулар, әдістемелік пікір алысу, шығармашылық есептер, әдістемелік идеялардың панорамалары, кіші практикумдар, дөңгелек үстелдер, тренингтер.
Қыркүйек айынан бастап ҰБТ-ға, олимпиадаға оқушыларды дайындау және оқушыларға білім беру сапасын көтеру мақсатында негізгі пәндер бойынша әдістемелік көмек сабақтары мен семинарлар өткізіліп келеді:
- «ҰБТ-ке, оқушыларды тиімді дайындау әдістері» тақырыбында әр аптаның бір күні қазақ тілінен «Фонетиканы», «Лексиканы», «Морфологияны» меңгертудің тиімді жолдары атты әдістемелік көмек сағаты, «Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқу мен жазу сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі» тақырыбында семинар –практикум;
- Тарих пәні бойынша «Һиссамиддин ілімі-ислам игілігі», «Тарих пәнінен ҰБТ-ге дайындауда озық тәжірибені және интерактивті тақтаны пайдалану» тақырыбында пән мұғалімдерінің аудандық семинары;
- География пәні бойынша «Жаңақорған ауданының географиясы және оны оқыту әдістемесі», «Геграфия пәнінен ҰБТ-ге дайындауда озық тәжірибені пайдалану» әдістемелік сағаттар;
- Ағылшын тілінен «Ағылшын тілін оқытудағы мәселелер» , «Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі» , «Ағылшын тілінде оқушыларды ҰБТ-ге және пәндік олимпиадағы дайындаудың тиімді тәсілдері» әдістемелік көмек сағаты, «Ағылшын тілін ерте оқыту» эксперименталдық жұмыстардағы мәселелер бойынша дөнгелек үстел;
-«ҰБТ есептерін шешу жолдары», «Логикалық есептерді» шығару жолдары, «Ауызша есептеу техникасын дамыту жолдары» -«Олимпиадалық тапсырмалар мен есептердің шығару жолдары» тақырыбында математика, физика химия пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек сағаттары;
- Орыс тілі пәні бойынша орыс-тілі мұғалімдеріне «Фонетика», «Лексика», «Морфология», «Синтаксис» бөлімі бойынша оқушыларды тестке дайындауға әдістемелік көмек көрсетілді, ҰБТ-ға, олимпиадаға дайындауда оқушымен жүргізілетін жұмыс дәптері жасалынып таратылды;
- Мектепттердегі әлеуметтік педагогтар мен «Рухани құндылықтар және баланы әлеуметтендіру» , «Оқушылармен мектепте және қоғамдық ортада байланыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері», «Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына әсер ететін әлеуметтік-психологиялық факторлар» тақырыбында аудандық семинар тренингтер;
- Мектептердің педагог-психологтары мен «Отбасы психотерапиясы», «Кикілжің және өзін-өзі бағалау» тақырыбында аудандық семинар кеңестер өтілді.
Мектеп психологтары Ата-ана, Бітіруші оқушылармен «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу», «Ерік күшін бағалау», «Өзін-өзі қадағалай білу», «Мамандық таңдау маңызды мәселе», «Жаныңда жүр жақсы адам», ҰБТ-ға дайындық тренингтер, «Серік етіп сенімді білімнің шық шынына», «Жеке тұлға дамуында кездесетін ауытқулар және олардың пайда болу себептері», «Шығармашылық қабілеттілігін тәрбиелеу» тақырыптарында психологиялық жұмыстар ( семинарлар, тренингтер)
-«Электронды оқулықтың сабақ сапасын арттырудағы маңызы», «Интерактивті тақтаны электронды оқулықтар мен мультимедиялық оқыту құралдарын сабақта қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің аудандық семинарлары
-Ай сайын СТО технологиясы бойынша шығармашыл топтың сабақтары жүйелі жүргізіліп отырады.
-Мектеп, ата-ана және отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында аудандық «дөнгелек үстел»;
-Ағылшын тілі пәнінің және бастауыш сынып мұғалімдері арасында аудандық педоқулар
- «Мектепке дейінгі мекемелеріне жаңа технологияларды енгізу» мастер класстар , «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша әдістемелік десант ұйымдастырылды.
- Ай сайын мектепалды сынып мұғалімдеріне «Жас мамандарға мектепалды сыныбының технологиялық картасының жасалу жолдары» әдістемелік көмек көрсетілді.
- «Жас келсе іске» тақырыбында мастер класс (жас мамандарға әдістемелік көмек) және «Озат тәжірибе - ортақ әдіс» тақырыбында жас ұстаздарға ақылшы ұстаздардың қатысуымен тренинг өткізілді. Жас мамандарға портфолио жасауға әдістемелік көмек көрсетілді
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтамасыз етілген балалардың көрсеткіштері
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен камтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы негізінде облыс әкімінің 2010 жылдың 18 маусым күні № 816 санды қаулысымен бекітілген іс- шаралар жоспарын іске асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде. Жалпы Жаңақорған ауданы бойынша 2013 жылға дейін 34 балабақша мен 15 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасап, онда 2313 бала тәрбиеленіп қамтылу пайызы 65,2 пайызды құрап отырған болатын. Жасалған іс-шараға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға елді мекендерден халық санына қарай балаларды жыл сайын 10 пайызға камту мақсатында жұмыс істеп тұрған балабақшалардан косымша топтар, мектепке дейінгі шағын орталықтар, балабақшалар құрылысын салу және балабақшаға лайықты ғимараттардан балабақшалар ашу жоспарланған болса, 2013 жылы ауданымызда жеке балабақшалар саны артуда. 2013 жылдың 1 сәуірі күнгі мәлімет бойынша:
Қыркеңсе елді мекенінде «Нэйла» (2 топ 50 баланы) қамтитын жеке балабақшасы (наурыз айынан бастап)
Жаңақорған кентінде «Нұрай» (1 топ 25 баланы) қамтитын жеке балабақшасы (наурыз айынан бастап)
Төменарық елді мекенінде «Сенсұлу» (1 топ 30) баланы қамтитын жеке балабақшасы (сәуір айынан бастап)
Жаңақорған кентінде «Альбина» (2 топ 50 ) баланы қамтитын жеке балабақшасы (наурыз айынан бастап)
Жаңақорған кентінде «Асылзат» (2 топ 50) баланы қамтитын жеке балабақшасы (сәуір айынан бастап)
Жаңақорған кентінде «Аян» (2 топ 50) баланы қамтитын жеке балабақшасы (сәуір айынан бастап)
Бірлік ауылында «Нұр-Асыл» (2 топ 50) баланы қамтитын жеке балабақшасы (сәуір айынан бастап)
Бесарық елді мекенінде «Диас» (2 топ 40) баланы қамтитын жеке балабақшасы (сәуір айынан бастап)
Жаңақорған кентінде «Наз-Еркежан» (2 топ 40) баланы қамтитын (наурыз айынан бастап) ашылып жұмыс жасауда.
Бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан мектепке дейінгі ұйымдарда:
Түгіскен елді мекенінде «Қайсар-2011» жеке балабақшасына (1 топ 25 бала) (наурыз айынан бастап)
Сүттіқұдық елді мекенінде «Оралхан» жеке балабақшасына (1 топ 20 бала) (қаңтар айынан бастап)
Құттықожа елді мекеніде «Еркежан» жеке балабақшасына (1 топ 25 бала) (қаңтар айынан бастап) қосымша топтар жұмыс жасауда.
Кейден елді мекеніндегі №208 мектеп жанындағы «Нұршуақ» шағын орталығына (1 топ 25 бала) қосымша топ (қаңтар айынан бастап)
Сүттіқұдық елді мекенінде «Нұрмұхаммед-2010» жеке балабақшасына 1 топ 25 бала (сәуір айынан бастап) қосымша топ қосылып жұмыс жасап келеді.
2013 жылдың сәуір айына мектепке дейінгі ұйымдарға 595 бала қосылып қазіргі таңда 2908 бала қамтылып отыр, қамтылу пайызы – 73,2 % құрап отыр.
Алдағы уақытта 2013 жылдың соңына қарай Жаңақорған кентінде төмендегі балабақшалар ашылады деп жоспарлануда.
Жеке балабақшалар:
Жаңақорған «Ақсымбат» 2 топ 50 бала 01.05.2013
Жаңақорған «Кәусар» 2 топ 50 бала
Жаңақорған кентінде «Бал-Бөбек» ( 1 топ 25 ) баланы қамтитын жеке балабақшасы ( сәуір айынан бастап)
Талап елді мекенінде «Ақбала» (2топ 50 ) баланы қамтитын жеке балабақшасы (маусым айынан бастап )
Жаңақорған «Елнұр» 2 топ 50 бала 01.05.2013
Жаңақорған «Дамир» 2 топ 50 бала 01.09.2013
Жаңақорған «Ернұр» 2 топ 50 бала 01.06.2013 бастап ашылып жұмыс жасайды, қазіргі таңда құжаттары дайындалуда.
Сонымен қатар Келінтөбе елді мекенінде 90 орындық, Жаңарық елді мекенінде 50 орындық мемлекеттік балабақша ашылып жұмыс жасайды. Жыл соңына қарай мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылған бала саны- 3323 болып, қамтылу пайызы-95,5 пайызды құрайды деп жоспарлануда.
Жалпы аудан бойынша қазіргі таңда жұмыс жасап тұрған 43 балабақша оның 21-і мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 22-сі жеке нысандағы балабақшалар. Сонымен қатар 15 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар бар. 43 мектепке дейінгі мекеменің 5-і типтік жобадағы, 38-і ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.
Балабақшаларда компьютермен жабдықтаудың жайына тоқталатын болсақ аудан бойынша балабақшалардағы компьютер саны-46, оның ішінде жаңа буындысы-26, 20-ы ескі компьютерлер. Компьютерлер тек мекеме жұмысына ғана қолданылады, интерактивті тақта, проектор жоқ.
Мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық кадрлардың сапалық құрамына талдау жасайтын болсақ 303 педагог жұмыс жасайды, алайда барлық педагогтардың арнайы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу маманы аз, басым көпшілігі бастауыш сынып мұғалімдері болса жоғары санатты педагог жоқ, І санатты педагог -19, ІІ санаттысы-54. Санатсызы-230 болып отыр
Ата- аналар төлемақысы 2012-2013 оқу жылында 3300-6000 теңгенің аралығын құрап отыр, ауылдық жерлерде бала басына 1 күндік тамақ мөлшері 150 теңгеден келеді. 2010-жылы-2000-4000 теңгенің арасы болса, 2011 жылы 3000-5600 аралығы болған. Азық-түліктің қымбаттауына байланысты жыл сайын ата-аналар төлемақысында өсу бар. Балалардың тамағына төленетін ата-аналар жарнапұлы кент орталығындағы балабақшаларда бала басына 1 күнге 300 теңге болса, ауылдық жерлерде 150-200 теңге. Санаториялық балабақшаға балалардың тамағына қаржы бюджеттен бөлінеді. Бюджеттен бір балаға қаралатын қаржы көлемі-20039 теңге.
-
Күрделі жөндеуді қажет ететін, авариялық жағдайдағы
нысандар жайлы.
Аудандық білім беру саласындағы апатты және күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер санын азайту шаралары бойынша біршама жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ 2011 жылы білім бөліміне қарасты (№54, 168, 223, 245) мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 74508,0 мың теңге, 2012 жылы (№55, 86, 240) мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына 114363,0 мың теңге қаралып, аталған мектептер күрделі жөндеуден өтті.
2013 жылы күрделі жөндеуді қажет ететін №3 мектеп-интернатына 145934,0 мың теңге қаралса, жобалық-сметалық құжаттары дайын, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған №53, 169, 196, 229 орта мектептерге 194997,0 мың теңге қаралады деп жоспарлануда.
2014 жылға күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін №168 орта мектептің жылу жүйесіне (1983 жылдан бері жылу жүйесіне жөндеу жүргізілмеген), №213 орта мектепке (есік-терезелерін ауыстыруды қажет етеді), №223 орта мектепке (жылу жүйесінің тозығы жеткен), №245 орта мектепке (есік-терезелері мен еденіне) ЖСҚ-ы дайындауға қаржы қажет.
Жаңақорған ауданы бойынша 5 мектеп (№161, 162, 194, 209, 254) апаттық жағдайда деп танылған. Олардың екеуінде жаңа мектеп құрылысы (194 пен 209) жүргізілуде, №161 пен 162 орта мектептерге жаңа мектеп құрылысына АПЗ-сы дайындалуда. Талап бекетіндегі №254 негізгі мектептің тиісті құжаттары дайындалып, ЖСҚ-ын жасауға 3124,0 мың теңге қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |