Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»



бет39/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Лекциялар жинағы

Булау және термоөңдеу
Булауға берер алдында ашытқы суспензиясын вакуум – буландырғыш аппаратта қайнау температурасына жақын температураға дейін толық қыздыру керек. Бұл үшін ашытқы суспензиясын сепарирлеуден кейін ол 1 сағат аралығында ұстап тұратын тізбектеле қосылған плазмолизаторларға жібереді. Плазмолизденген суспензия вакуумды – буландырғыш қондырғының қабылдау (ыдысы) багіне келіп түседі.
Паприн өңдірісінде үш корпусты вакуум – буландырғыш қондырғылар қолданылады. Ашытқы суспензиясын булау өсімдік шикізатының гидролизатында азақтық ашытқы өңдірісінде жүзеге асырылады. Вакуум – буландырғыш қондырғыдан кейін құрамындағы құрғақ заттың құрамы 18-22% болған соң, ашытқы суспензиясының буланған суспензиясы жинағышқа келіп түседі.
Ашытқы суспензиясын кептіру
Кептіру үрдісі паприн өңдірісіндегі соңғы сатысы болып табылады. Кептіру қондырғысындағы құрғақ заттың құрамы 18-22 % болатын ашытқы суспензиясы жинағышқа келіп түседі. Үрдіс өнімділігі 15-20 т/сағат СРЦ-12,5/1500 НК типті шашыратқыш кептіргіштерде жүргізіледі.
Ашытқы суспензиясы булау бөлімінен фильтр арқылы кептіру қорегін бақылау блогына (КҚББ) беріледі. КҚББ кептіргіштен шығатын өңделген кептіру агентінің температурасына байланысты кептіруге берілетін суспензияның мөлшерін реттеу үшін, сонымен қатар судан ашытқы суспензиясына жәймен ауысу үшін және керісінше, кептіргішті қосу және тоқтату кезінде қызмет етеді. КҚББ – мен бірге ашытқы суспензиясы кептіргіштің қақпағында орналасқан ортадан тепкіш күшпен жұмыс жасайтын шашыратқыш механизмге жіберіледі. Майда бөлшектерге дейін шашыраған ашытқы суспензиясын кептіру агентінің тогында кептіру камерасында кептіріледі.
Жылдық өнімділігі 120 мың тонна паприн өндіретін зауытқа арналған кептіру бөлімінің жұмыс істеу параметрлері төменде көрсетілген:
Кептіруге ашытқы суспензиясының берілуі, м3/сағ..........................80
Суспензиядағы ашытқы суспензиясы, %........... ..............................17,1
Кептіру агентінің температурасы, С:
камераға кіруде............................................................................440
камерадан шығуда.......................................................................100
1 т буланған суға кеткен отынның меншікті шығыны, кг/т............119
Кептіру сатысындағы биомасаның жоғалуы, %...............................2
Дайын өнімнің ылғалдылығы, %........................................................8
Кептіру агенті болып атмосфералық ауамен отынды газдардың қоспасы саналады. Отын ретінде мазут немесе жағуға жанатын табиғи газ. Жану өнімдері 1000-11500С температурамен араластыру камерасына келіп түседі, бұған бір мезгілде таза ауа беріледі.
Араластыру нәтижесінде отынды газдардың температурасы 400-5500С дейін төмендейді. Отынды газдар ауамен қосымша 280-6800С температураға дейін ауамен араластырылады және орталық газ жүргіш кептіру камерасына бағытталады. Ауа үрлегіштің сыртқы қабырғасын салқындау үшін суық ауа үнемі беріліп отыратын «жейде» қарастырылған.
Кептірілген өнім кептіру камерасының конусында тұнады, ол жерден пневматикалық тасымалдағыш арқылы қораптау бөліміне жіберіледі. Кептіргіштен шығару кезінде ашытқылардың температурасы 90-1000С жоғары болмайды. Өңделген кептіру агенті су буларымен бірге 15 % ашытқыға дейін кептіргіштен алады. Оларды ұстау үшін кептіру агентін СК-ЦН-34 типті циклонды батарея арқылы өткізеді, бұл жерде құрғақ ашытқылар өңделген кептіру агентінен бөлінеді және пневматикалық тасымалдағыш құбыр өткізгіштен шығарылады. Атмосфераға тастар алдында өңделген кептіргіш агенті ашытқы бөлшектерінен толық тазарту үшін сулы тазартуға ұшыратады, ал өңделген ауа пневматикалық тасымалдағыш жүйесінен кептіргіш қондырғысының циклон батареясы арқылы өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет