БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
Кусаева Н.С. – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономика магистрі
Әлемдік тәжірибе бойынша кез келген мемлекет азаматтарды қартайған шағында бағып-қағу жөніндегі өзінің жауапкершілігін зейнетақымен қамсыздандырудың қосымша қаржы көздерін тарта отырып, жұмыс берушілермен және қызметкерлермен тікелей бірге көтереді. Солардың бірі – жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады.
Қазақстан Республикасы өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесін реформалау жұмысын бастады. Реформа нәтижесінде халықтан тартылған зейнетақы жарналарының есебінен өз активтерін қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды.
Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі пайда болған сәттен бастап зейнетақы қорлары тұрақты бәсекелестік жағдайында дамыды. Бастапқыда бұл оң нәтижелер әкелді: әлсіз қорлар нарықтан кетті. Қалғандары өзара бірігіп, өздерінің жұмыс бағытын күшейтіп, зейнетақы нарығында экспансияны жалғастыра берді.
2013 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің зейнетақы туралы заңнамасына өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді. Жүйені реформалаудың негізгі кезеңдерінің бірі – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және оған жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері мен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін беру болды. Еліміздің басшылығы ГНПФ негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы шешім қабылдады.
2013 жылдың 21 маусымында жаңа редакциядағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі БЖЗҚ зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асырады. Сонымен қатар, БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүктелген.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Келесі суретте «БЖЗҚ» АҚ-ның 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің динамикасы берілген (1-сурет).
Сурет 1. «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерінің динамикасы, млрд. теңге
Суреттен көріп отырғанымызыдай, есепті кезеңде қордың зейнетақы активтерінің көлемі өскен. 2011 жылы активтер көлемі 478,1 млрд. теңге болса, 2012 жылы 146,4 млрд. теңгеге артып, 624,5 млрд. теңге болды. 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 799,1 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 652,7 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 27701 млрд. теңгені құрады. Есепті кезеңде зейнетақы активтерінің өсуін жинақтаушы зейнетақы қорлары активтерінің берілуімен түсіндіруге болады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Республика» ЖЗҚ» АҚ және «Отан» АЖЗҚ» АҚ, «Капитал» ЖЗҚ» АҚ және «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ бойынша зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға берілген болатын.
Келесі кестеде зейнетақы активтерінің жиынтық көлемін бөлу бойынша мәліметтері берілген (1-кесте).
Кесте 1
Зейнетақы активтерінің жиынтықты көлемін бөлу
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2013/ 2012 өзгерісі,%
|
Сомасы
|
Үлесі,%
|
Сомасы
|
Үлесі,%
|
Сомасы
|
Үлесі,%
|
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ
|
877,9
|
33,1
|
1062,6
|
33,3
|
1235,2
|
33,1
|
16,2
|
«БЖЗҚ» АҚ
|
478,1
|
18,0
|
624,5
|
19,6
|
1277,2
|
34,2
|
2,0 есе
|
«Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ
|
413,0
|
15,6
|
401,6
|
12,6
|
442,2
|
11,8
|
10,1
|
«ГРАНТУМ ЖЗҚ» АҚ
|
243,3
|
9,2
|
305,0
|
9,6
|
347,4
|
9,3
|
13,9
|
«Астана» ЖЗҚ» АҚ
|
135,5
|
5,1
|
211,8
|
6,6
|
272,6
|
7,3
|
28,7
|
«Капитал» ЖЗҚ» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ ЕҰ
|
146,0
|
5,5
|
184,6
|
5,8
|
0,00
|
0,0
|
-
|
«МұнайГаз-Дем» ЖЗҚ» АҚ
|
105,2
|
4,0
|
141,0
|
4,4
|
161,2
|
4,3
|
14,3
|
«Нұрбанк» АҚ ЕҰ «Атамекен» ЖЗҚ АҚ
|
83,7
|
3,1
|
92,3
|
2,9
|
0,00
|
0,0
|
-
|
«Отан» АЖЗҚ» АҚ
|
77,0
|
2,9
|
85,5
|
2,7
|
0,00
|
0,0
|
-
|
«РЕСПУБЛИКА» ЖЗҚ» АҚ
|
69,6
|
2,6
|
79,4
|
2,5
|
0,00
|
0,0
|
-
|
«Индустриалды Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ
|
22,9
|
0,9
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Барлық ЖЗҚ бойынша жиынтығы:
|
2652,2
|
100,0
|
3188,3
|
100,0
|
3735,9
|
100,0
|
17,2
|
Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, жинақтаушы зейнетақы қорларының ішінде «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ 2011 және 2012 жылы зейнетақы активтерінің көлемі жөнінен сәйкесінше 33,1% (немесе 877,9 млрд. теңге) және 33,3% (немесе 1062,6 млрд.теңге) үлес салмақпен бірінші жайғасымда орналасқан. Ал 2013 жылы аталмыш жинақтаушы зейнетақы қоры 33,1% (немесе 1235,2 млрд. теңге) үлеспен екінші жайғасымға ауысты. Есепті кезеңде бірінші жайғасымда 34,2% (немесе 1277,2 млрд. теңге) «БЖЗҚ» АҚ орналасты. «БЖЗҚ» АҚ 2011 және 2012 жылдарда сәйкесінше 18,0% (немесе 478,1 млрд. теңге) және 19,6% (немесе 624,5 млрд. теңге) үлеспен екінші жайғасымда орналасқан болатын. «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері 2013 жылы 2 есеге артқан.
Жалпы жинақтаушы зейнетақы қорлары бойынша зейнетақы активтері 17,2%-ға ұлғайған.
Келесі кестеде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген ЖЗҚ зейнетақы активтерін ескере отырып, БЖЗҚ инвестициялық портфеліне талдау жасалынған (2-кесте).
Кесте 2
БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелі
Атауы
|
1.01.2014
|
Сомасы,
млрд. теңге
|
Үлесі,%
|
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде
|
641,6
|
51,1
|
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары
|
636,4
|
50,7
|
Ұлттық банктің ноттары
|
-
|
0,0
|
жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары
|
5,2
|
0,4
|
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
|
26,7
|
2,1
|
акциялар
|
8,7
|
0,7
|
облигациялар
|
18,0
|
1,4
|
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары
|
24,8
|
2,0
|
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары
|
21,7
|
1,7
|
Тазартылған алтын
|
57,8
|
4,6
|
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары
|
342,2
|
27,3
|
акциялар
|
43,1
|
3,7
|
облигациялар
|
299,1
|
23,8
|
шетел валютасында номирленген
|
57,1
|
4,6
|
теңгеде номирленген
|
242,0
|
19,3
|
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар
|
139,9
|
11,2
|
Туынды бағалы қағаздар
|
-
|
0,0
|
Жиынтығы
|
1254,7
|
100,0
|
Кестеден көріп отырғанымыздай бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына берілген жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін ескере отырып, БЖЗҚ инвестициялық портфелінде басым үлесті Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары 51,1%-бен және оның ішінде 50,7%-бен Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары иеленіп отыр. Үлесі жөнінен екінші жайғасымда Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 27,3%-бен және оның ішінде облигациялар 23,8%-бен орналасқан. Сонымен бірге үшінші жайғасымда 11,2% үлес салмақпен екінші деңгейдегі банктердегі салымдар орналасқан. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының портфеліне жасалынған талдау негізінде қордың инвестицияларды жасаудағы басымдығы отандық арналарда екендігін көре аламыз.
Келесі суретте БЖЗҚ инвестициялық портфелінің 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша инвестициялық портфелі құрылымының абсолютті динамикасы берілген (2-сурет).
Сурет 2. БЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымы, млрд. теңге
Суреттен көріп отырғанымыздай, БЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымында Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары 641,6 млрд. теңгені , Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 342,2 млрд. теңгені, екінші дейңгейдегі банктердегі салымдар 139,9 млрд. теңгені, тазартылған алтын 57,8 млрд. теңгені, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 26,7 млрд. теңгені, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары 24,8 млрд. теңгені және шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары 21,7 млрд. теңгені құрап отыр.
Жалпы 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфелінің көлемі 1 254,7 млрд. теңге болған.
Келесі кестеде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтықты меншікті активтерінің және капиталының құрылымы берілген (3-кесте).
Кесте 3
БЖЗҚ және ЖЗҚ-ның жиынтықты меншікті активтерінің және капиталының құрылымы, млрд. теңге
Көрсеткіштің атауы
|
01.01.2012
|
01.01.2013
|
01.01.2014
|
Өсімі,
%-бен
|
Активтердің жиынтығы, оның ішінде
|
93,6
|
107,3
|
89,6
|
-16,7
|
-бағалы қағаздар
|
53,8
|
60,6
|
38,4
|
-36,9
|
-«кері РЕПО» операциясы
|
2,9
|
1,8
|
12,8
|
7,1 есе
|
-орналастырылған салымдар (құнсыздануға резервтерді есептемегенде)
|
18,0
|
27,5
|
18,5
|
-32,7
|
-басқа да активтер
|
18,9
|
17,4
|
19,8
|
13,8
|
Капитал жиынтығы
|
85,5
|
101,3
|
85,6
|
-15,7
|
-оның ішінде, жарғылық капитал
|
49,7
|
53,2
|
53,2
|
0,0
|
Баланс бойынша міндеттемелер
|
8,1
|
6,0
|
4,0
|
-34,4
|
Кестеден байқап отырғанымыздай 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ және ЖЗҚ активтерінің жиынтығы өткен кезеңмен салыстырғанда 16,7%-ға азайып, 89,6 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде бағалы қағаздар көлемі 36,9%-ға және құнсыздануға резервтерді есептемегендегі орналастырылған салымдар көлемі 32,7%-ға қысқарып отыр. Сонымен қатар капитал жиынтығы да есепті кезеңде 15,7%-ға қысқарып, 85,6 млрд. теңгені құраса, баланс бойынша міндеттемелер көлемі де 34,4%-ға азайып, 4,0 млрд. теңгені құраған.
Елде жұмыс істеп тұрған зейнетақы жүйесін жетілдіру жүргізіліп жатқан реформаларға және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Сонымен, Қазақстан Республикасында соңғы реформаның нәтижесінде барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірілуі қажет. Осы ретте бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құрудың оң тұстары:
- Зейнетақы қорларын біріктіре отырып, зейнетақы активтерін сақтау және есептеумен байланысты операциялық, әкімшілік және филиалдық желілерді қамтуға жұмсалатын шығын түрлерін азайтуға қол жеткіземіз, соған сәйкес комиссиялық сыйақы мөлшері бірыңғай деңгейде қазіргі сыйақы мөлшерінен төмен болады;
- Мұнда қазіргі жинақтау зейнетақы жүйесі жұмыс істеп тұрған кезеңдегі зейнетақы активтерінің инвестициялаудан түскен табысы нақты уақытта аса тиімді, яғни инфляцияның жинақталған деңгейінен әлдеқайда асып түседі. Мысалға, өлшенген инвестициялық портфель бойынша 1998-2012 жыл аралығындағы жинақталған табыс деңгейі – 366,15% (консервативтік портфель бойынша – 356,07%), ал инфляцияның жинақталған мәні 236,31%-ды құрады;
- Зейнетақы салымдарын мемлекет экономиканың нақты секторына салу арқылы, экономикамен қатар инвестициялық табыстылықты ұлғайтуы мүмкін;
- Қаржылық дағдарыс жағдайында болған және ол біткен соң анықталған мәселе өз шешімін табады. Бұл кейбір, әсіресе ұсақ қорларда аффилирленген тұлғалармен жасалған келісімдерді айтуға болады. Қорлар аффилирленген компаниялардың құнды қазадарын сатып алған, және олар өз кезегінде дефолтқа ұшырап қорларға айтарлықтай шығындар әкелді, ал кейбір жағдайларда бұл аффилирленген компаниялар олардың акционерлерімен тығыз байланыста болды. Ал БЖЗҚ болған жағдайда, және оны үкімет немесе Ұлттық банк басқаратын болса мұндай кесімдер болмайтыны сөзсіз;
- Әртүрлі қорлар әртүрлі бағалау әдістерін қолдану жағдайы орын алған болатын. Нәтижесінде кейбір қорлар өзінің табыстылығын төмен көрсетіп, және осы жоғарылатылған табыстылық үшін өзіне салымшыларды тарту жағдайлары орын алыған. Ал БЖЗҚ болған жағдайда бірыңғай бағалай жүйесі болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ:
-
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы. ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің ресми сайты.//www.afn.kz
-
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайты.
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайты.// www.nationalbank.kz
Достарыңызбен бөлісу: |