«Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»



Дата15.01.2024
өлшемі15.92 Kb.
#489133
мәшһүр эссе


«Білімді зерек адам болам!»-десең , Қара өзіңді басқаның айнасымен»


Қазақ тарихында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алар орны ерекше. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ халқының ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы ретінде қалыптасты. Ақын жастайынан шығыс әлемінің білімімен сусындап, араб және парсы тілдерін жетік біліп, басқа да шет тілдерді терең меңгерген. Өзі өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежіре мен айтыс, көптеген тарихи жырды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды.
Ғұламаның басты мақсаты әрі өмірінің негізіне айналған ой – қазақ халқын сауаттандыру болды. Кейін Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы орыс тілін меңгеру арқылы Батыс өркениетінің ғылыми жаңалықтарымен танысқан тарих, шежіре нұсқалары, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған, әдебиет (ақындық), тіл тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі туралы шығармалар, философия, медицина (емшілік, дәрілік өсімдіктер туралы), космология ғылымы салаларына арналған ұлан-ғайыр еңбек жазып қалдырды.М.Жүсіп халқымыздың әдебиетін тереңінен зерттеп,бүгінгі ұрпаққа жеткізген ұлы тұлға.Зерттеулерге көз жүгіртсек, академик М.Әуезов:«Халқымыздың ұлы тұлғаларының еңбектерін ұрпақққа жеткізуге Мәшһүр Жүсіптің еңбегі зор.Себебі,ол тарихымыздың таралуына,әдебиет өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосқан кемеңгер адам. Тарих- өшпейтін мұра. Оны бүгінгі күнге жеткізген тек есті,өнер қасиетін түсінетін адам. Академик-жазушы С.Мұқанов: "ХVІІІ ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталған – Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам – Мәшһүр Жүсіп Көпеев»,-деген болатын.Өз мұраларының жақсаруына осы ақындардың ықпалы зор.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы білімге құштар,халықтың назарын оқу білімге аударған ұлы тұлға.Өз халқының қамын ойлаған ақын қажеттіліктің қандай тұрғыда келетінін басты назарға алды. «Білімді зерек адам болам!»-десең ,Қара өзіңді басқаның айнасымен»,деген ұғыммен өзінің өлеңдеріндегі ойды сол заманда өмір сүрген ақындардың ойларымен салысттыра отырып,халыққа жеткізе білген.
Қорыта келгенде,өз заманының заңғар тұлғасының тағдыры тікелей данышпандығы білім мен өнерінің өзектілігін аңғартады. адамда ең алдымен ақыл болу керек,сол арқылы болашағына жол салады . екінші сабыр керек. Өйткені , сабырсыздық олақ ойлауға алып келеді нәтижесінде адамда қанағат пайда болады. «Білімді зерек адам болам!»-десең , Қара өзіңді басқаның айнасымен»,- дегені өз өлеңдерінен үлгі ала отырып келешекке нық қадам жасай аласың деген ойды түйіндейдім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет