Биология химиялық факультеті Жалпы биология кафедрасы



Дата29.06.2016
өлшемі255.5 Kb.
#164659
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті



Биология - химиялық факультеті

Жалпы биология кафедрасы



ВАЛЕОЛОГИЯ


барлық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге

тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар


Павлодар


УДК 613(07)

ББК 51.204.0я7

В 15


С. Торайғыров атындағы ПМУ, биология-химиялық факультеті, «Жалпы биология» кафедрасының отырысында ұсынылды
Рецензенттер: биология ғылымдарының докторы, профессор
Исимбеков Ж.М.

биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Даржұман Г.Қ.


Құрастырушылар: Гниденко Е.Н., Нұрғожин Р.Ж.
В 15 Валеология: барлық мамандықтар бойыныша оқитын

студенттерге тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік

нұсқаулар/ құраст. Е.Н. Гниденко., Р.Ж. Нұрғожин – Павлодар,

2007. – 20 с.


Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Валеология» пәнін оқитын барлық мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған. Әдістемелік нұсқауда пәннің негізгі тақырыптары бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындауға ұсыныстар келтірілген. Тапсырмалар студенттер алған білімдерін тереңдетуге және пәнді меңгерудегі тәжірибелік дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік береді.


ББК 51.204.0я7

© Гниденко Е.Н., Нұрғожин Р.Ж., 2007

© С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007

Кіріспе

Алғаш рет «валеология» термині ХХ ғасырдың 80 жылдары медицина ғылымдарының докторы, фармаколог И.И. Брехманның еңбектерінде келтірілген.

Валеология (Valeo – денсаулық, logos – ғылым) – адамның денсаулығы, оны сақтау мен қалыптастыру заңдылықтарын, тәсілдері мен механизмін, сонымен қатар нығайту мен қалпына келтіру жағдайларын зерттейтін ғылым.

Валеология пәнінің зерттеу объектісі - адам болып табылады. Адам ағзасының анатомиялық, физиологиялық, қорғау-бейімдеушілік механизмдерін және бейімделу механизмін білу. Адам қоғамның элементі ретінде, сонымен қатар этикалық және эстетикалық принциптердің дара тасымалдаушысы ретінде қарастырылады. Осындай ерекшеліктер адамның негізгі қасиеті – денсаулықты сипаттауға мүмкіндік береді. Денсаулық – толық психикалық, физикалық және әлеуметтік саулық, ол адамның жоғары жұмыскерлікті, ауруларға деген тұрақтылық, өзінің сезімдері мен ойларын және денсаулығын басқара алатындығы.

Пәнді оқытудағы негізгі мақсат болашақ мамандарды өз және қоршағандарының денсаулығына қамқорлық жасаудың теориялық білім мен тәжірибелік дағдыландыру, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету болып табылады.

Сонымен, тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау дәрістік сабақтарда алған білімдерді меңгеріп, бекітуге және өздік оқумен Таким образом, методические указания к практическим занятиям позволяют усвоить и закрепить полученные знания на лекционных занятиях и в результате самостоятельного изучения, а также получить практические навыки в освоении дисциплины Валеология.

Практические работы следует выполнять в отдельных тетрадях, придерживаясь основных требований по оформлению (указывая тему, цель, оборудование, ход работы и вывод). Особое внимание следует обратить на формулировку вывода, в котором необходимо обобщить и обосновать полученные результаты, содержащиеся в работе.

1 Тәжірибелік жұмыс. Физикалық денсаулық жағдайын анықтау


1.1 Салмақ және бой ұзындығы арақатысының бағасы (соматикалық компанент)
Мақсаты: Жеке тұлғалық салмақ-бой ұзындығы арақатысы ерекшелігін анықтау.

Қажет жабдықтар: таразы, бой өлшегіш, дененің максимальды салмағын есептеуге арналған кесте.

Жұмыс барысы

1. Кесте №1 пайдалана отырып, дененің қажетті максимальды салмағын анықтау (ДҚМС).


Өз көрсеткіштерін жазып алу:

а) жасы


б) бой ұзындығы

в) жынысы


ДҚМС = [ ] кг

2. Төмендегі формула арқылы дененің қалыпты салмағын анықтау:

N салмақ (кг) = бой ұзындығы (см) – 100
N = [ ] кг
3. Формула бойынша қажетті дене салмағын анықтау (ҚДС) (Брок индексі):
Ер адамдарға [Бой ұзындығы (см)*4/2,54 - 128]* 0,453
Әйел адамдарға [Бой ұзындығы (см)*3,5/2,54 - 108]* 0,453

ҚДС = [ ] кг

4. ҚДС-нің орташа мәнін есептеу және нақты дене салмағымен салыстыру. Егер нақты дене салмағы қажетті салмақтан артса, онда артық салмақ денсаулыққа қатерлі фактор болып саналады.

Нақты дене салмағының қажетті салмақтан ауытқу шамасына қарай семірудің төрт дәрежесін ажыратады.

15-29% артса - I дәрежелі семіру;

30-49% артса – II дәрежелі семіру;

50-100% артса – III дәрежелі семіру;

100% аса артса – IV дәпежелі семіру.

1.2 Денсаулық жағдайын қалыпты және жүктеме кезінде бағалау (физиологиялық көзқарас)
Мақсаты: Жеке тұлғалық физикалық денсаулықтын қалыпты және жүктеме кезінде анықтау.

Қажет жабдықтар: секундомер.
Жұмыс барысы
1. Тыныштық жағдайында 15 секунд ішінде жүрек соғысы жиілігін есептеп, оны төртке көбейту қажет. Бұл 1 минут ішіндегі жүрек соғысының жиілігі (ЖСЖ).

ЖСЖ (қалып) = [ ] соғысы/мин

2. Жүктемелік жағдайды Мартине сынамасы арқылы өткізеді. Ол үшін 30 секунд ішінде 20 рет отырып тұру қажет. Сынама аяқталғаннан кейін дереу жүрек соғысын есептеп, көрсеткішін жазып алу қажет.:


ЖСЖ (жүктеме) = [ ] соғысы/мин
3. Сынама нәтижесі физикалық жұмыскерлікті бағалауға мүмкіндік береді және жүктемеге деген жүрек-тамыр жүйесінің жауапты реакция типін анықтайды. Физикалық жұмыскерлік жүктемеден кейінгі жүрек соғысының өсуімен анықталады және бастапқы көрсеткіштен пайыздық арақатынаста көрсетіледі.

ЖСЖ 25% өссе - өте жақсы физикалық жұмыскерлік;

ЖСЖ 25-50% артса – жақсы физикалық жұмыскерлік;

ЖСЖ 50-75% артса – қанағаттанарлық физикалық жұмыскерлік;

ЖСЖ 75% артық болса – нашар физикалық жұмыскерлік.
4. 1.1 және 1.2 жұмыстарының нәтижесін дәптерге жазып, қорытынды шығар.

Кесте 1.1 – Максимальді дене салмағын есептеу.




Бойы

Жынысы - ер.

Бойы

Жынысы - әйел.

16-18 жас

19-21 жас

16-20 жас

19-21 жас

152

51,3

53,1

152

48,9

51,0

154

53,4

55,3

154

51,6

53,0

156

56,7

58,5

156

53,2

55,8

158

59,5

61,2

158

56,1

58,1

160

60,4

62,9

160

58,7

59,8

162

63,2

64,6

162

60,8

61,6

164

64,9

67,3

164

62,3

63,6

166

66,5

68,8

166

64,4

65,2

168

69,8

70,8

168

65,8

68,5

170

71,3

72,7

170

67,3

69,2

172

73,4

74,2

172

68,8

72,8

174

77,8

77,5

174

70,9

74,3

176

78,9

80,8

176

72,4

76,8

178

79,2

83,0

178

74,7

78,2

180

82,1

85,1

180

76,6

80,9

182

84,3

87,2

182

78,9

83,3

184

86,5

89,1

184

81,4

85,5

186

88,8

93,1

186

83,5

89,2

188

90,2

95,8

188

86,8

91,8

190

92,7

97,1

190

89,2

92,3

192

94,6

98,6

192

91,4

93,6

194

96,3

99,4

194

93,3

94,8

2 Тәжірибелік жұмыс. Физикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін анықтау


2.1 Сыртқы бақылау (соматоскопия)
Мақсаты: Сыртқы бақылаудың негізгі көрсеткіштерімен таңысу.

Қажет жабдықтар: ростомер, сантиметрлік рулетка.

Жұмыс барысы

1. Тірек-қимыл аппаратының (ТҚА) жалпы сыртқы жағдайы бейне бойынша бағаланады: массивтілігі, иық белдеуінің кеңдігі, сымбат және т.б.

Омыртқа жотасы – негізгі тірек қызметін атқарады. Зерттеу жұмыстары сагитальді және фронтальді жазықтықтарда өткізіледі.

Түзу сызық пішінін келесі көрсеткіштер бойынша анықтайды:

а) иық деңгейі;

б) жауырындардың бір деңгейде орналасуы.

Көрсеткіштерді жазып алу қажет.

Сымбат – қалыпты жағдайда тұрған адамның үйреншікті қалпы. Ол омыртқа жотасының пішініне, дене бұлшық етінің дамуы мен тонусына байланысты.

Сымбат түрлері:

а) дұрыс


б) бүкірейген

в) кифотикалық

г) лордотикалық

д) түзетілген

Қалыпты сымбат келесі белгілермен сипатталады:


  1. Омыртқа жотасының сызығы шүйде сүйегі төмпешігінен бөсе

қатпарларына дейін созылған;

  1. Тоқпан жіліктің бір деңгейде орналасуы;

  2. Жауырындардың бір деңгейде орналасуы;

  3. Дене және еркін бос төмен түскен қолдар қалыптастыратын бірдей

үшбұрыштармен (оң және сол жақтан).

Өз көрсеткіштерін жазып алу қажет.


2. Аяқ пішінін анықтау. Зерттелуші табандарын бірге қосып, түзу тік тұрады.

N – тізе буындары жанасады,

Аяқтың О-тәрізді пішінінде – тізе буындары жанаспайды,

Аяқтың Х-тәрізді пішінінде – бір тізе буыны екіншісін жауып тұрады.

Көрсеткіштерді жазу қажет.
3. Дене тұрқы – дене бөлімдерінің мөлшерімен, пішінімен, пропорциясымен және бір-біріне қатысты орналасуымен анықталады. Дене тұрқына спорт түрі, қоршаған орта және басқа да факторлар әсер етеді.

Конституция – адамның ерекше дене тұрқы. М.В. Черноруцкий конституцияның үш типін айырады:



  1. гиперстениялық,

  2. астениялық,

  3. нормостениялық.

Гиперстениялық типте дененің көлденен мөлшерлері басым болады, басы дөңгелек пішінді, беті кең, мойыны қысқа, қол-аяқтары қысқалау.

Астениялық типте дененің ұзына келген мөлшері басым болады, беті ұзындау, ұзын және жіңішке мойын, ұзын әрі жалпақ көкірек клеткасы, жіңішке қол-аяқтар, әлсіз дамыған бұлшық еттер жүйесі.

Нормастениялық типте – дене тұрқының пропорцианалдығы байқалады.

Көрсеткіштерді жазып алу.


2.2 Антропометрия (соматометрия)
Мақсаты: Негізі антропометриялық көрсеткіштермен танысу.
1. Дене тұрқының мықтылық көрсеткіші (Пинье бойынша) тұрған жағдайдағы бойдың айырымымен және дене салмағы мен көкірек клеткасының шеңберінің қосындысына тең болады

Х = Б – (Д + Ш)


мұндағы Х – индекс, Б – бойы (см);

Д – дене салмағы (кг);

Ш – дем шығарудағы көкірек клеткасының шеңбері (см).

Айырымы неғұрлым кіші болса, соғұрлым көрсеткіш жақсы.

Өз көрсеткіштерін жазып алу.

2. Омыртқа жотасының иілгіштігін (қозғалымын) анықтау.

Омыртқа жотасының белсенді және пасивті иілгіштігін айырады. Зерттелуші орындықтың үстіне шығып, шамасы жеткенші алға және төмен қарай иіледі (max), қол төмен созылған және шкала (линейка) бойынша көрсеткіш анықталады. Бастапқы нүкте ретінде зерттелуші тұрған орындықтың жиегі алынады.

Көрсеткіш 0 ден 10 см аралығында болса, онда омыртқа жотасының қалпты иілгіштігі; 0 см дейін – пасивті иілгіштік және 10 см аса – белсенді иілгіштік.

Өз көрсеткіштерін жазып алу.


3. 2.1 және 2.2 жұмыстарының нәтижесін дәптерге жазып, қорытынды шығар.
3 Тәжірибелік жұмыс. Жүрек-тамыр жүйесінің рекшелігі

3.1 Қан қысымын өлшеу



Мақсаты: адамның максимальді және миниамльді артериялық қан қысымы мәнін анықтаудағы әдісімен таңысу.

Қажет жабдықтар: тонометр, фонендоскоп немесе стетоскоп.
Жұмыс барысы
Артериялық қан қысымын өлшеуде кеңінен таралған Рива-Роччи әдісі, оны әрі дамытқан Коротков. Бұл әдіс арқылы иық артериясындағы максимальді және миниамльді артериялық қан қысымы анықталады. Әдіс белгілі бір уақытта артрияда қысқаннан кейін шетке қарай тарайтын дыбысты естуге негізделген.

1. Зерттелуші иығына созылмайтын матамен қапталған резінкелі манжетті орналастырады, Манжетка резінкелі грушамен және монометрмен байланысқан.

2. Грушанын көмегімен білек артериясында тамыр соғысы жоғалғанға дейін ауаны енгізеді (қысым систолалық қысымнан аздап жоғары). Содан кейін грушанын бұрмдамасын сәл босатып манжеткадағы қысымды төмендетеді.

3. Фонендоскоптың көмегімен білек буын аймағында иық белдеуінде пайда болған дыбысты естуге тырысады және сол уақытта манометрдің көрсеткішін бақылап отырады. Дыбыстар манжеткадағы қысым систолалық деңгейден төмен болған жағдайда пайда болады.

4. Тамыр соғысы жүректің систоласы кезінде қанның артерияға енгенінен болады. Осы уақыттаға манометрдің көрсеткіші қанның систолалық артриялық қан қысымына сәйкес келеді.

5. Қысымның әрі төмендеуі дыбыстың жоғалуына әкеледі. Дыбыстың толығымен жоғалу сәті диасталық қан қысымына сәйкес келеді. Осы уақыттан бастап манжеткадағы қысым артерияны қысым көрсете алмайды, сондықтан дыбыстар естілмейді.

Адамда ірі артерияларындағы қалыпты систолалық қан қысымы 105-120 мм с.б.б. (қолқада 100-125 мм с.б.б.), ал диастолалық - 60-80 мм с.б.б.

Осындай әдіспен алынған мәліметтер нақты көрсеткіштен біршама үлкенірек (максимальді қысым үшін 7-10%, минимальді қысым үшін 20-25 %), өйткені манжеткадағы қысымның бір бөлігі артерияны қоршап жатқан жұмсақ ұлпаларды қысуға жұмсалады. Әдістің нақтылығы 10-15 мм с.б.б. құрайды.



Тапсырма: қалыпты және физикалық жүктеме кезінде иық артериясындағы систолалық және диастолалық қан қысымын өлшендер. Қан қысымы мәніндегі айырмашылықты түсіндіріндер. Өтілген жұмыс бойынша қорытынды шығарындар.
3.2 Тамыр соғысы бойынша жүрек цикілінің ұзақтылығын анықтау
Мақсаты: жүрек циклі ұзақтылығының өзгеріс ерекшеліктерімен танысу.

Қажет жабдықтар: секундомер.
Жұмыс барысы
2 минут ішінде әр 15 секунд сайын 5-6 рет тамыр соғысын санау керек. Әр санағандағы жүрек циклінің ұзақтылығын анықтау (15 с жүрек соғысы санына бөлу). Цикл ұзақтылығының орташа мәнін табу қажет.

1 минут ішінде жүрек соғысын сана. Бұл жағдайдағы жүрек циклінің ұзақтылығы қандай болатындығын анықтау (60 с соғыс санына бөлу).



Тапсырма: Бірінші және екінші тәсілдермен есептелінген жүрек циклінің ұзақтылығын салыстырындар. Нәтижесін дәптерге жазындар.

4 Тәжірибелік жұмыс. Негізгі алмасуды анықтау. Тәуліктік рационды құрастыру


Мақсаты: студенттерге арналған тамақ рационын құрудың принциптерімен танысу.

Қажет жабдықтар: сіңірілетн заттар мөлшері және 100 г өнімдегі калорий кестесі (О. П. Молчанова бойынша).
Жұмыс барысы
Азықтың 100 грамында ақуыздар, майлар, көмірсулар және калорияның пайыздық құрамы келтірілген кестені пайдаланып рационды құрастыру.

Азықтық рационды құрастырғанда келесі жағдайларды екскеру қажет.

Азық рационының калориясы тәуліктік қуаттың шығымына, ал ақуыздар, майлар және көмірсулар мөлшерінің ара-қатынасы нормативке сай келуі қажет:

1) Тәуліктік калорияның нормасы – 2500-3000 ккал;

2) Тәулігіне дене салмағының 1 кг шаққанда:


  • ақуыздар — 2,5 г;

  • майлар — 2,5 г;

  • көмірсулар — 10-12 г қажет;

3) Рациондағы ақуыз, май және көмірсулардың ара-қатынасы 1:1:3(4);

4) Азық рационы төмендегідей бөлінуі керек:



  • таңғы асқа 30-40 %;

  • түскі асқа — 40-45 %;

  • кешкі асқа — 15-20 %.

Ақуызға бай өнімдер (ет, балық, жұмыртқа) таңғы және түскі асқа, ал кешкі асқа сүт-өсімдік тағамдарын пайдаланған жөн. Кем дегенде ақуыздардың 1/3 бөлігі ағзаға жануартекті ақуыз түрінде түсуі қажет. Осылармен қатар азық рационына дәрумендер, минералды тұздар мен су енуі керек.
Тапсырма: Нормативтерге сай меню құрастырып, 4.1 кестені толтыр.

Кесте 4.1 – Тәуліктік рационды құрастыру




Тамақтану мерзімі

Тағам атаулары

Масса, г

Алынған өнімдегі

мөлшерлері, г

Құнарлығы, ккал










ақуыз

май

көмірсу




Таңғы ас
Түскі ас
Кешкі ас



















Барлығы


















Кесте 4.2 – Өнімнің 100 г калория және сіңірілетін заттар мөлшерінің (О.П. Молчанова бойынша)




Өнім

Ақуыз, г

Май, г

Көмірсу, г

Құндылығы, ккал

Қара бидай наны

5,5

0,6

39,8

199




Бидай наны

6,9

0,4

45,2

217




Макарон, кеспе

9,3

0,5

73,3

344




Түрлі печеньелер

7,4

10,3

65,1

393




Қара құмақ

8,0

1,6

64,4

312




Ұнтақ жарма

8,0

0,8

73,6

342




Тары

7,4

1,9

62,4

303




Күріш

6,5

1,2

71,7

332




Асбұршақ

19,3

3,2

50,3

315




Орташа сиыр еті

16,0

4,3

0,5

108




Семіз қой еті

12,8

24,2



275




Майсыз қой еті

13,9

4,8



102




Семіз шошқа еті

11,7

30,2



329




Майсыз шошқа еті

16,2

5,4



117




Бауыр

8,6

8,8



117




Тауық еті

16,0

4,1

0,9

103




Ысталған шұжық

23,7

38,0



451



4.2 кестенің жалғасы




1

2

3

4

5




Пісірілген шұжық

13,4

14,2

4,0

204




Сосиска

12,2

13,0



171




Ветчина

17,5

15,1



214




Тұздалған бекіре

10,8

9,1



129




Ысталған бекіре

12,8

5,5



108




Карп және сазан

15,3

4,4



103




Көксерке (судак)

16,2

0,5



71




Сүт майы

1,0

84,0

0,6

787




Айырылған май



95,2



825




Шошқа майы (шпиг)

10,5

64,9



647




Өсімдік майы

94,0

94,0



871




Сиыр сүті

3,1

3,5

4,9

66




Ірімшік

14,1

0,6

1,2

68




Қаймақ

4,2

21,9

1,7

256




Жұмыртқа

10,7

10,1

0,5

140




Сыр

25,0

30,0

2,4

391




Картоп

1,1

0,1

13,0

59




Жаңа ормажапырақ

0,9

0,1

3,5

20




Тұздалған ормажапырақ

0,7

0,3

0,4

15




Қызылша

1,3

0,1

8,1

39




Пияз

0,9

0,1

6,3

30




Томат

0,5

0,1

2,8

15




Жаңа қияр

0,4

0,1

1,1

7




Тұздалған қияр

0,2

0,1

0,7

5




Қант





94,8

399




Тосап (варенье)





66,7

274




Табиғи бал

1,0



75,9

315




Шоколад

3,2

29,9

48,6

481




5 Тәжірибелік жұмыс. Паспорттық және биологиялық жасты анықтау
Мақсаты: биологиялық жасты анықтау және оның мәнін бағалау.

Қажет жабдықтар: тонометр, секундомер, калькулятор.
Жұмыс барысы
Биологиялық жас (БЖ) зат алмасу, құрылымдық, функционалдық, басқару ерекшеліктері мен бейімдеушілік қабілеті сияқты жиынтықпен анықталатын адамның биологиялық күйі деп түсінуге болады. Неғұрлым биологиялық жас күнтізбелік жаспен сай келіп отырса, соғұрлым индивидуум жасы жағынан ересек, және керсінше.

Биологиялық жас – ағзаның қартаю барысындағы жүйелі дезинтеграциялау шамасы. Ер және әйел адамдардың БЖ анықтауда жеке формулалар қолданылады:


Ер адамдарға: БЖ = 26,985 + (0,215 х АҚС) – (0,149 х ТТС) –

– (0,151 ∙ СБ) + (0,723 ∙ ДСБ)


Әйел адамдарға: БЖ = -1,463 + (0,415 х АҚП) – (0,140 ∙х СБ) + + (0,248 х ДС) + (0,694 х ДСБ)
мұндағы АҚС – артериялық қысым систолалық;

АҚП – артериялық қысым пульсті.


Бұл көрсеткіштер Рива-Роччи аппаратының көмегімен оң қолда, отырып аралығы 5 минут сайын үш рет өлшенеді. Осы жағдайда ең төменгі шама есепке алынады.

СБ – статистикалық баланстау – зерттелуші аяқ киімсіз сол аяқта тұрып, оң аяғы бүгілген жағдайында анықталады. Көзі жабық, қолдары төмен түскен (алдын ала дайындықсыз). СБ ұзақтылығы үш рет өлшенеді, әр өлшеу арасы 5 минутты құрауы қажет. Ең үздік нәтиже алынады.

ТТС – терең тыныс алғаннан кейін тынысты ұстау ұзақтылығы секундпен өлшенеді – аралығы 5 минут сайын үш рет өлшейді. Ең жоғары нәтиже алынады.

ДС – дене салмағы (нақты шама), кг.

ДСБ – денсаулықтың субъективті бағасы – 29 сұрақтан тұратын сауалнама көмегімен анықталады

Сұрақтар

1. Басыңыз ауыра ма?

2. Сіз кез келген шудан оңай оянасыз ба?

3. Жүрек айналасындағы ауырсынулар бола ма?

4. Сіз кейінгі кезде көруіңіз нашарланған деп санайсыз ба?

5. Сіз кейінгі кезде естуіңіз нашарланған деп санайсыз ба?

6. Сіз тек қана қайнаған су ішуге тырысасыз ба?

7. Сізге ұзақ уақыт көлікте тұрып жүру қиын ба?

8. Буындарыңыз ауыра ма?

9. Жағажайда жиі боласыз ба?

10. Сіздің өзінізді сезінуде ауа-райының өзгеруі әсер ете ме?

11. Аландаудан ұйқыңыз болмайтын кезеңдер бола ма?

12. Үлкен тәреткі бармау Сізді аландата ма?

13. Сіз тез әрі жиі шаршайсыз ба?

14. Бауыр айналасындағы ауырсыну сезімдері Сізді аландата ма?

15. Бас айналу жағдайлары бола ма?

16. Бұрынғымен салыстырғанда қазір бір ойға шоғырлану қиын ба?

17. Ұмытшақтық, есте сақтаудың әлсіреуі Сізді аландата ма?

18. Дененің бір бөліктерінде шаңшуды, мұздауды сезінесіз бе?

19. Сіз өзіңізді бақытты, көңілді, қозулы болатын кезеңдер бола ма?

20. Құлағыныздағы шулар аландата ма?

21. Үйдегі медициналық қобдишада өзіңіз үшін төмендегі медикаменттерді ұстайсыз ба: валидол, жүрек тамшылары, андипал немесе цитрамон.

22. Аяқтың ісінуі бола ма?

23. Кейбір тағамдардан бас тартасыз ба?

24 Тез жүрген уақытта демікпе пайда бола ма?

25. Белдеме аумағында ауырсыну сезімі бола ма?

26. Емдік мақсатында қандай да бір минералды су ішесіз бе?

27. Ауыздағы жағымсыз дәмдер аландата ма?

28. Сіздің тез көңіл-күйініз бұзылама немесе көзге жас аласыз ба?

29. Өзіңіздің денсаулығынызды қалай бағалайсыз?


Сауалнамадан кейін теріс жауаптардың жалпы санын санау керек, бұл ДСБ шамасы болып табылады.

Тапсырма: Жоғарыдағы формулаларды пайдаланып БЖ анықтау, қорытынды шығарып, жұмысты дәптерде орындау.
6 Тәжірибелік жұмыс. Талдағыштар ерекшелігін анықтау
6.1 Тіл рецепторларының дәм сезгіштігін анықтау
Мақсаты: Тіл бетіндегі дәм сезу аймақтарының орналасуын анықтау.

Қажет жабдықтар: қанттың, натрий хлоридының, магний сульфатының (немесе хининның 1% ерітіндісі) 20%-тік ерітінділері, лимон қышқылының (немесе асханалық сірке қышқылының) 1%-тік ерітіндісі, шыны таяқшалар немесе пипеткалар (4 дана), су.
Жұмыс барысы
Зерттелуші көзін жұмып отырады. Қант ерітіндісіне батырылған шыны таяқшамен тілдің ұшын, түбірін, бүйірі мен жиектерін жағады, осы уақытта зерттелуші не сезіп отырғанын дәптерге жазып отыру қажет. Осылайша әр ерітіндіні тіл аймақтарына жағып, сезгіштігін анықтайды. әр ерітіндіден кейін ауыз қуысын шайып отырған жөн.

Тапсырма: Жұмыс аяқталғаннан кейін тілдің сезгіштік аймақтарын салу. Қорытынды жасау.
6.2 Көру өтікірлігін анықтау
Мақсаты: оң және сол көздердің көру өткірлігін анықтау.

Қажет жабдықтар: Сивцев кестесі, указка.
Жұмыс барысы

Көру өткірлігін анықтау үшін кестеден 5 м арақашықтықта тұрып, бір көзді алақанмен жабу керек. Зерттелушігі кез келен бір әріпті көрсетіп, қай жолақты ол анық көретінін белгіліп отыру қажет. Көру өткірлігін әр көзге төмендегі формула бойынша есептейді


у = а/х
мұндағы у — көру өткірлігі,

а — кесте мен зерттелушінің арасында,

х — оқылған әріптер көріну керек арақашықтық.

Кесте негізінен қалыпты көру жағдайында, бірінші (жоғарғы) әріптері 50 м арақашықтықта, ал оныншы (төменгі) – 5 м арақашықтықта көріну есебімен құрастырылған. Кестеде жолақтардың сол жағында арақашықтық көрсетілген.

Нәтижеде есптеп, әр көзге байланысты көру өткірлігін анықтау қоытындыларын жазу керек. Егер у = 0,8 болса, онда төмен көру өткірлігі.

Тапсырма: жұмыс аяқталғаннан кейін қоытынды шығарып, дәптерге жазу қажет.
7 Тәжірибелік жұмыс. Есте сақтау түрлерін, зейіннің таралуы мен көлемін анықтау
Мақсаты: есте сақтау түрін анықтауды, зейін көлемін бағалауды үйрену.

Қажет жабдықтар: кестелер.
Жұмыс барысы
1. Үш бағанада көрсетілген сандарды есте сақтау қажет. Біріншісі бағана – көру есте сақтауға бағытталған тест, екіншісі – моторлық (қозғалғыш) және үшінші – есту арқылы есте сақтауға арналған тест.
7.1 – Есте сақтау типін анықтау


Көру

Моторлық

Есту

5239

89765


224896

1267412


98615437

146769543

5649082451

24167549067

037427994410


5672

98761


675413

7841095


12435961

985241672

1864460902

06748117620

136777312064


0426

12785


651801

7082409


08761432

8652183555

1642507118

37470837502

760845267144

Сол жақ бағанадан бастаңыз. Ерінмен қозғалтпай, жоғарғы сандарды оқып шығу керек, әр санға шамамен 1 секунд уақыт жұмсаумен. Содан кейін бұрылып, санды дәптерге жазу керек. Кейін дәл осылай барлық бағананы тексермей толығымен көшіріп ал. Сіздің мүмкіншілігінізді есте сақтаған ең ұзын жолақтағы санды дұрыс жазуыңыз анықтайды. Моторлық есте сақтау қабілетін тексеру үшін ортаңғы бағанадағы сандарды дыбыссыз, бірақ ерінді қозғалтып оқыған дұрыс. Естіп есте сақтау қабілетті тексеру үшін бірінші бағанадағы сандарды бір адам оқығанын сұраныз, ал өзіңіз сол сандарды жазып отырыңыз.

Қай бағанада неше санды Сіз есте сақтағанызды есептеңіз. Осы жұмыстардан кейін өзіңіздің есте сақтау типін азда болсын анықтай аласыз. Адамдарың көбі 7-8 санды қатарымен есте сақтай алады, есте сақтау қабілеті жақсы адамдар 12 санды, әлсіз – 4 және одан да аз санды есте сақтайды.

Тапсырма: Қорытынды жаз.
2. Кестеде 1 ден 40 дейін сандар берілген. Уақытты белгілеп, қандай сандар босатып алынғанын іздестір де, дәптерге жазып отыр.

Болғаннан кейін өзінді зейін қойып, уақытсыз тексер. Әр қате үшін (өткізіп алған немесе қате жазылып алған сан үшін) айып 20 с анықталған. Бұл уақыт санауға кеткен уақытқақосылады. Егер сізде 3 минуттан кем болса, онда ол өте жоғарғы нәтиже.


Кесте 7.2 – Зейін таралуы қабілетін бағалау

14

5

31

27

37

40

34

23

1

20

19

16

32

13

33

30

6

8

25

9

12

26

36

28

39


Келесе кесте бойынша өзіңіздің зейін көлемін анықтауға болад. Ол үшін қарандаш, секундомері бар сағат қажет. Кестеде кездейсоқпен 101 ден 136 дейін сандар келтірілген.

Кесте 7.3 – Зейін көлемін анықтау

121

131

123

130

106


113

135

114

110

125

118

108

127

103

136

116

101

128

115

134

119

102

105

117

120

109

126

122

133

112

107

124

129

111

104

132

Сізге 101, 102, 103 және әрі қарай 136 дейін осы қатармен сандары табу қажет. Басталған уақытты белгілеп, табылған сандарды нүктемен белгілеп отыр. Уақытты секунтпен есептеу қажет. Зейін көлемін төмендегі формула бойынша есептеу керек
З = 648 / t
мұндағы З – зейін көлемі,

t – жұмыс уақыты (секундта).

Формулада 648 саны қайдан шыққанын түсіндірейік, орташа есеппен бір санды табу үшін кестенің жартысын қарау қажет, яғни 18 санды. Барлығы 36 сан. Демек, барлық сандарды табу үшін Сіз 18*36=648 санды қарап шықтыңыз (кестедегі сандарды бір неше рет қарағандағы есеппен). Осы санды жұмысқа кеткен уақытқа бөлгенде (секундта) өзіңіздің зейін көлемін анықтай аласыз: 6 саннан көп – жоғары көрсеткіш, 4-6 – орташа, 4 аз – төмен.



Тапсырма: Өтілген жұмыс бойынша қорытынды жаз.


Әдебиет
1 Байер К., Шейнберг Л. Здоровый образ жизни. – М. : Изд-во «Мир», 1997. – 128 с.

2 Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. – М. : Медицина, 1990. – 356 с.

3 Билич Б.Н., Назарова Л.В. Основы валеологии. – СПб., 1997. – 256 с.

4 Вайнер Э.Н. Валеология. – М. : Флинта. Наука, 2001. – 112 с.

5 Валеология – наука о здоровье: учебно-методическое пособие. /Под ред. Соколова А.Д., Абишева З.С. – Алматы : «Ғылым», 1999. – 225 с.

6 Дубровский В.И. Валеология. Здоровый образ жизни. – М. : «Флинта», 1999. – 184 с.

7 Приходько Н.Г., Лукьяненко М.В. Валеология: курс лекций. – Ал­маты : «Аркаим», 2002. – 326 с.

8 Мохнач Н.Н. Валеология. Конспект лекций. – Ростов на Дону : «Феникс», 2004. – 187 с.

9 Популярная медицинская энциклопедия. – М. : «Медицина», 1978. – 458 с.

10 Фомин Н.А. Физиология человека. – М. : «Просвещение», 1995. – 247 с.

11 Хрипкова А.Г. Анатомия, физиология и гигиена человека. – М. : 1975. – 265 с.

Мазмұны
Кіріспе... ……………………………………………………………3

№ 1 Тәжірибелік сабақ ....…………………………………………4

№ 2 Тәжірибелік сабақ ……………....……………………………7

№ 3 Тәжірибелік сабақ …………....…………………….………. 9

№ 4 Тәжірибелік сабақ ………....……………………….……... 11

№ 5 Тәжірибелік сабақ ……....………………………….……. .. 14

№ 6 Тәжірибелік сабақ …....…………………………….……… 16

№ 7 Тәжірибелік сабақ ....……………………………….…….... 17



Әдебиет .... ………………………………………………………. 20





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет