Бір аптаға (01-03 қыркүйек 2021ж.) Өтпелі тақырып:«Менің мектебім»



бет38/190
Дата22.09.2024
өлшемі0.6 Mb.
#503860
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   190
Циклограмма 2021 - 2022ж (1)

3.Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Біз әртүрліміз» Мақсаты: Жерде созылып жатқан арқан үстінде бір бүйірмен динамикалық тепетеңдікті сақтап жүруге үйретуді жалғастыру. Бір қатарға қойылған заттар арасымен доптарды домалатып алып жүру дағдыларын бекіту. ҰОҚ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі «Сиқырлы шумақ» тренинг-ойыны. – Қазір біз өзіміз туралы білеміз. Менің қолымда бір шумақ жіп бар. Мен саусағымды жіппен бір рет орап, сендердің біреуіңе жіпті лақтырып, сонан соң сұрақ қоямын. Сол бала жіпті қағып алып, бір саусағын орап, келесі балаға шумақты лақтырып, сұрақ қояды. – Енді қолдарыңды жоғары көтеріп, саусақтарыңдағы жіпті шығарыңдар. 2. Негізгі кезең I. Тізбекке бір-бірден тұрады. Доппен түзету жаттығуларын орындайды: доп ұстап жүру (доп оң қолда), аяқтың ұшымен жүру – допты бастан жоғары көтеріп жүру, өкшемен жүру – допты алдыда ұстау. Тізбекке екі-екіден тұру. II. Доппен жалпы дамыту жаттығуларын орындау (№2). Арақашықтықтарын сақтау. Бастапқы қалыпты сақтай білу машықтары мен допты жереге түсірмеулерін қадағалау. Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындату (4 рет) Бір қатарға қойылған заттар арасымен доптарды домалатып алып жүру. Саусақтарымен допты ширақ домалатады. Қимылдарын еркін орындауға тырысады. Жерде созылып жатқан арқан үстінде бір бүйірмен динамикалық тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету (өкше арқан үстінде, аяқтың ұшы еденде). Бұл жаттығу – жалпақтабандылықтың алдын алу шарасы. Гимнастикалық орындық үстімен етпетінен жатып еңбектеуге жаттықтыруларын жалғастыру, қолдарын ширақ бүгіп, денесімен тартылады. 92 Орындықтың екі шетінен ұстайды: бас бармақ жоғарғы жағында, қалған төрт саусақ төменгі жағында болады. Қол мен аяқты үйлестіріп қозғауға тырысады. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Мысық пен торғайлар» (4 рет) . «Торғайлар» орындықта, гимнастикалық қабырғаның тепкішегінде отырады. Балалар торғайлардың қимылын ымишарамен көрсетіп отырады. Белгі бойынша «мысық» келіп, «торғайларды» қуады. Олар бағыттарын өзгертіп қашады. Ұсталғандар ойыннан шығады. III. «Мен осындаймын, біз осындаймыз» ойын-жаттығуы. Шеңбер бойына тұрады. Балалардың біреуі ортағы шығып: «Мен сұлумын!» – деп айтады. Қалған балалар қимылмен «Біз сұлумыз!» – деп хормен айтады. Осыдан кейін келесі бала басқа сөздерді айтады. 3. Қорытынды кезең (рефлексия). «Күлкі сыйла» ойын-жаттығуы. Бір баланың көңіл күйі бәріне әсер ететіндігін айтып, дені сау адам әрқашан жадырап жүретіндігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет