Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



Дата29.02.2016
өлшемі168 Kb.
#34090


Қазақстан Республикасы

Қаржы Министрінің

2014 жылғы «25» желтоқсандағы

№ 587 бұйрығына

73-қосымша
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (920.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (920.00-нысан) (бұдан әрі


– Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және бірыңғай жер және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақыны, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақыны, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеуге арналған бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (920.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (920.01-ден 920.02-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) декларация қағаз түрінде келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште


– салық төлеуші пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

13. Қосымшаның «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

 
2. Декларацияны жасау (920.00-нысан)

 

14. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:



1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі);

2) салық төлеушінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және шаруа немесе фермер қожалығының атауы (ол болған кезде) көрсетіледі.

Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған жағдайда жолда сенімді басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) декларация түрі. Тиісті торкөздер Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне декларацияны жатқызу ескеріле отырып, белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні. А немесе В торкөздері Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;

6) салық төлеуші санаты.

Торкөздер, егер салық төлеуші А немесе В жолда көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді;

7) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі


№ 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;

8) тиісті торкөзде табыс етілген қосымшалардың саны.

15. «Бірыңғай жер салығын есептеу» деген бөлімде:

1) 920.00.001 А жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа немесе фермер қожалығында бар егiстiктердің ауданы көрсетіледі.

920.00.001 В жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа немесе фермер қожалығында бар жайылымдардың, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелерінің жиынтық ауданы көрсетіледі.

Егер жиынтық ауданының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

2) 920.00.002 А жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа немесе фермер қожалығында бар егістіктердің жиынтық бағалау құны көрсетіледі.

920.00.002 В жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа немесе фермер қожалығында бар жайылымдардың, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелерінің жиынтық бағалау құны көрсетіледі;

Егер жиынтық бағалау құнының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

3) 920.00.003 А жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа немесе фермер қожалығында бар егістіктер бойынша бірыңғай жер салығының есептелген сомасы көрсетіледі.

920.00.003 В жолында салық кезеңі үшін бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша шаруа немесе фермер қожалығында бар жайылымдар, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелері бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі;

4) 920.00.004 жолында 920.00.004 А және 920.00.004 В жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін шаруа немесе фермер қожалығында бар егістіктер мен жайылым, табиғи шабындық және басқа да жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша есептелген бірыңғай жер салығы сомасының жалпы сомасы көрсетіледі.

Бұл ретте 920.00.004 жолының сомасы 920.00.005 А және
920.00.005 В жолдарының сомасына тең келеді.

920.00.004 А жолында 920.01 барлық нысандары бойынша


920.01.007 жолының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін егістіктің орналасқан орны бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі.

920.00.004 В жолында 920.01 барлық нысандары бойынша


920.01.014 жолының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін егістіктің, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі;

5) 920.00.005 А жолында ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанға дейін салық кезеңі үшін және ағымдағы салық кезеңі үшін


10 қарашасынан кешіктірмей, жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының есептелген сомасы көрсетіледі.

920.00.005 В жолында салық кезеңінің 1 қазанынан


31 желтоқсанына дейін салық кезеңі үшін есептелген және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмейтін мерзімде жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі.

920.00.005 А және 920.00.005 В жолдарының сомасы 920.00.004 жолының сомасына тең.

16. «Әлеуметтік салықты есептеу» деген бөлімде:

1) 920.00.006 жолының А бағанында салық кезеңінің әрбір айы үшін шаруашылық басшысын және кәмелетке толған мүшелерін қоса алғанда, шаруашылық мүшелерінің саны көрсетіледі;

2) 920.00.006 жолының В бағанында салық кезеңінің әрбір айы үшін шаруашылық қызметкерлерінің саны көрсетіледі;

3) 920.00.006 жолының С бағанында әрбір айы үшін:

Салық кодексінің 445-бабында белгіленген әлеуметтік салық ставкасына 920.00.006 жолының А және В бағандары сомаларының туындысы ретінде айқындалатын салық кезеңінің әрбір айы үшін әлеуметтік салықтың есептелген сомасы;

«Салық кезеңі үшін барлығы» жолында есептелген, салық кезеңінің барлық айлары үшін 920.00.006 жолы С бағанының көрсеткіштерін қосумен айқындалатын әлеуметтік салықтың қорытынды сомасы көрсетіледі;

4) 920.00.007 А жолында ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын шаруашылық басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің 445-бабына сәйкес бұл жол салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген әлеуметтік салықтың сомасы мен 920.00.015 А және 920.00.019 А жолдарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

920.00.007 В жолында есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің


10 сәуірінен кешіктірмей жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын шаруашылық басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік салықтың сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің 445-бабына сәйкес бұл жол салық кезеңінің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін есептелген әлеуметтік салықтың сомасы мен 920.00.015 В және
920.00.019 В жолдардың сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге теңеледі.

17. «Жеке тұлғалардың жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде:

1) 920.00.008, 920.00.008 I, 920.00.008 II жолдарында Салық кодексінің 160-бабына сәйкес төлем көзіне салынатын, салық кезеңі үшін салық агенті есептеген табыстардың сомасы көрсетіледі. 920.00.008 жол 920.00.008 I және 920.00.008 II жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

Бұл ретте, 920.00.008 I жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап
1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.008 II жолында салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін салық агенті есептеген төлем көзінен салық салынатын табыстардың сомасы көрсетіледі;

2) 920.00.008 А, 920.00.008 А I, 920.00.008 А II жолдарында салық кезеңі үшін қызметкерлерге есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі.

920.00.008 А жолының сомасы 920.00.008 А I және 920.00.008 А II жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

Бұл ретте, 920.00.008 А I жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап


1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.008 А II жолында салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін қызметкерлерге есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

3) 920.00.008 В, 920.00.008 В I, 920.00.008 В II жолдарында салық кезеңі үшін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі.

920.00.008 В жолының сомасы 920.00.008 В I және 920.00.008 В II жолдарының сомасы ретінде айқындалады және 920.00.008 жолының сомасына қосылады.

Бұл ретте, 920.00.008 В I жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап


1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.008 В II жолында 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрінде есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

4) 920.00.009, 920.00.009 А, 920.00.009 В жолдарында салық кезеңі үшін жеке тұлғаларға есептелген табыстардан есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі. 920.00.009 жолының сомасы 920.00.009 А және


920.00.009 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

Бұл ретте, 920.00.009 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап


1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.009 В жолында салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

5) 920.00.010 жолында міндетті, ерікті зейнетақыны және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын, сақтандыру сыйлықақыларын және жеке табыс салығын есептемегенде, салық кезеңінің соңына салық агенті жеке тұлғаларға есептеген, бірақ төлемеген табыстар бойынша берешек сомасы көрсетіледі. 920.00.010 жолының сомасы 920.00.010 А және 920.00.010 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

Бұл ретте, 920.00.010 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап
1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.010 В жолында салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін салық агенті жеке тұлғаларға есептеген, бірақ төлемеген табыстар бойынша берешектердің сомасы көрсетіледі;

6) 920.00.011, 920.00.011 А, 920.00.011 В жолдарында салық кезеңі үшін жеке тұлғаларға төленген табыстардың сомасы көрсетіледі.

920.00.011 жолы 920.00.011 А және 920.00.011 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

Бұл ретте, 920.00.011 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап


1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.011 В жолында салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға төленген табыстар көрсетіледі;

7) 920.00.012, 920.00.012 А, 920.00.012 В жолдарында жеке тұлғаларға


– Қазақстан Республикасы азаматтарына төленген табыстардан алынатын және салық кезеңі үшін бюджетке аударуға жататын есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі.

920.00.012 жолы 920.00.012 А және 920.00.012 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

920.00.012 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап
1 қазанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға – Қазақстан Республикасы азаматтарына төленген табыстардан алынатын және ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі.

920.00.012 В жолында салық кезеңінің 1 қазанынан бастап


31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға – Қазақстан Республикасы азаматтарына төленген табыстардан алынатын және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмей жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

8) 920.00.013, 920.00.013 А, 920.00.013 В жолдарында Салық кодексінің 189, 190-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті және резиденті емесі болып табылатын жеке тұлғаларға – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан алынатын және салық кезеңі үшін бюджетке аударуға жататын есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі.

920.00.013 жолы 920.00.013 А және 920.00.013 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

920.00.013 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан алынатын және ағымдағы салық кезеңінің


10 қарашасынан кешіктірмей жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі.

920.00.013 В жолында 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғаларға – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға төленген табыстардан алынатын және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің


10 сәуірінен кешіктірмей бюджетке төлеуге жататын есептелген жеке табыс салығының сомасы көрсетіледі;

9) 920.00.014, 920.00.014 А, 920.00.014 В жолдарында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) сәйкес салық кезеңі үшін табыстар түрінде жеке тұлғаларға төленетін жұмыс берушінің шығыстары көрсетіледі.

Бұл ретте 920.00.014 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап
1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.014 В жолында салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін жұмыс беруші шығыстарының сомасы көрсетіледі.

Әлеуметтік аударымдар Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңда белгіленген мөлшерде әлеуметтік аударымдар есептеу объектісінен жүргізіледі. Әлеуметтік аударымдарды есептеуге қабылданатын ай сайынғы табыс Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі еңбекақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

10) 920.00.015, 920.00.015 А, 920.00.015 В жолдарында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес есептелген, салық кезеңі үшін әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.

920.00.015 жолы 920.00.015 А және 920.00.015 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

920.00.015 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген және ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі.

920.00.015 В жолында салық кезеңінің 1 қазанынан бастап


31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін есептелген және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмей бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі;

11) 920.00.016, 920.00.016 А, 920.00.016 В жолдарында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

920.00.016 жолы 920.00.016 А және 920.00.016 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

Бұл ретте 920.00.016 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап


1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.014 В жолында салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын (есептелетін) жеке тұлғаларға есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

12) 920.00.017, 920.00.017 А, 920.00.017 В жолдарында жеке тұлғалардың төленген табыстарынан есептелген және Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

920.00.017 жолы 920.00.017 А және 920.00.017 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

920.00.017 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғалардың төленген табыстарынан есептелген және салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

920.00.017 В жолында салық кезеңінің 1 қазанынан бастап
31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін жеке тұлғалардың төленген табыстарынан есептелген және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

13) 920.00.018, 920,00,018 А, 920.00.018 В жолдарында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;

14) 920.00.019, 920,00,019 А, 920.00.019 В жолдарында салық кезеңі үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын қызметкерлердің сомасынан ес ептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналар сомасы көрсетіледі.

18. «Шаруашылық басшысы мен кәмелетке толғандарды қоса алғанда, оның мүшелері үшін әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде:

1) 920.00.020, 920.00.020 А және 920.00.020 В жолдарында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға сәйкес әлеуметтік аударымдар есептелетін шаруашылық басшысы мен мүшелерінің табыстары көрсетіледі.

920.00.020 жолы 920.00.020 А және 920.00.020 В жолдарының сомасына тең.

920.00.020 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.020 В жолында салық кезеңінің 1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін шаруашылық басшысы мен мүшелерінің табыстары көрсетіледі;

2) 920.00.021, 920.00.021 А және 920.00.021 В жолдарында Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңына сәйкес айқындалатын салық кезеңі үшін шаруашылық басшысы мен мүшелері үшін әлеуметтік аударымдардың сомасы көрсетіледі.

920.00.021 жолы 920.00.021 А және 920.00.021 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

920.00.021 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген және салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі.

920.00.021 В жолында салық кезеңінің 1 қазанынан бастап
31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін есептелген және есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмей төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар сомасы көрсетіледі;

3) 920.00.022, 920.00.022 А және 920.00.022 В жолдарында Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын (есептелетін) шаруашылық басшысы мен мүшелеріне есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

920.00.022 жолы 920.00.022 А және 920.00.022 В жолдарының сомасына тең.

Бұл ретте, 920.00.022 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап


1 қазанына дейінгі кезең үшін, ал 920.00.022 В жолында 1 қазанынан бастап
31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын (есептелетін) шаруашылық басшысы мен мүшелеріне есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

4) 920.00.023, 920.00.023 А және 920.00.023 В жолдарында шаруашылық басшысы мен мүшелерінің төленген табыстарынан есептелген және Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес салық кезеңі үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;

920.00.023 жолы 920.00.023 А және 920.00.023 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады.

920.00.023 А жолында салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейінгі кезең үшін шаруашылық басшысы мен мүшелерінің төленген табыстарынан есептелген және салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі;

920.00.023 В жолында салық кезеңінің 1 қазанынан бастап
31 желтоқсанына дейінгі кезең үшін шаруашылық басшысы мен мүшелерінің төленген табыстарынан есептелген және салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің 10 сәуірінен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

19. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жауапкершілігі» деген бөлімде:

1) «Салық төлеушінің (басшысының) Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер декларацияны жеке тұлға табыс еткен жағдайда, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) декларацияның тапсырылған күні.

Декларацияның мемлекеттік кірістер органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

Жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды.

Жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтарды тіркеу туралы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып танылады;

5) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

6) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларация табыс етілген күн көрсетіледі;

7) құжаттың кіріс нөмірі.

мемлекеттік кірістер органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

8) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

 
3. Бірыңғай жер салығы – 920.01-нысанын жасау

 

20. 920.01-нысаны салық кезеңі үшін:



жеке меншік, жалға берілген жер учаскесі бойынша алғашқы жер пайдалану құқығындағы;

қайталама жер пайдалану құқығындағы әрбір жер учаскесі бойынша бірыңғай жер салығын есептеу туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

Салық төлеушіде әртүрлі көрсеткіштері (иелік ету кезеңдері; жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттары және тағы сол сияқты) бар жер учаскелері болған кезде әрбір жер учаскесі бойынша 920.01-нысаны бойынша бөлек қосымша толтырылады.

21. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде 3-жолда жер учаскесіне құқықтың тиісті түріне сәйкес торкөз толтырылады.

22. «Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу» деген бөлімде:

1) 920.01.001 жолында егістікті нақты пайдалану жүргізілетін орын бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

2) 920.01.002 жолында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес егістіктің кадастрлық нөмірі көрсетіледі;

3) 920.01.003 жолында егістіктің ауданы гектарда көрсетіледі.

Егер жиынтық ауданының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

4) 920.01.004 жолында жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісінің деректеріне сәйкес егістіктің бағалау құны көрсетіледі.

Бұл акті болмаған жағдайда, 920.01.004 жолында Салық кодексінің
441-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалған егістіктің бағалау құны көрсетіледі.

Егер жиынтық бағалау құнының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

5) 920.01.005 жолында салық кезеңі ішінде егістікті пайдалану (иелік ету) айының саны көрсетіледі;

6) 920.01.006 жолында (920.01.003/920.00.001 А х 100) формуласы бойынша айқындалатын егістіктің жиынтық ауданынан жер учаскесінің үлес салмағы көрсетіледі;

Егер үдлес салмағының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

7) 920.01.007 жолында (910.00.003А х 910.01.006) формуласы бойынша айқындалатын салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын егістік бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі;

2011 жылға (салық кезеңі) бюджетке төленуге жататын егістік бойынша бірыңғай жер салығының сомасын есептеу мысалдары.

1-мысал. Егер бірыңғай жер салығын төлеушіде Қазақстан Республикасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын бір «егістік» жер учаскесі болған жағдайда:



Р/с №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы (гектар)

Жер учаскесінің бағалау құны (млн. теңгеде)

2011 жылы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі (айлар)

Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде)

1.

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын атындағы аудан

700 га

21,0

6 ай

10,5 млн. теңге

(21,0/12х6)



Жиыны:

 

700га (жиынтық ауданы)

 

 

10,5 млн. теңге (жиынтық бағалау құны)

 Жиынтық ауданы (700 га) негізге алына отырып, Салық кодексінің
444-бабы 1-тармағына сәйкес бірыңғай жер салығының ставкасы:
500 гектардан жиынтық бағалау құнының 0,1% + 500 гектардан асатын гектарлардан жиынтық бағалау құнының 0,2% құрайды. Есептейміз:

500 гектардан жиынтық бағалау құны: 7,5 млн. теңге ((10,5 млн. теңге


х 500 га)/700 га);

500 гектардан асатын гектарлардан жиынтық бағалау құны: 3,0 млн. теңге ((10,5 млн. теңге х (700 га – 500 га))/700 га), мұнда


(700 га – 500 га) – асып кетуі;

жер учаскесінің орналасқан жері бойынша 2009 жыл үшін бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 13,5 мың теңге


((0,1% х 7,5 млн. теңге) + (0,2% х 3,0 млн. теңге)).

2-мысал. Егер бірыңғай жер салығын төлеушіде Қазақстан Республикасының бір өңірінің түрі аудандарында ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын екі «егістік» жер учаскесі болған жағдайда:



 Р/с №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы (гектар)

Жер учаскесінің бағалау құны (млн. теңгеде)

2011 жылы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі (айлар)

Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде)

1.

Ақмола облысы, Есіл ауданы

800 га

16,0

9 ай

12,0 млн. теңге (16,0 / 12 х 9), мұнда 12 – бір жылдағы айлар саны

2.

Ақмола облысы, Жақсы ауданы

1200 га

24,0

12 ай

24,0 млн. теңге (24,0 / 12 х 12)

Жиыны:

 

2000 га (жиынтық ауданы)

 

 

36,0 млн. теңге (жиынтық бағалау құны)

2 жер учаскесінің жиынтық ауданы (2 000 га) негізге алына отырып, Салық кодексінің 444-бабының 1-тармағына сәйкес бірыңғай жер салығының ставкасы: 1500 гектардан жиынтық бағалау құнының 0,3% + 1500 гектардан асатын гектарлардан бағалау құнының 0,4 % құрайды. Есептейміз:

1 500 гектардан жиынтық бағалау құны: 27,0 млн. теңге ((36,0 млн. теңге х 1 500 га) / 2 000 га);

1 500 гектардан асатын гектарлардан жиынтық бағалау құны: 9,0 млн. теңге ((36,0 млн. теңге х (2 000 га – 1 500 га))/2 000 га), мұнда (2 000 га – 1 500 га) – асып кетуі;

бірыңғай жер салығын төлеушіде бар екі жер учаскесі бойынша 2010 жыл үшін бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 117,0 мың теңге ((0,3 % х 27,0 млн. теңге) + (0,4 % х 9,0 млн. теңге)).

Салық кодексінің 447-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органына 920.00-нысаны бойынша декларацияны тапсыру және бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша жүргізілетіндіктен, бірыңғай жер салығының есептелген жалпы сомасынан (117,0 мың теңге) әрбір жер учаскесінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасын есептейміз:

2010 жыл үшін ауданы 800 гектар болатын жер учаскесі бойынша Ақмола облысы Есіл ауданының бюджетіне төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 46,8 мың теңге (117,0 мың теңге х 40 % (800 га / 2 000 га х 100)), мұнда 2 000 га – жер учаскесінің жиынтық ауданы;

2010 жыл үшін ауданы 1 200 гектар болатын жер учаскесі бойынша Ақмола облысы Жақсы ауданының бюджетіне төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 70,2 мың теңге (117,0 мың теңге х 60 % (1 200 га / 2 000 га х 100)).

3-мысал. Егер бірыңғай жер салығын төлеушіде Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын үш «егістік» жер учаскесі болған жағдайда:



Р/с №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы (гектар)

Жер учаскесінің бағалау құны (млн. теңгеде)

2011 жылы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі (айлар)

Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде)

1.

Қостанай облысы, Қамысты ауданы

1 600 га

64,0

8 ай

42,7 млн. теңге (64,0 / 12 х 8), мұнда 12 – бір жылдағы айлар саны

2.

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын атындағы аудан

700 га

21,0

6 ай

10,5 млн. теңге (21,0 / 12 х 6)

3.

Ақмола облысы, Жақсы ауданы

1200 га

24,0

12 ай

24,0 млн. теңге (24,0 / 12 х 12)

Жиыны:

 

3 500 га (жиынтық ауданы)

 

 

77,2 млн. теңге (жиынтық бағалау құны)

3 жер учаскесінің жиынтық ауданы (3 500 га) негізге алына отырып, Салық кодексінің 444-бабы 1-тармағына сәйкес бірыңғай жер салығының ставкасы: 3000 гектардан жиынтық бағалау құнының 0,4% + 3000 гектардан асатын гектарлардан жиынтық бағалау құнының 0,5% құрайды. Есептейміз:

3000 гектардан жиынтық бағалау құны: 66,2 млн. теңге ((77,2 млн. теңге х 3 000 га)/3 500);

3000 гектардан асатын гектарлардан жиынтық бағалау құны: 11,0 млн. теңге ((77,2 млн. теңге х (3 500 га – 3 000 га)) / 3 500 га), мұнда (3 500 га – 3 000 га)– асып кетуі;

бірыңғай жер салығын төлеушіде бар үш жер учаскесі бойынша 2011 жыл үшін бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 319,8 мың теңге ((0,4 % х 66,2 млн. теңге) + (0,5 % х 11,0 млн. теңге)).

Салық кодексінің 447-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына 920.00-нысаны бойынша декларацияны тапсыру және бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша жүргізілетіндіктен, бірыңғай жер салығының есептелген жалпы сомасынан (319,8 мың. теңге) әрбір жер учаскесінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасын есептейміз:

2011 жыл үшін ауданы 1 600 гектар болатын жер учаскесі бойынша Қостанай облысының (Қамысты ауданы) бюджетіне төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 146,1 мың теңге (319,8 мың теңге х 45,7 % (1 600 га / 3 500 га х 100)), мұнда 3 500 га – жер учаскесінің жиынтық ауданы;

2010 жыл үшін ауданы 700 гектар болатын жер учаскесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының (Шал ақын ауданы) бюджетіне төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 64,0 мың теңге (319,8 мың теңге х 20 % (700 га / 3 500 га х 100));

2010 жыл үшін ауданы 1200 гектар болатын жер учаскесі бойынша Ақмола облысының (Жақсы ауданы) бюджетіне төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 109,7 мың теңге (319,8 мың теңге х 34,3 % (1 200 га/3 500 га х 100)).

23. «Жайылымдар, табиғи шабындықтар және басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу» деген бөлімде:

1) 920.01.008 жолында жер учаскесін нақты пайдалану жүргізілетін орын бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

2) 920.01.009 жолында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық нөмірі көрсетіледі;

3) 920.01.010 жолында жер учаскесінің ауданы гектарда көрсетіледі.

Егер жиынтық ауданының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

4) 920.01.011 жолында жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісінің деректеріне сәйкес жер учаскесінің бағалау құны көрсетіледі.

Бұл акті болмаған жағдайда, бұл жолда Салық кодексінің
441-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 1 гектар жердiң аудан бойынша орташа бағалау құны негiзге алына отырып айқындалған жер учаскесінің бағалау құны көрсетіледі.

Егер жиынтық бағалау құнының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

5) 920.01.012 жолында салық кезеңі ішінде жер учаскесін пайдалану (иелік ету) айының саны көрсетіледі;

6) 920.01.013 жолында (920.01.009/920.00.001 В х 100) формуласы бойынша айқындалатын жайылымдардың, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелерінің жиынтық ауданынан жер учаскесінің үлес салмағы көрсетіледі.

Егер үдлес салмағының мөлшері орташа саны 0,5–тен және одан жоғары бөлшек санды құраса, онда мұндай сан толық бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, ал 0,5-тен төмен сан құраса дөңгелектеуге жатпайды;

7) 920.01.014 жолында 920.01.017 жолында (910.00.003 В х 910.01.013) формуласы бойынша айқындалатын, салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын жайылымдар, табиғи шабындықтар мен басқа да жер учаскелері бойынша есептелген бірыңғай жер салығының сомасы көрсетіледі.

Егер бірыңғай жер салығын төлеушіде Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінде шабындыққа немесе жануарларды жаюға жүйелі пайдаланатын екі жер учаскесі болған жағдайда, 2011 жыл үшін (салық кезеңі) бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығы сомасын есептеу мысалы:

Р/с №

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы (гектар)

Жер учаскесінің бағалау құны (млн. теңгеде)

2010 жылы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі (айлар)

Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін бағалау құны (млн. теңгеде)

1.

Ақмола облысы Жақсы ауданы

1 200 га

24,0

12 ай

24,0 млн. теңге (24,0 / 12 х 12)

2.

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын атындағы аудан

700 га

21,0

6 ай

10,5 млн. теңге (21,0 / 12 х 6)

Жиыны:

 

1 900 га (жиынтық ауданы)

 

 

34,5 млн. теңге (жиынтық бағалау құны)

 2 жер учаскесінің жиынтық ауданы (1 900 га) негізге алына отырып, Салық кодексінің 444-бабы 1-тармағына сәйкес бірыңғай жер салығының ставкасы: жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,1% құрайды. Есептейміз:

бірыңғай жер салығын төлеушіде бар екі жер учаскесі бойынша 2011 жыл үшін бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 34,5 мың теңге (0,1 % х 34,5 млн. теңге).

Салық кодексінің 447-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына 920.00-нысаны бойынша декларацияны тапсыру және бірыңғай жер салығын төлеу жер учаскелерінің орналасқан орны бойынша жүргізілетіндіктен, бірыңғай жер салығының есептелген жалпы сомасынан (34,5 мың теңге) әрбір жер учаскесінің орналасқан орны бойынша бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасын есептейміз:

2010 жыл үшін ауданы 1 200 гектар болатын жер учаскесі бойынша Ақмола облысының (Жақсы ауданы) бюджетіне төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 21,7 мың теңге (34,5 мың теңге х 63 % (1 200 га / 1 900 га х 100).

2010 жыл үшін ауданы 700 гектар болатын жер учаскесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының (Шал ақын ауданы) бюджетке төлеуге жататын бірыңғай жер салығының сомасы: 12,8 мың теңге (34,5 мың теңге х 37 % (700 га / 1 900 га х 100)).

4. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы – 920.02-нысанын жасау

 

24. 920.02-нысан салық кезеңі (жыл) үшін арнайы су пайдаланудың әрбір түрі бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомаларының есептелгені туралы ақпаратты көрсетуге арналған.



25. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде:

1) 3-жолдың А және В торкөздері арнайы су пайдалануға рұқсат құжаты болған кезде толтырылады;

2) 4-жолда арнайы су пайдалану түрі көрсетіледі;

Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген арнайы су пайдалану түріне қарай бір торкөз белгіленеді;

3) 5-жолда рұқсат құжатында көрсетілген арнайы су пайдалануды жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі.

4) 6-жолда су пайдалануды өлшеу бірлігі.

«Арнайы су пайдалану түрі» жолында көрсетілген жүргізілетін арнайы су пайдалануды өлшеу бірлігінің тиісті торкөзі белгіленеді.

26. «Төлемақы есептеу үшін су пайдалану көлемі туралы мәліметтер» деген бөлімде 6-жолда көрсетілген су пайдаланудың өлшем бірлігінде толтырылады.

1) 920.02.001 жолында белгіленген су пайдалану лимиті көрсетіледі;

2) 920.02.002 жолында салық кезеңі үшін белгіленген лимит шегінде арнайы су пайдаланудың нақты көлемі көрсетіледі;

3) 920.02.003 жолында салық кезеңі үшін белгіленген лимиттен жоғары арнайы су пайдаланудың нақты көлемі көрсетіледі.

27. «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы есептеу үшін белгіленген ставкалар туралы мәліметтер» деген бөлімде:

1) 920.02.004 жолында Салық кодексінің 487-бабы 1-тармағына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органы белгілеген лимит шегінде жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы көрсетіледі;

2) 920.02.005 жолында Салық кодексінің 487-бабы 2-тармағына сәйкес белгіленген төлемақы ставкасы (920.02.004) бес есеге ұлғайта отырып айқындалатын жер үсті көздерінің су ресурстарын белгіленген лимиттен жоғары пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы көрсетіледі.

28. «Бюджетке төленуі тиіс жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу» деген бөлімде:

1) 920.02.006 жолында 920.02.002 және 920.02.004 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын белгіленген лимит шегінде жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомасы көрсетіледі;

2) 920.02.007 жолында 920.02.003 және 920.02.005 жолдарының туындысы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын белгіленген лимиттен жоғары жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының есептелген сомасы көрсетіледі;

3) 920.02.008 жолында белгіленген лимит шегінде (920.02.006) және белгіленген лимиттен жоғары (920.02.007) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін бюджетке төлеуге жататын есептелген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының жалпы сомасы көрсетіледі.

920.02.008 А жолында ағымдағы салық кезеңінің 10 қарашасынан кешіктірмей бюджетке төлеуге жататын салық кезеңінің 1 қаңтарынан бастап
1 қазанына дейінгі кезең үшін есетелген төлемақы сомасы көрсетіледі.

920.02.008 В жолында есепті салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінің


10 сәуірінен кешіктірмей бюджетке төлеуге жататын салық кезеңінің
1 қазанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңі үшін есептелген төлемақы сомасы көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет