Биология пәні бойынша мектеп оқушыларының сырттай олимпиадасының сұрақтары 2015 жыл.
-
Генетика ғылымы нені зерттейді?
-
Тұқымқуалаушылықты;
-
Өзгергіштікті;
-
Зат алмасуды;
-
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті.
-
Ағзаның ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы –
-
Генотип
-
Фенотип
-
Кариотип
-
Генофонд
-
Г. Мендель өз заңын нешінші жылы ашты?
-
1855ж
-
1865ж
-
1845ж
-
1875ж
-
Альтернативті белгі -
-
Бір-бірін толықтырады;
-
Бір- бірінің белгілерін басады;
-
Бір- бірінің көрінісіналдын ала ескереді;
-
Бір- бірінің көрінісін үдетеді.
-
Генотипі бойынша таза линияларды Г. Мендельдің моногибридті будандастыруында бірінші ұрпақта ажырау қалай жүреді?
-
1:1;
-
3:1;
-
Біркелкілік;
-
1:2:1;
-
Шашы ашық түсті әйелмен, шашы қара түсті ер адамнен туған балалардың 5-еуінің шашы қара және 1-еуінің шашы ашық түсті болған. Ата- анасының генотипін анықта.
-
АА × аа;
-
Аа × аа;
-
Аа × Аа;
-
аа × Аа;
-
Моногибридті будандастыру кезінде ата- анасының формасы:
-
Бір түрге жатады;
-
Бір сортқа немесе бір тұқымға жатады;
-
Кейде альтернативті белгілері бойынша бір- бірінен ерекшеленетін және бір түрге жататын;
-
Екі альтернативті белгілері бойынша бір- бірінен ерекшеленетін.
-
Жыныс жасуша гендерінің қосылмау көрінісі қандай атауға ие болды?
-
Реципрокты будандасу;
-
Моногибридті будандасу;
-
Гамета тазалығының заңы;
-
Линия тазалығы.
-
AaBbCcDd генотипті ағза неше типті гамета құрайды?
-
4;
-
6;
-
8;
-
16.
-
2 ақ асқабақты(сары түс рецессивті) будандастырғанда қандай ұрпақ алуға болады?
-
Тек қана ақ;
-
Ақ, сары;
-
Сары;
-
Ақ, сарғылт,сары.
-
Әкесінің қан тобы I –ші , анасының қан тобы II-ші . Болашақ балаларының қан тобы қандайболады?
-
Тек қана қан тобы I –ші;
-
Тек қана қан тобы II –ші;
-
I-ші және II –ші;
-
III және I.
-
Комплементарлы өзара әрекеттесуінің нәтижесінде (эпистазда)F2 ұрпағының ажырауы қалай болады?
-
9:7
-
15:1
-
3:1
-
13:3
-
Тіркес тұқым қуалау заңын ашқан кім?
-
Г. Мендель;
-
Т. Морган;
-
Г. де Фриз;
-
У. Сеттон және Т. Бовери.
14. Кроссинговер бұл алмасу-
-
а) доминантты гендермен алмасу;
-
б)гомологтық хромосомалардың бөліктерімен алмасу;
-
в)хромосомның шеттерімен алмасу;
-
г)барлық жауаптар дұрыс.
15.Аллелді емес гендердің әрекеттесуі кезінде бір ген екінші генге толық басымдылықты көрсету үрдісі қалай аталады--------------------------
-
Ағзалардың ұрпақтан ұрпаққа өздерінің белгілерін(құрлысы,даму,қызметінің ерекшеліктерін) беру қабілеті -----
-
Құлақ сүйектері қандай қызмет атқарады?
-
Дыбыс жарғағының тербелістерінесту жүйкесіне бағыттайды;
-
Дыбыс тербелістерін жүйке импульсына айналдырады;
-
Кеңістікте дене кейпініңөзгеруі туралы сигналды бағыттайды;
-
Дабыл жарғағының тербелістерін күшейтіп оларды ішкі құлаққа жібереді.
-
Адам ағзасындағы тұрақтылықты, жасуша ішілік қызметті реттейтін және зат алмасуға қатысатын сұйық орта жиынтығы-
-
Ішкіортаны түзді;
-
Жүректің ырғақтыжиырылуын қамтмасыз етеді;
-
Ас қорту және басқа да ішкі мүшелерді толтырады;
-
Фибриногенсіз қан плазмасын құрады.
-
Адам жүрегінің жиырылу ырғағын анықтау мақсаты:
-
Қан қысымын анықтау;
-
Қанның жылжу жылдамдығын анықтауы;
-
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау;
-
Минутына жүректің жиырылу күшін және санын анықтау.
-
Оқушылардың көбі артериямен артериальды(оттегіне қаныққан ) қан, ал венамен – веноздық (көмір қышқыл газына қаныққан) қан ағады деп тұжырымдайды. Бірақта бұл тұжырым дұрыс емес. Дұрыс жауабын жазыңдар.
-
Қосжақтаулы ұлулар классының табиғаттағы және адам өміріндегі ролі.
-
Бақалардың даму ерекшеліктері---------------------------------------
-
Жұмыртқаларынан шығатын балапандардың ерекшеліктеріне байланысты құстарды екі топқа бөледі. Осы топтарға жататын құстардың даму ерекшеліктерін жазыңдар.
-
Қарапайымдылардың ішіндегі адам ағзасына өте қауіптісі?
-
Грегариндер;
-
Өсімдікті талшықтылар;
-
Қанда кездесетін споралылар типі;
-
Кірпікшелі кебісше;
-
Микоспоридилар.
-
Энтеробиоз ауруын тудыратын құртты ата?
-
Бауырсорғыш;
-
Ішексорғы;
-
Таспа құрт;
-
Үшкірқұрт.
-
Бауыраяқтылар классының өкілі:
-
Жүзім ұлуы;
-
Айқұлақ;
-
Кальмар;
-
Сегізаяқ;
-
Каракатица.
-
Тарақан аяғының типі
-
Секіргіш;
-
Қазғыш;
-
Жүгіруші;
-
Жүзуші;
-
Аяқтары жоқ.
-
Жыландарды зерттейтін ғылым саласы
-
Герпетология;
-
Ихтиология ;
-
Маммология ;
-
Орнитология ;
-
Энтомология.
-
Төменгі сатыға жататын сүтқоректілер-
-
Кемірушілер;
-
Жұптұяқтылар;
-
Қоянтәрізділер;
-
Қолқанаттылар;
-
Қалталылар.
-
Күрделі жапырақтың жалпы сағағы қалай аталады?---------------
-
Құлпынайдың көбеюге арналған жер үсті өркендері -------------
-
Түр өзгерген өркендер-
-
Микориза;
-
Тамыртүйнек;
-
Тамыржеміс;
-
Тамыр сабақ.
-
Қалпақты саңырауқұлақтың жемісті денесінің споралы қабаты қалай аталады?
-
Базидия;
-
Гимений;
-
Гименофор;
-
Гонидиальды.
-
Алқалар тұқымдасының өкілі-
-
Аскөк;
-
Меңдуана;
-
Жолжелкен;
-
Беде;
-
Қастабан.
Ескертулер: әр бір дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |