Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
қорытындысы туралы № 37 хаттама
2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-аналитикалық, социологиялық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алу
Астана қ.
|
2013 жылғы 1 қараша сағат 10:00
|
1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 103 «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашлығы министрлігінің ақпараттық-аналитикалық, социологиялық, нормативтік әдістемелік қамтамасыз ету» шеңберінде 2013 жылға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-аналитикалық, социологиялық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.
2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 14 285 714,27 (он төрт миллион екі жүз сексен бес мың жеті жүз он төрт) теңге жиырма жеті тиын (ҚҚС-сыз) оның ішінде:
- Басқа да топтамаларға қосылмаған, мал шаруашылығы саласындағы қызметтердің Каспий теңізінде арқан балықты қапастық өсірудің ұсыныстарын әзірлеу тақырыбы бойынша - 5 357 142,85 тенге;
- Балық шаруашылығы саласындағы нормативтерді әзірлеу жөніндегі қызметтердің Негізгі технологиялық кезеңдері бойынша каспий арқан балығын теңіз қапастық шаруашылықтары жағдайында өсіруге технологиялық нормативі тақырыбы бойынша - 4 464 285,71 тенге;
- Балық шаруашылығы саласындағы нормативтерді әзірлеу жөніндегі қызметтердің Каспий арқан балығын индустриалдық шаруашылықтарда негізгі технологиялық кезеңдері бойынша сумен қамтамасыз етудің тұйық әдісін қолданып өсіру технологиялық нормативі - 4 464 285,71 тенге.
3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2013 жылғы 23 қазандағы
№ 12-4/519 бұйрығының және Мал шаруашылығы департаменті 2013 жылғы 10 қазандағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.
4. «BEM Appraisal» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:
- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- Операциялық бөлім бастығы Ж. Ошақбаеваның қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Казкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалы банкінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 15250/3765 анықтамасының түпнұсқасы;
- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2013 жылғы 7 қазандағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша Салық комитетінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2013 жылғы 9 қазандағы анықтамасының түпнұсқасы;
- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.
Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:
- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;
- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;
- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.
5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «BEM Appraisal» ЖШС, Астана қ., Иманова,7 және сол шарттың бағасы 14 285 584 (он төрт миллион екі жүз сексен бес мың бес жүз сексен төрт) теңге (ҚҚС-сыз) оның ішінде:
- Басқа да топтамаларға қосылмаған, мал шаруашылығы саласындағы қызметтердің Каспий теңізінде арқан балықты қапастық өсірудің ұсыныстарын әзірлеу тақырыбы бойынша – 5 357 050 теңге;
- Балық шаруашылығы саласындағы нормативтерді әзірлеу жөніндегі қызметтердің Негізгі технологиялық кезеңдері бойынша каспий арқан балығын теңіз қапастық шаруашылықтары жағдайында өсіруге технологиялық нормативі тақырыбы бойынша – 4 464 267 теңге;
- Балық шаруашылығы саласындағы нормативтерді әзірлеу жөніндегі қызметтердің Каспий арқан балығын индустриалдық шаруашылықтарда негізгі технологиялық кезеңдері бойынша сумен қамтамасыз етудің тұйық әдісін қолданып өсіру технологиялық нормативі – 4 464 267 теңге.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2013 жылғы 23 қазандағы № 12-4/519 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
1) 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-аналитикалық, социологиялық, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Иманова көшесі, 7, мекен-жайы бойынша орналасқан «BEM Appraisal» ЖШС-нен сатып алынсын.
2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мал шаруашылығы департаменті 2013 жылғы « 8 » қарашаға дейін «BEM Appraisal» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.
3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
ҚР АШМ Жауапты хатшысының м.а
|
Ж.Е. Аманбаев
|
Мал шаруашылығы департаменті
|
М. Б. Бақтыбаев
|
Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы
|
Г. Ж. Баймаханова
|
Приложение к протоколу об итогах
Экспертное заключение
по предлагаемым потенциальными поставщиками
услуг на соответствие требованиям технической спецификации
конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
от 19.09.2013г. №12-4/431
рассмотрев техническую спецификацию потенциального поставщика, представленные по государственным закупкам услуг по информационно-аналитическому, социологическому, нормативно-методическому обеспечению Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в 2013 году, способом из одного источника, РЕШИЛА:
Лот 1. Техническая спецификация к теме «Разработать рекомендации по развитию садкового товарного рыбоводства лососевых в Каспийском море»
Лот 4. Техническая спецификация к теме «Рыбоводный технологический норматив по выращиванию каспийского лосося в морских садковых хозяйствах по основным технологическим этапам»
Лот 8. Техническая спецификация к теме «Рыбоводный технологический норматив по выращиванию каспийского лосося в индустриальных хозяйствах с использованием установок замкнутого водоснабжения по основным технологическим этапам»
ТОО «BEM Appraisal»
Рассмотрев техническую спецификацию:
1. выполнение работ, их актуальность;
2. практическая значимость;
3. цель проекта;
4. новизна работы;
5. организационная обеспеченность исследований;
6. календарный план соответствует по срокам техническому заданию;
Вывод: Техническая спецификация, предоставленная ТОО «BEM Appraisal» – соответствует необходимым характеристикам поставщика участвующего в конкурсе по государственным закупкам.
Руководитель экспертной
комиссии: Абуов Ермек Ергазиевич
Член экспертной комиссии: Хайруллин Алим Абылкадырович
Член экспертной комиссии: Ильясов Ерлан Темиржанович
30.10.2013 г
Достарыңызбен бөлісу: |