1. Тақырыбы: Коллоквиум. Липидтер алмасуы. Липидтер алмасуының сатылары. ЛПТ және организмнің антиоксиданттық қорғаныш жүйесі. Липидтер алмасуының бұзылыстары. Майлардың қорытылуына ұйқы безі сөлі липазасының әсерін зерттеуді демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
2. Мақсаты: 1. Студенттердің «Липидтер алмасуы» тақырыбы бойынша алған білімдерінің меңгерілу тереңдігін тексеру.
2. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
3. Оқыту міндеттері: 1. Студенттерді липидтер алмасуы туралы алған білімдерін пәннің келесі тақырыптарын түсіну үшін қолдануға үйрету.
2. Студенттерді осы тақырып бойынша алған білімдерін жағдайлық есептерді шешу үшін қолдануға үйрету.
3. Ересек адамдағы ТАГ қорытылуына қатысатын негізгі ферменттің (ұйқы безі липазасы) ролін қарастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тағам липидтері, олардың жіктелуі және маңызы.